Об использовании объектов коммунальной собственности в качестве залогового обеспечения при кредитовании субъектов малого предпринимательства Күшін жойған
Басқа 0
Шығын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 31.03.2005 № 102 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдаланудың мәселелерi туралы" 2000 жылғы 7 шiлдедегi N 1028 қаулысын iске асыру мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдаланудың Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.М. Жұмағалиевке жүктелсiн.
Басқа 3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдалану ережес
2000 ж. «1» желтоқсандағы
облыс әкімінің
N 210 шешіміне
қосымша
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдалану ережес
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 шiлдедегi N 1028 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру мақсатында және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдаланудың бiрыңғай Ережесi негiзiнде әзiрлендi және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық меншiктi пайдаланудың бiркелкi негiзiн анықтайды.
Тармақ 1.2
1.2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi коммуналдық меншiк объектiлерiмен қамтамасыз ету шаруашылық жүргiзу құқығында жұмыс iстеп тұрған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың жанында кепiлдiктi қорлар құру жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 1.3
1.3. Коммуналдық меншiк объектiлерiн кепiлдi қолға берудi облыс әкiмi қабылдайды.
Тармақ 1.4
1.4. Шағын кәсiпкерлiктi субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi коммуналдық меншiк объектiлерiмен қамтамасыз ету мемлекеттiк кәсiпорынның өз кәсiпкерлiк тәуекелiне сақтандыру жүргiзуi жағдайында жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Кепiлдiктi мүлiктi iрiктеу және оны бағалау
2. Кепiлдiктi мүлiктi iрiктеу және оны бағалау
Тармақ 2.1
2.1. Жыл сайын коммуналдық объектiлерiн тексеру жүргiзiп, олардың тұрған жерi, баланстық құны мен олардың жәй-күйi басқа да деректерi анықталады.
Тармақ 2.2
2.2. Тiзiмдi жасаған кезде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күшi бар Жарлығына сәйкес қозғалмайтын мүлiктер орталығының мамандарын немесе тәуелсiз сарапшыларды қатыстыра отырып, несиелердi кепiлдiктi қамтамасыз етуге несие ұйымдарының қоятын талаптарына сәйкес коммуналдық меншiк объектiлерiне бағалау жүргiзiледi.
Тарау 3. 3. Коммуналдық меншiк объектiлерiн кепiлдiктi қамтамасыз
ету есебiне несие берiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
жобаларын iрiктеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру
3. Коммуналдық меншiк объектiлерiн кепiлдiктi қамтамасыз
ету есебiне несие берiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
жобаларын iрiктеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 3.1
3.1. Әкiмнiң шешiмiмен коммуналдық меншiк объектiлерiн кепiлдiктi қамтамасыз ету есебiне несие берiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларын iрiктеу жөнiндегi комиссия құрылады (бұдан әрi - комиссия).
Тармақ 3.2
3.2. Комиссияны әкiм басқарады.
Тармақ 3.3
3.3. Комиссияның хатшысы болып мемлекеттiк кәсiпорынның басшысы саналады. Оның құрамы бес адамнан кем болмайды, комиссия хатшысының ұсынысымен оны әкiм бекiтедi.
Тармақ 3.4
3.4. Комиссияның жұмыс органы мемлекеттiк кәсiпорынға жүктеледi.
Тармақ 3.5
3.5. Комиссияның жұмыс органы комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбi бойынша ұсыныстар әзiрлейдi; өз құзыретiнiң шегiнде комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi; комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне таратылған мамандардың жұмысын үйлестiредi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өтiнiмдерiн тiркеудi жүзеге асырады. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларды iрiктеуге қатысуға өтiнiмдерiн тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.
Тармақ 3.6
3.6. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өтiнiшi бойынша iрiктеудi жүзеге асыру екi кезеңде жүргiзiледi.
