Об установлении зон санитарной охраны Крымского централизованного хозяйственно-питьевого водозабора в Денисовском районе Күшін жойған
Басқа 0
Денисов ауданындағы Қырым орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Денисов ауданындағы Қырым орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
______________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Денисов ауданындағы Қырым орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 443 қаулысына
қосымша
Денисов ауданындағы Қырым орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту
көзінің
атауы
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері
І - белдеу
ІІ - белдеу
ІІІ - белдеу
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
№ 1, № 2,
№ 3
ұңғымалар
Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
50 метр
0,8 гектар
Ұзындығы – 232
метр
Барынша
ені –
672 метр
15,6 гектар
Ұзындығы –
2844 метр
Барынша ені
– 1422 метр
635 гектар
Ескерту: "Денисов ауданындағы Қырым орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрогеологиялық негіздемесінің жобасы" картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Крымское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).