Об утверждении Положения о Координационном совете при Уполномоченном по правам человека Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 184-2-бабы, «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2–бабы, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11–бабы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2 - бабын іске асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы өкім оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енеді.
Басқа 0. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 18 өкімімен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі қызметінің мақсатын, міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) туралы ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 184-2-бабы, «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2–бабы, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11–бабы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабына сәйкес әзірленген.
Тармақ 3
3. Үйлестіру кеңесі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанында консультативтік-кеңестік орган ретінде, ұлттық алдын алу тетігінің қызметін тиімді үйлестіру мақсатында ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алу жүйесі ретінде құрылады.
Тармақ 4
4. Үйлестіру кеңесіне:
Тармақша 1
1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
Тармақша 2
2) қылмыс жасауда күдікті немесе айып тағылып отырған;
Тармақша 3
3) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп танылған;
Тармақша 4
4) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын тұлғалар мүше бола алмайды.
Тармақ 5
5. Үйлестіру кеңесіне сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған; жағымсыз себептермен мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар коллегиясынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айырылған тұлғалар мүше бола алмайды.
Тарау 2. 2. Үйлестіру кеңесінің міндеттері
2. Үйлестіру кеңесінің міндеттері
Тармақ 6
6. Үйлестіру кеңесінің міндеттеріне:
Тармақша 1
1) азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алу;
Тармақша 2
2) ұлттық алдын алу тетігі қызметіне мониторинг жүргізу, оның тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу;
Тармақша 3
3) ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың алдын ала болу мекемелері мен ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алумен және жоюмен байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) алдын ала болуды жүргізу нәтижесінде алынған деректерді талдау, жүйелеу және пайдалану.
Тарау 3. 3. Үйлестіру кеңесінің құрамы
3. Үйлестіру кеңесінің құрамы
Тармақ 7
7. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл барлық ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметін үйлестіреді, қатысушылардың қажетті әлеуетін және кәсіби біліктіліктерін қамтамасыз ету бойынша шара қолданады.
Тармақ 8
8. Үйлестіру кеңесінің мүшелерін, Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл құратын комиссия сайлайды.
Тармақ 9
9. Үйлестіру кеңесінің хатшысын Үйлестіру кеңесінің сайланған мүшелерінің арасынан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындайды.
Тармақ 10
10. Үйлестіру кеңесінің мүшелерін сайлау құпия дауыс беру жолымен қарапайым көпшілік даусымен жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жартысы әрбір төрт жыл сайын қайта сайланады. Бірінші сайлауда сайланған мүшелер санының жартысының өкілеттіктері екі жылдық кезең өткен соң аяқталады. Бірінші сайлаудан кейін бұл мүшелердің аты-жөндері жеребе тастау арқылы анықталады, оны Үйлестіру кеңесінің Төрағасы жүргізеді. Сайлау олардың өкілеттіктері аяқталғанға дейін бір ай бұрын кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Үйлестіру кеңесі мүшесінің бейтараптылығына күмән тудыратын жағдай болғанда, ол Үйлестіру кеңесінің мүшелігінен бас тартады. Үйлестіру кеңесінің мүшесі Адам құқықтары жөніндегі уәкілге тиісті хабарлама жіберу арқылы оның құрамынан шыға алады.
Тармақ 13
Тарау 4. 4. Үйлестіру кеңесінің өкілеттіктері
4. Үйлестіру кеңесінің өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің міндеттерін шешу үшін:
Тармақша 1
1) Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаптауларға қарсы комитетінің Азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алу жөніндегі шағын комитетімен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 2
2) ұлттық алдын алу тетігінің қызметін жүзеге асыру саласындағы мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар мен ескертулер енгізеді;
Тармақша 3
3) заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік билік органдарынан, алдын ала бару мекемелерінен, сондай-ақ меншіктің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан Үйлестіру кеңесінің қызметін жүзеге асыруға қажет құжаттарға сұрау салады;
Тармақша 4
4) өзінің отырыстарына әр түрлі мемлекеттік билік органдарының, алдын ала бару мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың басшылары мен өкілдерін шақырады;
Тармақша 5
5) қажет болған жағдайда, өзінің отырыстарында тиісті лауазымды тұлғалардың олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратын (хабарламалар, баяндамалар және т.б.) тыңдайды;
Тармақша 6
6) бөлінген бюджеттік қаражат шегінде алдын ала баруға жататын мекемелердің тізімі мен мерзімін белгілейді;
Тармақша 7
7) азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану туралы хабарламалар мен шағымдар туралы ақпаратты қабылдайды. Қабылданған және тікелей Үйлестіру кеңесіне хабарламалар мен шағымдар туралы жіберілген ақпарат Үйлестіру кеңесінің хаттамасына енгізіледі;
Тармақша 8
8) алдын ала болуды жүзеге асыру үшін ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларын іріктейді;
Тармақша 9
9) ұлттық алдын алу тетігі топтарының алдын ала бару нәтижелері бойынша есептілік нысанын бекітеді;
Тармақша 10
10) алдын ала болуды өткізу нәтижелері бойынша есептілік құжаттаманы өңдейді және талдайды;
