Об утверждении Правил отбора участников национального превентивного механизма Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы 2-тармағыңың 2-тармақшасын, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 185-бабы 2-тармағының 2-тармақшасын, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабының 2-тармағын, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабының 2-тармағын, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағын, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2 бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында»:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы өкім оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енеді.
Басқа 0. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкімімен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын алдын ала болу үшін іріктеу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 185-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабының 2-тармағына, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-2 бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген».
Тармақ 3
3. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының және қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары болып табылады.
Тармақ 4
4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары алдын ала болу үшін іріктеу кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша қатысушылардың ешқайсысын ешқандай кемсітуге болмайды.
Тармақ 5
5. Ұлттық алдын алу тетігіне:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғалар;
Тармақша 2
2) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;
Тармақша 3
3) қылмыс жасауда күдікті немесе айып тағылып отырған тұлғалар;
Тармақша 4
4) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп танылған тұлғалар;
Тармақша 5
5) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
Тармақша 6
6) психиатрда және/немесе наркологта есепте тұратын тұлғалар;
Тармақша 7
7) қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған тұлғалар;
Тармақша 8
8) жағымсыз себептермен мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар коллегиясынан шығарылған тұлғалар;
Тармақша 9
9) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айырылған тұлғалар қатысушы бола алмайды.
Тарау 2. 2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу тәртібі
2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу тәртібі
Тармақ 6
6. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының (бұдан әрі - ҰАТҚ) құрамын қалыптастыру бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) ҰАТҚ іріктеу өткізу туралы хабарландыру жариялау;
Тармақша 2
2) үміткерлердің құжаттарын қабылдау және қарау;
Тармақша 3
3) Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) шешімдері негізінде ҰАТҚ құрамына алу.
Тармақ 7
7. ҰАТҚ құрамына ену үшін үміткерлер Үйлестіру кеңесіне ерікті нысанда өтінішін тапсырады.
Тармақ 8
8. Өтінішке қоса беріледі:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) үміткердің өз қолымен жазылған өмірбаяны;
Тармақша 3
3) білімі туралы дипломның көшірмесі, ал ол болмаған жағдайда аттестаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) еңбек қызметін растайтын, жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) жұмыс орнынан анықтама (жұмыс болған жағдайда);
Тармақша 6
6) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
Тармақша 7
7) психоневрологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;
Тармақша 8
8) наркологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;
Тармақша 9
Тармақша 10
10) үй, жұмыс және ұялы телефондары, сондай-ақ дербес электрондық мекен-жайы көрсетілген бөлек парақ;
Тармақша 11
11) электрондық форматта 3 х 4 фотосурет.
Тармақ 9
9. Құжаттар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында іріктеу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қолма-қол, пошта немесе электрондық пошта арқылы қабылданады.
Тармақ 10
10. Үміткерлердің көрінеу жалған ақпарат пен құжаттар ұсыну фактісін анықтау олардың ҰАТҚ құрамына іріктеуінен оның кез-келген кезеңінде шығарылуы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 11
11. Азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының (бұдан әрі – ҚБК) және қоғамдық бірлестіктердің (бұдан әрі – ҮЕҰ) ҰАТҚ құрамына енгізу үшін өздерінің мүшелерін ҚБК және ҮЕҰ жалпы жиналысының шешімі бойынша не ҚБК немесе ҮЕҰ Төрағасының (Бірінші басшысының) жазбаша ұсынысы бойынша ұсынады.
Тармақ 12
12. ҰАТҚ құрамына енгізу үшін ҚБК немесе ҮЕҰ үміткері осы Қағидалардың 7 және 8–тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 13
13. Үйлестіру кеңесі құжаттарды қарау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшілік дауысымен ҰАТҚ құрамына үміткердің алынуы немесе алынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 14
14. Үйлестіру кеңесі үміткерге іріктеу нәтижелері туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ хабарламаны электрондық поштаға жіберу арқылы хабарлайды.
Тармақ 15
15. Үйлестіру кеңесінің шешімі мен ҰАТҚ-на іріктелген тізім Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 16
16. Үміткерлер арасынан ҰАТ құрамы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітіледі.
Тармақ 17
17. ҰАТҚ өкілеттік мерзімі екі жылға анықталады. ҰАТҚ өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі есепті жылдың (кезеңнің) соңында келесі мерзімге алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеуді жүргізеді.
Тармақ 18
18. Өкілеттілігі тоқтатылған ҰАТҚ алдағы мерзімге ҰАТҚ құрамында жұмысты жалғастыруға ниет білдірген жағдайда Үйлестіру кеңесіне осы Қағидалардың 7-тармағында және 8-тармағының 5) - 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 19
19. ҰАТ өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, жаңа ҰАТ сайлау Үйлестіру кеңесінің шешімімен ағымдағы мерзімге ҰАТ іріктеуде бұрын мәлімделген үміткерлер қатарынан жүргізіледі.