Об утверждении Инструкции "Требования к бизнес-планам организаций, осуществляющих деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"3ейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың бизнес-жоспарларына қойылатын талаптар" нұсқаулығын бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.05.2003 № 177 (ҚР ӘМ мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күннен кейін күшіне енгізіледі) қаулысымен. Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының/жинақтаушы зейнетақы қорлары төлемдерiн алушыларының құқықтары мен мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында, " Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу кезiнде заңды тұлғаларға қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) 1997 жылғы 03 қазандағы N 156а қаулысының 2-тармағы 4) тармақшасын орындау үшiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 5-тармағы 13) және 22) тармақшаларының негiзiнде Ұлттық комиссияның (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бизнес-жоспарларына қойылатын талаптар" нұсқаулығы бекiтiлсiн (қоса берiлдi).
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастап не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң осы Қаулының тiркеуге жатпайтындығы туралы хаты алынған күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға ниет бiлдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
Тармақша 3
3) осы Қаулының және жоғарыда аталған Нұсқаулықтың орындалысына бақылау жасасын.
Басқа 7. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың бизнес-жоспарларына қойылатын ТАЛАПТАР
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы Директоратының 2000 жылғы 30 қазандағы N 702 қаулысымен бекiтiлдi Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың бизнес-жоспарларына қойылатын ТАЛАПТАР (Нұсқаулық) Осы Нұсқаулық "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу кезiнде заңды тұлғаларға қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 03 қазандағы N 156а қаулысының 2-тармағы 4) тармақшасын орындау үшiн әзiрлендi және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын немесе аталған қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдiрген ұйым үшiн:
Тармақша 1
1) оның бизнес-жоспарын (оның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметiн экономикалық негiздеу) жасаудың және өзгертудiң тәртiбiн;
Тармақша 2
2) оның бизнес-жоспарына қойылатын талаптарды белгiлейдi.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРТУ
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРТУ
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулықта қолданылған ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
Тармақша 1
1) "Компания" - зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания; немесе "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы, егер ол өзiнiң зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте дербес жүзеге асырған жағдайда; немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға ниет бiлдiрген ұйым;
Тармақша 2
2) "Ұлттық комиссия" - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы;
Тармақша 3
3) "Қор" - жинақтаушы зейнетақы қоры.
Тармақ 2
2. Компанияның бизнес-жоспарын:
Тармақша 1
1) оның атқарушы органы экономиканың, рыноктардың және Компанияның ағымдағы және перспективалық жай-күйiне талдау жасаудың негізiнде жасайды;
Тармақша 2
2) Компания акционерлерiнiң жалпы жиналысында бекiтiледi;
Тармақша 3
3) Ұлттық комиссиямен келiсуге жатады.
Тармақ 3
3. Компания акционерлерiнiң жалпы жиналысында бекiтiлген оның бизнес - жоспары келiсу үшiн әрқайсысы мынадай екi дәптерден тұратын (тiгiлген, Компанияның алқалы атқарушы органы мүшелерi (Компанияның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) қол қойған және оның мөрiмен расталған) екi данада Ұлттық комиссияға ұсынылады:
Тармақша 1
1) осы Нұсқаулықтың 8 және 9 тармақтарына сәйкес бизнес-жоспардың 1 және 2 бөлiмдерiнiң мәлiметтерi енгiзiлген дәптер;
Тармақша 2
2) Компания қызмет көрсететiн немесе онымен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарт жасасуға ниет бiлдiрген әрбiр жеке Қор бойынша осы Нұсқаулықтың 11-тармағына сәйкес бизнес-жоспардың 3-бөлiмiнiң мәлiметтерi енгiзiлген дәптер (егер 3-бөлiмнiң мәлiметтерiнде жекелеген Қорлар туралы ақпарат бар болған жағдайда);
Тармақша 3
3) осы Нұсқаулықтың 13-тармағына сәйкес бизнес-жоспардың 4-бөлiмiнiң мәлiметтерi енгiзiлген дәптер.
