Об установлении зон санитарной охраны Тобольского централизованного инфильтрационного хозяйственно-питьевого водозабора на участке горизонтальной подрусловой дрены на реке Тобол в границах села Аксуатское района Беимбета Майлина Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бейімбет Майлин ауданының Ақсуат ауылы шекараларындағы Тобыл өзенінде көлденең арна астындағы кәріз учаскесінде Тобыл орталықтандырылған сіңіру шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының Ақсуат ауылы шекараларындағы Тобыл өзенінде көлденең арна астындағы кәріз учаскесінде Тобыл орталықтандырылған сіңіру шаруашылық-ауыз суын тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы _______________ С. Байменова "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы ________________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Бейімбет Майлин ауданының Ақсуат ауылы шекарасындағы Тобыл өзенінде көлденең арна астындағы кәріз учаскесінде Тобыл орталықтандырылған сіңіру шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2013 жылғы 16 қазандағы № 444 қаулысына қосымша Бейімбет Майлин ауданының Ақсуат ауылы шекарасындағы Тобыл өзенінде көлденең арна астындағы кәріз учаскесінде Тобыл орталықтандырылған сіңіру шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері Орташа көп жылдық судың сабалық кемері (метр) І-белдеу ІІ-белдеу ІІІ-белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы Тобыл өзенінде көлденең арна астындағы кәріз Ұзындығы бойынша ұзақтығы– су тартудан ағым бойынша жоғары 200 метр және су тартудан ағым бойынша төмен 100 метр Ені бойынша ұзындығы – оң жақ және сол жақ жағалау бойынша су кемерінің сызығынан 100 метр 6 гектар Ұзындығы бойынша ұзақтығы – су тартудан ағым бойынша жоғары 22250 метр және су тартудан ағым бойынша төмен 250 метр Ені бойынша ұзындығы – оң жақ және сол жақ жағалау бойынша су кемерінің сызығынан 500 метр 2244 гектар Ұзындығы бойынша ұзақтығы – су тартудан ағым бойынша жоғары 22250 метр және су тартудан ағым бойынша төмен 250 метр Ені бойынша ұзындығы – оң жақ және сол жақ жағалау бойынша су кемерінің сызығынан 3000 метр 11250 гектар 158,55