Об утверждении Правил о высшем базовом образовании (бакалавриат) Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоғары базалық бiлiм (бакалавриат) туралы Ережені бекіту туралы
Тармақ 2
Тармақ 3
Тармақ 4
Жоғары кәсiби білiм беретiн бiлiм ұйымдарында жоғары базалық бiлiмнiң оқу-кәсіптiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоса берiлген "Жоғары базалық білім (бакалавриат) туралы Ереже" бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Жоғары бiлiм департаменті (Ә.Әбжаппаров) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттік тіркеуден өткiзуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күнінен бастап күшiне енедi.
Тармақ 4. Жоғары базалық бiлiм (бакалавриат) туралы Ереже
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә.Ахметовке жүктелсін. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1034 бұйрығымен бекітілген Жоғары базалық бiлiм (бакалавриат) туралы Ереже
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жоғары базалық бiлiм (бакалавриат) туралы Ереже 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы"  Заңы  (бұдан әрi - Заң) мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1845 "Жоғары кәсiптiк білiм берудiң көп деңгейлi құрылымы туралы Ереженi бекiту туралы"  қаулысына  (бұдан әрi - Қаулы) сәйкес әзiрленген.
Тармақ 2
2. Бакалавриат Қазақстан Республикасындағы жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң көп деңгейлi құрылымының базалық сатысы болып табылады.
Тармақ 3
3. Бакалавриаттың мiндетi - әртүрлi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелер, оның iшiнде, орта кәсiптiк оқу орындары үшiн бiлiктiлiгiне сәйкес қызметтерде жұмыс iстеуге практикалық бағытталған жоғары кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлау.
Тармақ 4
4. Жоғары базалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша оқыту жалпы орта және орта кәсiптiк, сондай-ақ жоғары кәсiптiк бiлiм негiзiнде, Қазақстан Республикасы бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктеуішісіне сәйкес жүргiзiледi. Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 309   бұйрығымен .
Тармақ 5
5. Жоғары базалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары бойынша оқитындарға студенттер жатады.
Тармақ 6
6. Бакалавриаттың негiзгi мақсаттары:
Тармақша 1
1) азаматтардың бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру;
Тармақша 2
2) қоғамды бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жоғары кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң келесi деңгейлерiнде бiлiмiн жалғастыруға қабілеттi, дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Тармақ 7
7.  Заңға  сәйкес және жеке адамдардың талабы мен шамасына қарай бакалавриатта оқыту мына нысандарда жүргiзiледi: күндiзгi, сырттай, кешкiлiк оқу, дистанциялық оқу және экстернат.
Тармақ 8
8. Жалпы орта бiлiмi бар тұлғалар үшiн бакалавр даярлаудың бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасын игеру мерзiмi күндiзгi оқу нысаны бойынша 4 жылды құрайды; кешкiлiк және сырттай оқу нысандары бойынша, сондай-ақ оқытудың әртүрлi нысандары араласқан жағдайларда оқу мерзiмi жоғары оқу орнымен бiр жылға дейiн ұзартылады.
Тармақ 9
9. Орта кәсiптiк бiлiмi бар тұлғалар үшiн туысқан мамандықтар бойынша қысқартылған оқыту бағдарламалары бойынша бакалаврлар даярлаудың бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасын игеру мерзiмi күндiзгi оқу нысаны бойынша 3 жылдан кем емес уақытты құрайды; кешкiлiк және сырттай оқу нысандары бойынша бұл мерзiм жоғары оқу орнымен бiр жылға дейiн ұзартылады.
Тармақ 10
10. Қысқартылған оқыту бағдарламасы бойынша оқыту жүктемесi, кем дегенде, 1440 сағат болуы керек.
Тармақ 11
11. Күндiзгi оқитындарға арналған оқу жоспары бойынша жасалған пәндер тiзiмiн кешкiлiк және сырттай оқитындар үшiн қысқартуға болмайды. Сырттай оқитындарға арналған пәндердi игерудiң ауқымдылығы күндiзгi оқитындар үшiн бекiтiлген пәндердiң жалпы ауқымдылығының 30-40% мөлшерiндей болуы тиiс.