Тармақ 4
4. Бизнес-жоспардың Ұлттық комиссиямен келiсiлген бiр данасы оған берiледi, екiншi данасы Ұлттық комиссияда қалады. Компанияның бизнес-жоспарының Ұлттық комиссиямен келiсiлгендігінiң растамасы мыналардың бар болуы болып табылады:
Тармақша 1
1) бизнес-жоспардың әрбiр жеке дәптерiнiң сыртқы парағында: "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен келiсiлдi" жазбалар, Ұлттық комиссия Төрағасының немесе оның мiндетiн атқаратын Ұлттық комиссияның атқарушы директорының қолдары және бизнес-жоспар келiсiлген күндер;
Тармақша 2
2) бизнес-жоспардың әрбiр жеке дәптерiнiң соңғы парағының сыртында: Ұлттық комиссия мөрiнiң таңбасы (жартылай тiгістiң түйiнiне жапсырылған жапсырма қағазға жартылай параққа қойылған).
Тармақ 5
5. Компания өзiнiң қызметiн тек қана оның акционерлерiнiң жалпы жиналысында бекiтiлген және Ұлттық комиссиямен келiсiлген өзiнiң бизнес-жоспарына (бұдан әрi "бекiтiлген және келiсiлген бизнес-жоспар" деп аталады) сәйкес жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 6
6. Компания Компанияның қызметiне өзiне берiлген өкiлеттiктiң шеңберiнде бақылау жасауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органның бiрiншi талап етуi бойынша бекiтiлген және келiсiлген бизнес-жоспарды ұсынуға мiндеттi. Компания ол қызмет көрсететiн немесе онымен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарт жасасуға ниет бiлдiрген Қордың бiрiншi талап етуi бойынша мазмұнына бизнес-жоспардың 1 және 2 бөлiмдерiнiң, сондай-ақ бизнес-жоспардың 3-бөлiмiнiң осы Қорға қатысты бөлігінiң мәлiметтерi енгiзiлген бекiтiлген және келiсiлген бизнес-жоспардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi. Компания онымен кастодиандық шарт жасасқан немесе жасасуға ниет бiлдiрген кастодиан-банктiң бiрiншi талап етуi бойынша мазмұнына бизнес-жоспардың 1 және 2 бөлiмдерiнiң мәлiметтерi енгiзiлген бекiтiлген және келiсiлген бизнес-жоспардың дәптерлерiнiң түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 7
7. Компанияның бизнес-жоспарын өзгерту осы Нұсқаулықтың 2-4 тармақтарында белгiленген рәсiмдерге сәйкес жүргiзiледi. Компания бизнес-жоспарының 1-бөлiмiнiң мәлiметтерi өзгерген жағдайда шұғыл түрде өзiнiң бизнес-жоспарына өзгерiс енгізуге мiндеттi.