Жобаларды iрiктеудiң алдын-ала сатысында жұмыс органы сараптама жүргiзедi және оларды несиелендiру мүмкiндiктерi туралы қорытындыларды беруге арналған жобалар бойынша құжаттарды экономикалық, ұйымдастырушылық, маркетингтiк және қаржылық көзқарастар тұрғысынан талайды және несие ұйымдарының қарауына тапсырады.
Жұмыс органы несие ұйымдарының оң қорытындыларын алған өтiнiмдердi отырыс күнiнен үш күн бұрын, несие ұйымдарының қорытындыларын қоса отырып, комиссия мүшелерiнiң қарауына ұсынады.
Тармақ 3.7
3.7. Комиссия өз қызметiн жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
- ғалымдардың беделдi кәсiпкерлердiң, басқару органдары өкiлдерiнiң және басқа да мамандардың арасынан сарапшылар мен консультанттарды жұмыс iстеуге тартады;
- уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау және жұмыс топтарын ұйымдастыру;
- қажеттi ақпараттық, талдау, анықтамалық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi алады.
Тармақ 3.8
3.8. Жобаларды iрiктеу кезiнде мынадай талаптар ескерiледi:
Тармақша 1
1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бюджет алдындағы берешегiнiң болмауы;
Тармақша 2
2) қолайлы несие дерек қорының болуы, егер ол болса;
Тармақша 3
3) жобаның әкiм жыл сайын бекiтетiн, аймақты дамытудың индикативтi жоспарына және аймақта шағын бизнестi дамытудың басым бағыттарына сәйкес келуi.
Тармақ 3.9
3.9. Комиссия несие ұйымдарының оң қорытындыларын алған өтiнiмдердi, олар тiркелген күннен бастап екi айдан кешiктiрмей қарайды.
Тармақ 3.10
3.10. Комиссия төрағасы комиссия отырысын қажеттiлiгiне қарай шақырады, бiрақ тоқсанына бiр реттен сирек болмауы тиiс.
Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы үштен екi дауыспен қабылданады.
Комиссияның шешiмдерiне комиссия төрағасы және хатшысы қол қояды. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқылы, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша жазылып, комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
Тармақ 3.11
3.11. Несиелеуге арналған жобалар мен ұсынымдарды iрiктеу кезiнде комиссияның мүшелерi қабылдаған шешiмдер үшiн, олар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де Заңдарына сәйкес жауап бередi.
Тармақ 3.12
3.12. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне кепiлдiктi қамтамасыз етудi беруден бас тартылған жағдайда, жұмыс органы жобалары iрiктеудiң тиiстi кезеңiнен кейiн, 3 күн мерзiмде бас тартудың негiзiн көрсете отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiсiн жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
Тарау 4. 4. Кепiлдiктi қамтамасыз етудi ресiмдеу
4. Кепiлдiктi қамтамасыз етудi ресiмдеу
Тармақ 4.1
4.1. Комиссияның хаттамалық шешiмi мемлекеттiк кәсiпорынның шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн беру туралы шарт жасасу жөнiнде шешiм қабылдауы үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 4.2
4.2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi несие алған кезде мемлекеттiк кәсiпорын кепiлдiк берушi болып табылады.
Тармақ 4.3
4.3. Мемлекеттiк кәсiпорын, жобаны қаржыландыру туралы оң шешiм қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес несие ұйымдарымен және шағын кәсiпкерлiк субъектiсiмен ипотекалық шарт жасасады.
Тармақ 4.4
4.4. Ипотекалық шартта кепiлдi мүлiктiң нысаны, бағаланған құны, негiзгi мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi мен орындалу мерзiмi, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ ипотекалық шартта заңдар тыйым салмаған қол жеткiзiлуi тиiс келiсiмдер де көрсетiлуi тиiс.
Тармақ 4.5
4.5. Объектiлер кепiлдiктi қамтамасыз етуге пайдаланылғаны үшiн мемлекеттiк кәсiпорындарға алынған несие сомасының 0,1 пайызы мөлшерiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi төлейтiн сыйақы (мүдде) ставкасы белгiленедi.