Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей Күшін жойған
Басқа 0
Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы"қаулысына, аудандық әкімдіктің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 650 қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Облыс әкімдігімен келісілген алушылардың жекеленген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық қорғау, депутат этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін (А. Доспаева).
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Басқа 5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі
Индер аудандық мәслихатының
2013 жылғы 27 қарашадағы
№ 154-V шешіміне 1 қосымша
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі
№
Атаулы күндер мен мереке күндері
Еселігі
1
Отан қорғаушы күні
Жылына бір рет
2
Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі – Чернобыль АЭС) апаттың зардабын жою күні
Жылына бір рет
3
Жеңіс күні
Жылына бір рет
4
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Жылына бір рет
Басқа 6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі
Индер аудандық мәслихатының
2013 жылғы 27 қарашадағы
№ 154-V шешіміне 1 қосымша
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі
№
Атаулы күндер мен мереке күндері
Еселігі
1
Отан қорғаушы күні
Жылына бір рет
2
Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі – Чернобыль АЭС) апаттың зардабын жою күні
Жылына бір рет
3
Жеңіс күні
Жылына бір рет
4
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Жылына бір рет