Тарау 2. 2-тарау. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
2-тарау. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
Тармақ 8
8. Компанияның бизнес-жоспарының "Компания туралы жалпы мәлiметтер" бөлiмiнде мынадай мәлiметтер болу керек:
Тармақша 1
1) Компанияның толық атауы (оны заңды тұлға ретiнде Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес);
Тармақша 2
2) Компанияның қысқаша атауы (оны заңды тұлға ретiнде Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес немесе аталған Куәлiкте Компанияның қысқаша атауы болмаған кезде Компанияның мемлекеттiк тiркеу органы растаған құрылтай құжаттарына сәйкес);
Тармақша 3
3) Компанияның оған Ұлттық комиссия берген кодтары (осындайлар бар болған кезде);
Тармақша 4
4) Компанияны заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер (оны заңды тұлға ретiнде Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес): соңғы мемлекеттiк тiркеу( қайта тiркеу) күнi және нөмiрi; мемлекеттiк тiркеу органының атауы; ОКПО коды; бастапқы мемлекеттiк тiркеу күнi;
Тармақша 5
5) Компанияның тiркелiп орналасқан жерi (оны заңды тұлға ретiнде Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес); Компанияның нақты орналасқан жерi (егер ол тiркелгеннен басқаша болса); Компанияның пошталық мекен-жайы (егер ол Компанияның нақты орналасқан жерiнен басқаша болса);
Тармақша 6
6) Компанияның коммуникациялық реквизиттерi (телефондарының, факстерiнiң, телекстерiнiң, телетайптарының нөмiрлерi, электрондық поштаның мекен-жайы және басқа да ықтимал коммуникациялық реквизиттерi);
Тармақша 7
7) Компанияның банктiк реквизиттерi (қызмет көрсететiн банктiң (банктiң филиалының) атауы, мекен-жайы және төлем реквизиттерi, банктiк шоттың нөмiрi);
Тармақша 8
8) Компанияның жарияланған жарғылық капиталы (мемлекеттiк тiркеу органы растаған құрылтай құжаттарына сәйкес) және оның акцияларын шығарудың нысаны;
Тармақша 9
9) Компанияның жарияланған жарғылық капиталының құрылымы (Компания акцияларының эмиссиясын Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкке сәйкес немесе ол болмаған кезде мемлекеттiк тiркеу органы растаған құрылтай құжаттарына және өзге де ықтимал құжаттарға сәйкес): Компанияның шығаруға жарияланған акцияларының түрлерi, санаттары және атаулы құны; Компанияның шығаруға жарияланған акцияларының түрлерi және санаттары бойынша саны; Компанияның шығаруға жарияланған акцияларының әрбiр жекелеген түрлерiнiң және санаттарының жиынтық атаулы құны;
Тармақша 10
10) Компания акцияларының эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтер (осындай бар болған кезде): Компания Акцияларының эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң күнi және нөмiрi немесе Ұлттық комиссияның Компания акцияларының эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы хатының күнi және нөмiрi; Компания акцияларының эмиссиясына (эмиссияларына) Ұлттық комиссия берген ұлттық бiрiздендiру нөмiрi (ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерi); Компанияның акциялары эмиссиясының проспектiсiн Ұлттық комиссия тiркеген нөмiр (эмиссияларының проспектiлерiн тiркеу нөмiрлерi); Компания акциялары эмиссиясының Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлімдегi нөмiрi (эмиссияларының нөмiрлерi);
Тармақша 11
11) Компанияның шығарылған (төленген) жарғылық капиталы (бухгалтерлiк есеп жүргiзу мәлiметтерiне сәйкес) және оның құрылымы: Компанияның шығарылған акцияларының түрлерi және санаттары бойынша саны; Компанияның шығарылған акцияларының әрбiр жекелеген түрлерiнiң және санаттарының жиынтық атаулы құны; Компанияның шығарылған акцияларын орналастырудың басталған және аяқталған күнi;
Тармақша 12
