«Об утверждении государственного заказа по программе приватизации коммунальной собственности» Күшін жойған
Басқа 0
«Коммуналдық меншікті жекешелендірудің бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы»
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 01.08.2003 № 16 шешімімен.
Ақмола облысы бойынша коммуналдық меншікті жекешелендірудің есебін жүргізу, оны пайдалану мен сақтауды қадағалауды жыл бойы қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. Жекешелендіру мен есеп жүргізуде, 2000 мың теңге мөлшеріндегі коммуналдық меншікті пайдалану мен қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында 2000-шы жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. «№ 30 бағдарламаның № 00 «Коммуналдық меншікті жекешелендіруді ұйымдастыру» қосымша бағдарламасы бойында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру және қаржыландыру ережелері» бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-шілдесіндегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 163 Заңына сәйкес жүргізілсін.
Басқа 4
Облыс әкімі шешімінің
№ 1-ші қосымшасы
№ 572 «14» 09 2000 ж.
Ақмола облыстық коммуналдық меншік басқармасының мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындаған жұмыс (қызмет түрі) жоспары.
Бағдарлама 30
Қосымша бағдарлама 00
Ай аттары
2000-шы жалға арналған жұмыс (қызмет түрі) жоспары
2000-шы жылға арналған сома (теңгемен)
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Ақмола облысы бойынша коммуналдық меншікті жекешелендіруді ұйымдастыру
100
Шілде
350
Тамыз
350
Қыркүйек
300
Қазан
300
Қараша
300
Желтоқсан
300
Барлығы
2000
Басқа 5
Облыс әкімі № 572
«14» 09 2000 ж. шешіміне
№ 2 қосымша
Облыс бюджетінен қаржыландырылатын № 30-шы бағдарламаның № 00-ші «Коммуналдық меншікті жекешелендіруді ұйымдастыру» қосымша бағдарламасын мемлекеттік тапсырысқа енгізу және қаржыландырудың тәртібі
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
№ 30 бағдарлама, № 00-ші «Коммуналдық меншікті жекешелендіруді ұйымдастыру» қосымша бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Жекешелендіру туралы» 1995-ші жылдың 23-ші желтоқсанындағы № 2721-ші Жарлығына, Қазақстан Республикасының 1994-ші жылдың 27-ші желтоқсанындағы Азаматтық Кодексіне, 1998-ші жылдың 10-шы шілдесіндегі № 281-1-ші Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995ші жылдың 19-шы маусымындағы № 2335-ші «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заң күші бар Жарлығына, сондай-ақ Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2030» Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде, Ақмола облысы әкімінің 2000-шы жылдың 11-ші сәуіріндегі № 475-ші шешіміне сәйкес Ақмола облысының аумағында жүзеге асырылып, орындалатын болады.
Тарау 2. 2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҮНЫ
2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҮНЫ
Аталмыш бағдарламаның /қосымша бағдарламаның/ мақсаты коммуналдық меншікті жекешелендіруді ұйымдастыру мен оны тиімді басқаруды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл бағдарламаны /қосымша бағдарламаны/ орындауды қамтамасыз ету үшін бағдарламаның әкімгеріне мынадай шараларды өткізу қажет:
- коммуналдық мемлекеттік меншік нысандарын сатуға дайындық жасауды өткізу, оған қоса нысандарды жекешелендіруге байланысты аукциондар /тендерлер/ өткізу туралы ақпараттық мәліметтерді республикалық, облыстық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы орналастыру;
- коммуналдық мемлекеттік меншік нысандарын сату туралы жәрмеңке өткізу, оған жәрмеңке ұйымдастырушыларын тарту /оның ішінде аукцион өткізушінің қызметі де бар/, құнды қағаздар рыногының білікті қатысушылары да қосылады;
- Ақмола облысындағы коммуналдық меншікке қатысты мемлекеттік саясатты жоспарлау мен оны жүзете асыруға қатысу;
- Коммуналдық меншікті өз мақсатына және тшмді пайдалануын қадағалау және қосымша есеп жұргізуді жүзеге асыру, оның ішінде тәуелсіз аудиторлық, консалтингілік ұйымдардың /аудиторлар, консультанттар, сарапшылар/ да қызметі бар;
- Коммуналдық меншікті пайдалану туралы Ақмола облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қадағалауды жүзеге асыру;
- Коммуналдық меншікті пайдалануға байланысты сенімді басқармалардың, мүліктік жалға берудің лизингтің және өз құзырындағы басқа да келісімдердің, коммуналдық мемлекеттік меншіктің сатып алу-сату туралы шарттарының сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету;
- Коммуналдық меншіктің тұрғын үйге арналмаған қорын тиімді пайдалануды қадағалуды жүзеге асыру;
- Коммуналдық мемлекеттік меншік нысандарын жекешелендіруге байланысты дауларды шешуге консультанттарды тарту.