Тармақша 11
11) уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту жөнінде ұсыныстарды әзірлейді және жібереді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлейді;
Тармақша 13
13) ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың алдын ала болу нәтижелері бойынша есептіліктерін, уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту жөніндегі әзірленген ұсынымдарды және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарын ескере отырып, ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың жыл сайынғы шоғырландырылған баяндамасын әзірлейді;
Тармақша 14
14) ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары алдын ала болу туралы есепті адалдығына күмәнданған жағдайда Үйлестіру кеңесінің мүшелері осы қатысушыларды ұлттық алдын алу тетігі өңірлік топтарының құрамынан шығару туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 15
20. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:
Тармақша 1
1) Үйлестіру кеңесінің Төрағасы болып табылады;
Тармақша 2
2) Үйлестіру кеңесі мен оның мүшелерінің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 3
3) Үйлестіру кеңесі мүшелерінің қатысушылардың қажетті әлеуетін және кәсіби біліктіліктерін қамтамасыз ету үшін шара қолданады;
Тармақша 4
4) Үйлестіру кеңесінің отырыстарына төрағалық етеді;
Тармақша 5
5) Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын бекітеді;
Тармақша 6
6) азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану туралы ақпаратты, хабарламаларды және шағымдарды қарауға қабылдайды;
Тармақша 7
7) Үйлестіру кеңесі мүшесінің орнынан кетуі туралы хабарламасын қабылдайды;
Тармақша 8
Тармақ 16
16. Үйлестіру кеңесінің хатшысы:
Тармақша 1
1) отырыстың қарауына шығарылатын материалдарды дайындауды ұйымдастырады және бақылайды;
Тармақша 2
2) отырыстың хаттамасын ресімдейді;
Тармақша 3
3) Төрағаның тапсырмаларын орындайды және Үйлестіру кеңесі жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды;
Тармақ 17
17. Үйлестіру кеңесінің мүшелері:
Тармақша 1
1) Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралатын мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие;
Тармақша 2
2) Үйлестіру кеңесі Төрағасының тапсырмасы бойынша оның отырыстарында төрағалық етеді;
Тармақша 3
3) Үйлестіру кеңесінің отырысында талқылау үшін мәселелерді енгізеді;
Тармақша 4
4) Үйлестіру кеңесінің дауыс беруіне өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін енгізеді;
Тармақша 5
5) ерекше пікірге ие бола алады, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде баяндалады.
Тарау 5. 5. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату
5. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату
Тармақ 18
18. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) осы Ереженің нормаларын бұзған;
Тармақша 2
2) өз өкілеттіктерін тоқтату туралы жазбаша өтініші болған;
Тармақша 3
3) қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
Тармақша 6
6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген кезде тоқтатылады;
Тармақша 7
7) заңда көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.
Тарау 6. 6. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және тәртібі
6. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және тәртібі
Тармақ 19
19. Үйлестіру кеңесі жұмысының нысаны - Үйлестіру кеңесінің отырысы, соның ішінде өңірлер бойынша көшпелі отырыстар.
Тармақ 20
20. Үйлестіру кеңесінің отырысын Төраға шақырады, ал ол болмағанда, оның тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшесі бір тоқсанда кемінде бір рет шақырады;
Тармақ 21
21. Үйлестіру кеңесінің кезектен тыс отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі, Үйлестіру кеңесінің үштен бір бөлігінен кем емес мүшелерінің талабы бойынша шақырылуы мүмкін;
Тармақ 22
22. Үйлестіру кеңесінің отырысы Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан кезде өткізіледі.
Тармақ 23
23. Үйлестіру кеңесінің кезектен тыс отырысының жұмысын ұйымдастыруды Төраға, ол уақытша болмаған кезде оның тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшесі жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Үйлестіру кеңесі отырысының нәтижелері бойынша шешім қабылданады.
Тармақ 25
25. Үйлестіру кеңесінің шешімі, егер оған Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда, қабылданған болып есептеледі. Егер шешім қабылдау кезінде дауыстар тең бөлінсе, отырыста төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданған шешім болып саналады. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттігін тоқтату (тоқтата тұру) мәселесі бойынша шешім қатысушылардың 2/3 көпшілігімен қабылданады.
Тармақ 26
26. Үйлестіру кеңесінің шешімдері ұсыным беру сипатына ие.
Тармақ 27
27. Үйлестіру кеңесінің отырысында алдын ала болу нәтижелері, ұлттық алдын алу тетігінің қызмет нысанына байланысты нормативтік-құқықтық актілерді талқылау бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленеді.
Тармақ 28
28. Үйлестіру кеңесінің отырысында хаттама жүргізіледі, онда күн тәртібі, қатысқандардың аты-жөндері, дауыс беру нәтижелері, қабылданған ұсынымдар мен ұсыныстар көрсетіледі. Хаттамаға Үйлестіру кеңесінің Төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Тармақ 29
29. Үйлестіру кеңесінің қатысушылары адамның жеке өмірі туралы оған алдын ала болу нәтижелері бойынша есептіліктермен танысу барысында белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісімінсіз жария етпейді.
Тарау 9. 9. Қорытынды ережелер
9. Қорытынды ережелер
Тармақ 30
30. Үйлестіру кеңесінің жұмыс тілі қазақ және орыс тілдері болып табылады.
Тармақ 31
31. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің аппаратына жүктеледі.
Тармақ 32
32. Үйлестіру кеңесін жою туралы ұсыныс толық құрамдағы отырыста қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.