12) Компанияның акцияларды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есебiн бекiту туралы мәлiметтер (осындай бар болған кезде): Ұлттық комиссияның Компания акцияларын шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есебiн бекiту туралы не оны бекiтуден бас тарту туралы хатының күнi және нөмiрi; Компанияның шығарылған акцияларының жиынтық атаулы құны (Компания акцияларын шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есебiне сәйкес);
Тармақша 13
13) Компанияның акционерлерi туралы мәлiметтер: заңды тұлғалар - Компанияның акционерлерiне қатысты: толық атаулары (оларды заңды тұлға ретiнде Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес; Қазақстан Республикасының резидент еместерi үшiн - олардың заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгендігін растайтын құжаттарға сәйкес); тiркелiп орналасқан жерi (оларды заңды тұлға ретiнде Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес; Қазақстан Республикасының резидент еместерi үшiн - олардың заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгендiгiн растайтын құжаттарға сәйкес); нақты орналасқан жерлерi (егер олар тiркелгеннен басқаша болса); заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер: соңғы мемлекеттiк тiркелген (қайта тiркелген) күндерi және нөмiрлерi, мемлекеттiк тiркеу органдарының атаулары, Қазақстан Республикасының ұйымдары үшiн - ОКПО кодтары; жеке тұлға - акционерлерге қатысты: аты-жөндерi (жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес; ТМД мүшелерi - елдерден басқа мемлекеттердiң азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн - ағылшын тiлiнде); тұрғылықты жерлерi; жеке басын куәландыратын құжаттарының мәлiметтерi; барлық акционерлерге қатысты (заңды да жеке де тұлғалар): коммуникациялық реквизиттерi (телефондарының, факстерiнiң, телефакстерiнiң, телекстерiнiң, телетайптарының нөмiрлерi, электрондық поштаның мекен-жайы және басқа да ықтимал коммуникациялық реквизиттерi);
Тармақша 14
14) акциялардың түрлерiн және санаттарын көрсете отырып шығарылған акцияларды акционерлердiң арасында бөлу туралы мәлiметтер;
Тармақша 15
15) атқарып отырған қызметтерiн көрсете отырып Компания органдарының: директорлар кеңесiнiң, басқарманың (ол бар болған кезде), тексеру комиссиясының (тексерушiнiң) сандық және жеке құрамдары;
Тармақша 16
16) Компания аудиторының толық атауы (оны заңды тұлға ретiнде Мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес), аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға мемлекеттiк лицензияның берiлген күнi және нөмiрi, Компанияның аудиторымен жасасқан шарттың күнi және нөмiрi;
Тармақша 17
17) Компанияның ұйымдық құрылымы және штаттық кестесi: құрылымдық бөлiмшелер басшыларының және олардың орынбасарларының лауазымдарын және аты-жөндерiн, лауазымдардың атауларын және құрылымдық бөлiмшелер қызметкерлерiнiң санын көрсете отырып Компанияның (оның филиалдарын қоса отырып) құрылымдық бөлiмшелерiнiң атауы және негізгi функциялары;
Тармақша 18
18) Компанияның басқа тұлғаларға немесе тұлғалар тобына (қарапайым серiктестiктерге, консорциумдарға және басқаларға) қатыстылығы туралы және еншiлес серiктестiк немесе тәуелдi акционерлiк қоғам мәртебесiнiң бар екендiгi туралы ақпарат. Осындай ақпаратты ашудың дәрежесiн Ұлттық комиссия айқындайды;
Тармақша 19
19) Компанияның қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiктерiне және мүшелiк принципiн пайдаланатын ұйымдарға (қор биржаларына және басқаларға) мүшелiгі туралы мәлiметтер;
Тармақша 20
20) Компанияның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ақпарат (акционерлік қоғамдардың акцияларын иелену және шаруашылық серiктестiктерiнің жарғылық капиталдарындағы үлестерiнiң бар екендігі туралы): осындай заңды тұлғалардың атауы және орналасқан жерi; Компанияға тиесiлі акциялардың түрлерi және санаттары немесе Компанияның шаруашылық серiктестiктерiндегi үлестерiнiң мөлшерi; Компанияға тиесiлi акциялар немесе шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық капиталдарындағы үлестерi бойынша дауыс беру құқықтарын шектеулердiң бар екендігі. Осындай ақпаратты ашудың жеткiлiктiлiк дәрежесiн Ұлттық комиссия Компанияның келiсуге ұсынған бизнес-жоспарын қарау барысында айқындайды;