Жоғарыда аталған шараларды орындау үшін бағдарламаның әкімгері хұқылы:
мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты келісім-шарттар жасауға;
аяқталған жұмыстарды қабылдап алуға.
Мемлекеттік тапсырысты орындағандармен есеп айырысу жергілікті бюджетте аталмыш бағдарламада /қосымша бағдарламада/ белгіленген мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты қарастырылған сол жылғы қаржыландыруға орай орындалған жұмысының көлеміне қарай жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру
3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру
Мемлекеттік тапсырысты орналастыру Қазақстан Республикасының 1997-ші жылдың 16-шы шілдесіндегі № 163-1-ші «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-ші жылдың 10-шы желтоқсанындағы № 1268-ші «Қызмет түрлері, товарларды мемлекеттік сатып алуды өткізудің тәртібін бекіту туралы» және 1998-ші жылдың 22-ші желтоқсанындағы № 1314-ші «Мемлекеттік тапсырыстың жалпы ережесін жоспарлаудың тәртібін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес жасалынады.
Бағдарламаны таратуды бағдарламаның әкімгері - Ақмола облыстық коммуналдық меншік басқармасы жүзеге асырады.
Мемлекеттік тапсырысты орналастыру конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Конкурс қатысушыларына мынадай негізгі талаптар мен шарттар қойылады:
мұндай қызмет түрлерін тасымалдаушылар рыногындағы потенциалды жұмыс тәжірибесі болуы қажет;
тәжірибелілігі туралы мәліметтер, сенімділік пен шынайылық, қызмет көрсетумен айналысатын потенциалды тасымалдаушы мен жұмысшыларының біліктілігі мен басқару деңгейі болуы қажет;
жұмыс пен қызмет көрсету мерзімдерін анықтау.
Конкурстық тапсырыс беруге мынадай құжаттар енгізіледі: конкурсқа қатысу үшін тапсырыс беру;
потенциалды тасымалдаушының құрылтай және тіркеу құжаттары нотариалды түрде тіркелгені туралы түпнұсқа;
бағамдалған жұмысына аудитор берген көрсеткіш данасы /білікті потенциалды тасымалдаушы екендігін нақтылайтын құжат/;
конкурстық тапсырысқа қол қоюға және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысуға берілетін хұқық туралы сенімхат.
Конкурстық тапсырысты жеңіп алушыны анықтаудың негізгі шарты конкурстық құжаттарда көрсетілген шарттарды, баға факторынан басқа, ең төменгі баға мен оның есебі болып табылады.
Келісім-шарттар жарғылық органдарда тіркеледі.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік тапсырыстың орындалу шарттары
4. Мемлекеттік тапсырыстың орындалу шарттары
Мемлекетті тапсырыстың орындалу шарттары көрсетілген кеңестердің тиімділігі, аукциондар мен тендерлерді өткізу туралы ақпараттардың уақытында шығуы және мемлекеттік коммуналдық меншік нысандарын сатуды сапалы ұйымдастыру болып табылады.