Тармақ 12
12. Бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша жоғары базалық бiлiмдi мамандар даярлауды, бiлiм беру қызметiне лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Бакалавриатқа қабылдау тәртiбi, бiлiм беру саласындағы орталық атқару органымен бекiтiлген жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгi ережелерiне сәйкес белгiленедi.
Тармақ 2. 2. Бакалавр даярлауға қойылатын талаптар
2. Бакалавр даярлауға қойылатын талаптар
Тармақ 14
14. Жоғары базалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасының көлемi мен құрылымына қойылатын талаптар "Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер" ҚР МЖМБС 5.03.001-2004 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартымен анықталады. Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 309   бұйрығымен .
Тармақ 15
15. Жоғары базалық білiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша бiлiм алған түлек келесi талаптарға сай болуға тиiстi:
Тармақша 1
1) алған мамандығы бойынша iргелi даярлығы болуы;
Тармақша 2
2) маманның бүгiнгi таңға көзқарасын қалыптастыратын гуманитарлық-әлеуметтiк пәндер бойынша жүйелi бiлiмi болуы;
Тармақша 3
3) маманның iскерлiк этикасын айқындайтын, қоғамдағы қатынастарды ретке келтiретiн құқықтық және этикалық нормаларды бiлуi;
Тармақша 4
4) қазiргi бiлiм беру технологиясын пайдалана отырып, бiлiмiн толықтырып және жаңартып отыра бiлуi;
Тармақша 5
5) ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және сақтау жөнiндегi қазiргi компьютерлiк технологияны меңгеруi;
Тармақша 6
6) бiлiмiн кәсiптiк жоғары бiлiм беру жүйесiнiң келесi деңгейiнде жалғастыруға қабiлеттi болуы;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк, орыс және шет тiлдердiң бiреуiн меңгеруi.
Тармақ 3. 3. Қорытынды аттестаттау
3. Қорытынды аттестаттау
Тармақ 16
16. Бакалавр даярлаудың соңғы кезеңiнде, мамандықтарына байланысты, мемлекеттiк емтихандар тапсыру немесе (және) дипломдық жоба (жұмыс) орындау және қорғау арқылы мемлекеттiк қорытынды аттестаттау жүргiзу қарастырылады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттiк емтихандар тапсыратын, сондай-ақ дипломдық жоба (жұмыс) қорғайтын оқу пәндерi, қолданылып жүрген мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандартымен анықталады.
Тармақ 18
18. Дипломдық жоба (жұмыс) ғылыми жетекшiнiң басшылық етуiмен орындалған өзiндiк зерттеудiң нәтижесi болып табылады.
Тармақ 19
19. Дипломдық жұмысты қорғау және мемлекеттiк емтихандарды тапсыру Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының мәжiлiсiнде өтедi.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі 2004 жылғы 20 қарашадағы N 953 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3298 болып тіркелген, Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің  ережесіне  сәйкес жүргізіледі. Ескерту: 20-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 309   бұйрығымен .
Тармақ 21
21. Жоғары базалық бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша оқу жоспарын толық орындаған, мемлекеттiк емтихандарын ойдағыдай тапсырған және дипломдық жобасын (жұмысын) қорғаған тұлғаларға, берiлген бiлiктiлiкке сәйкес жоғары бiлiм туралы дипломмен бiрге "бакалавр" академиялық атағы берiледi.
Тармақ 22
22. Оқу орнының түлегiне дипломның қосымшасы бiрге берiледi, онда оқыған пәндер бойынша сынақтар мен емтихандардан алған қорытынды бағалары, тапсырылған мемлекеттiк емтихандардың нәтижелерi, дипломдық жобаны (жұмысты) қорғағанда алған бағасы мен дипломдық жобаның (жұмыстың) тақырыбы жазылады.
Тармақ 23
23. Қаулыға сәйкес, жоғары базалық бiлiмнiң оқыту-кәсiптiк бағдарламасы бойынша оқуды толық тамамдаған тұлғалар, өзiне берiлген бiлiктiлiк бойынша жұмыс iстеулерiне немесе жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiмнiң оқыту-кәсiптiк бағдарламалары бойынша "магистр" академиялық атағы мен бiлiктiлiгiн алу үшiн оқуын жалғастыруларына болады.
Тармақ 24
24. Бакалавриатты тамамдай алмағандарға бекiтiлген үлгiдегi академиялық анықтама берiледi.