Тармақша 21
21) Компания алып отырған үй-жайлар туралы мәлiметтер: қабаттылығы, ауданы, жай-күйiне қысқаша сипаттама ("жөндеуші қажет етпейдi", "iшiнара жөндеудi (өңдеудi) талап етедi", "күрделi жөндеудi талап етедi"), үй-жайды алудың шарттары (меншiктеу немесе жалға алу құқығында);
Тармақша 22
22) байланыс жолдарының, компьютерлiк желiлердiң сипаттамаларын және бағдарламалық өнiмдердiң көздерiн қоса отырып Компанияның технологиялық қамтамасыз етiлуi туралы негiзгi мәлiметтер; Компанияның бағдарламалық-техникалық және коммуникациялық құралдарының қаржы рыногының инфрақұрылымы институттарының (қор биржасының, орталық депозитарийдiң және басқармаларының) бағдарламалық-техникалық және коммуникациялық құралдарымен өзара әрекет жасау (қоса атқарушылық) дәрежесi туралы мәлiметтер; бағдарламалық-техникалық және коммуникациялық құралдарды пайдалану (меншiктеу немесе жалға алу құқығында) шарттары туралы мәлiметтер. Осындай мәлiметтердiң жеткiлiктiлiк дәрежесiн Ұлттық комиссия Компанияның келiсуге ұсынған бизнес-жоспарын қарау барысында айқындайды;
Тармақша 23
23) Компанияның бағдарламалық-техникалық құралдарына (оның iшiнде мәлiметтердiң электрондық жиынтығына), құжаттарына және мұрағаттық құжаттарына қол жеткiзудi реттейтiн жүйелер туралы негiзгi мәлiметтер;
Тармақша 24
24) резервтiк көшiру, резервтiк технологиялық күштер және резервтiк көшiрмелердi сақтау тәсiлдерi туралы мәлiметтердi қоса отырып, Компанияның бағдарламалық-техникалық құралдарының (оның iшiнде мәлiметтердiң электрондық жиынтығының), құжаттарының және мұрағаттық құжаттарының сақталысын қамтамасыз ететiн Компанияның қауiпсiздiк жүйесi туралы негiзi мәлiметтер. Осындай мәлiметтердiң жеткiлiктiлiк дәрежесiн Ұлттық комиссия Компанияның келiсуге ұсынған бизнес-жоспарын қарау барысында айқындайды;
Тармақша 25
25) Компания инвестициялық басқаруға қабылдаған зейнетақы активтерiн сақтандыру туралы мәлiметтер (осындай бар болған кезде): сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру ұйымдарының атаулары; сақтандырудың түрлерi, шарттары, мерзiмдерi және құны; зейнетақы активтерiн сақтандыруды сипаттайтын өзге де мүлiктiк мәлiметтер.
Тармақ 9
9. Компания бизнес-жоспарының "Экономикаға және рыноктарға талдау жасау" 2-бөлiмiне мынадай мәлiметтер енгiзiлу керек:
Тармақша 1
1) экономикаға және қаржы рыноктарына және олардың даму үрдiсiне жалпы талдау жасау;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногына және оның даму үрдiсiне талдау жасау;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк емес бағалы қағаздар рыногына және оның даму үрдiсiне талдау жасау;
Тармақша 4
4) банктiк депозиттер (депозиттiк сертификаттар) рыногына және оның даму үрдiсiне талдау жасау;
Тармақша 5
5) зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген өзге де қаржы құралдарының рыноктарына және олардың даму үрдiсiне талдау жасау;
Тармақша 6
6) еңбек рыногына және оның даму үрдісіне талдау жасау;
Тармақша 7
7) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар арасындағы бәсекелестiктiң жай-күйiне талдау жасау және Компанияның нақты және жобаланған күштi және әлсiз жақтарын көрсете отырып Компанияның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтер рыногындағы ағымдағы үлесiнiң сипаттамасы.
Тармақ 10
10. Компания бизнес-жоспарының 2-бөлiмiнде келтiрiлген экономикаға және рыноктарға талдау жасау қажет болған кезде құжаттармен немесе ақпарат көздерiне жасалған сiлтемелермен растауы керек.
