Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Кызылординской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына, "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің ұсынысына сәйкес облыс аумағында таралған карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы", "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.С. Нұртаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы ______________ Б. Нұртазаев 2013 жылғы "23" қазан
Басқа 5
Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы «23» қазандағы № 334 қаулысына қосымша Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып белгіленген карантиндік аймақ № Әкімшілік-аумақтық бірлік атаулары Барлық залалданған аумақ, гектар Оның ішінде карантиндік объектілердің түрлері бойынша, гектар жатаған (қызғылт) кекіре арам сояулар калифорниялық қалқаншалы сымыр қауын шыбыны 1. Арал ауданы 85,5 7,5 0 5 73 2. Қазалы ауданы 266,505 4 34,005 8,5 220 3. Қармақшы ауданы 416,76 15 273,26 8,5 120 4. Жалағаш ауданы 1189,02 40 958,02 9 182 5. Сырдария ауданы 497 20 304 5 168 6. Шиелі ауданы 838 75 95 8 660 7. Жаңақорған ауданы 1243 35 843 10 355 8. Қызылорда қаласы 99,9 0 71,9 11 17 Барлығы 4635,685 196,5 2579,185 65 1795