О тарифах на перевозки грузов железнодорожным транспортом акционерным обществом "Испат Кармет" Күшін жойған
Басқа 0
"Испат Қармет" акционерлiк қоғамының темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдауына арналған тарифтері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2000 № 485 қаулысымен.
Қарағанды көмiр бәсекелестiк қабiлетiн арттыру, сондай-ақ Темiртау қаласындағы экологиялық ахуалды сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен бiрлесе отырып, заңдарда белгiленген тәртiппен "Испат-Қармет" акционерлiк қоғамы үшiн:
Тобыл станциясы арқылы Ресейге көмiр тасымалдаған кезде 30% мөлшерiнде;
минералды қалдықтарды (түйiршектелген шлак, көмiр шламы, масақ тозаңы, құрамында темiр бар шлам, металлургиялық шлак, шлак қиыршық тас) тасымалдаған кезде 50% мөлшерiнде темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдауға арналған тарифтер бойынша жеңiлдiктер белгiлеу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгердi - ҚР
Үкіметінің 10.07.1998 № 655 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесе отырып:
"Испат-Қармет" акционерлiк қоғамының тарифтiк жеңiлдiктер берiлген өнiмдi тиеп-жөнелтiлетiн көлемдерiне тоқсан сайын бақылау жасауды;
берiлiп отырған жеңiлдiктердiң Қарағанды көмiрiнiң ресей нарығындағы бәсекелестiк қабiлетiне әсер етуiне талдау жасауды қамтамасыз етсiн және талдаудың нәтижелерi бойынша оларды өзгерту немесе күшiн жою туралы өз ұсыныстарын енгiзсiн.