Тармақ 11
11. Компания бизнес-жоспарының "Компанияның инвестициялық, маркетингтiк және технологиялық саясаты" 3-бөлiмiне мынадай мәлiметтер енгiзiлу керек:
Тармақша 1
1) Компанияның экономикаға және қаржы рыноктарына және олардың даму үрдiсiне талдау жасаудың негiзiнде әзiрленген инвестициялық саясатының нақты сипаттамасы;
Тармақша 2
2) Компанияның зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар арасындағы бәсекелестiктiң жай-күйiне талдау жасаудың негiзiнде әзiрленген маркетингтiк саясатының нақты сипаттамасы (маркетингтiң тәсiлдерiн және жарнаманы қоса отырып);
Тармақша 3
3) Компанияның маркетингтiк саясатының негiзiнде жасалған, Компанияның маркетингке және жарнамаға арналған қысқа мерзiмдi бюджетi, сондай-ақ Компанияның маркетингке және жарнамаға арналған орта мерзiмдi бюджетiнiң жобасы;
Тармақша 4
4) компанияның технологиялық саясатының сипаттамасы;
Тармақша 5
5) Компанияның маркетингтiк саясатының негiзiнде жасалған, Компанияның бағдарламалық-техникалық және коммуникациялық құралдарды сатып алуға және жетiлдiруге ("апгрейд") арналған қысқа мерзiмдi бюджетi, сондай-ақ Компанияның бағдарламалық-техникалық және коммуникациялық құралдарды сатып алуға және жетiлдiруге ("апгрейд") арналған орта мерзiмдi бюджетiнiң жобасы.
Тармақ 12
12. Келiсуге ұсынылған бизнес-жоспардың 2 және 3 бөлiмдерiнде Компания келтiрген мәлiметтердi ашудың жеткiлiктiлiк дәрежесiн Ұлттық комиссия оны қарау барысында айқындайды.
Тармақ 13
13. Компания бизнес-жоспарының "Ағымдағы күнтiзбелiк жылға (айларға және тоқсандарға бөле отырып) және келесi үш жылға (жылдарға бөле отырып) қаржылық жоспар (болжам)" 4-бөлiмiне мынадай мәлiметтер енгiзiлу керек:
Тармақша 1
1) Компанияның ағымдағы қаржылық жай-күйiн және ол инвестициялық басқаруға қабылдаған зейнетақы активтерiнiң жай-күйiн сипаттайтын құжаттар;
Тармақша 2
2) Компания инвестициялық басқаруға қабылдайтын зейнетақы активтерi көлемiнiң жоспары (болжам);
Тармақша 3
3) Компанияның жоспарланған (болжалған) ақша ағымдары (оптимистiк, пессимистiк және салықтарды және резервтiк капиталға аударымдарды ескерумен өзге де ықтимал варианттар);
Тармақша 4
4) Компания табыстарының жоспары (болжамы) (табыс көздерiн көрсетумен);
Тармақша 5
5) Компания шығыстарының жоспары (болжамы) (шығыс мақсаттарын көрсетумен);
Тармақша 6
6) залалсыздық нүктелеріне талдау жасау;
Тармақша 7
7) тәуекелдерді бағалау, оның ішінде қаржы құралдары бойынша табыстылықтың төмендеу тәуекелдерін, қаржы құралдарын сату кезіндегі баға тәуекелдерін, үшінші тұлғалардың қызметін төлеу кезіндегі баға тәуекелдерін, инфляциялық тәуекелдерді, валюталық тәуекелдерді, бәсекелестік тәуекелдерін, Компанияның техникалық және операциялық қателерінің тәуекелдерін және басқа да ықтимал тәуекелдерді;
Тармақша 8
8) негізінде осы тармақтың 2)-7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар жасалған жорамалдарға сипаттама.
Тармақ 14
14. Компанияның келісуге ұсынылған бизнес-жоспарын қарау кезінде Ұлттық комиссия осы Нұсқаулықтың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды аудиторлық қорытындылармен растауды талап етуге құқылы.
Тармақ 15
15. Компанияның бизнес-жоспарының 4-бөлімінде келтірілген қаржылық жоспар (болжам) қажет болған кезде түсіндірмелермен, құжаттармен және ақпарат көздеріне сілтемелермен растау керек.