Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Арчаглы-Аят для производственных объектов животноводческого комплекса товарищества с ограниченной ответственностью "Алтай" в селе Приречное Денисовского района, режима и особых условий их хозяйственного использования Күшін жойған
Басқа 0
Денисов ауданының Приречное ауылындағы "Алтай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде 1-қосымшаға сәйкес Денисов ауданының Приречное ауылындағы "Алтай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Денисов ауданының Приречное ауылындағы "Алтай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_______________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы" республикалық
мемлекеттiк мекемесінің басшысы
________________ Г. Оспанбекова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі Экологиялық
реттеу және бақылау комитетінің
Қостанай облысы бойынша экология
департаменті" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________ А. Әлімбаев
"Қазақстан Республикасы Өңірлік
даму министрлігі Жер ресурстарын басқару
комитетінің Қостанай облысы бойынша
аумақтық жер инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Т. Төлеубаев
Басқа 4
Әкімдіктің
2013 жылғы 16 қарашадағы
№ 449 қаулысына 1-қосымша
Денисов ауданының Приречное ауылындағы
"Алтай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін
Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі
Су
объектісі,
оның
учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Орташа
көп
жылдық
судың
сабалық
кемері
(метр)
ұзындығы
(метр)
ені
(метр)
ауданы
(гектар)
ұзын-
дығы
(метр)
ені
(метр)
ауданы
(гектар)
Аршалы-
Әйет өзені
Денисов
ауданының
Приречное
ауылындағы
"Алтай"
жауапкер-
шілігі
шектеулі
серіктес-
тігінің
мал шаруа-
шылығы
кешенінің
өндірістік
объекті-
лері
(су қорғау
аймағы мен
белдеуін
белгілеу
жобасына
тапсырыс
беруші –
"Алтай"
жауапкер-
шілігі
шектеулі
серіктес-
Тармақша тігі
тігі)
580
120-210
9,57
580
100
5,8
140
Басқа 6
Әкімдіктің
2013 жылғы 16 қазандағы
№ 449 қаулысына 2-қосымша
Денисов ауданының Приречное ауылындағы
"Алтай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін
Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін
шаруашылықта пайдаланудың режимі
мен ерекше жағдайлары
Тармақ 1
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.