О разработке региональных программ социально-экономического развития области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамытудың аумақтық бағдарламасын әзірлеу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен. Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру кеңiнен тарату мақсатында Қазақстан халықтарының әлеуметтiк-экономикалық өсуi облыс бойынша 31 аумақтық мақсатты бағдарламаға сәйкестi жүргiзiлiп келедi. Биылғы жылы 20 бағдарламаның тарату мерзiмi толуы қарсаңында, ал кейбiреулерi мерзiмiн ұзартуды немесе қазiргi жағдайларға байланысты тауарлар мен қаражат саласында, әлеуметтiк мәселелердi шешудегi қатынасымызды өзгертудi қажет етедi. Ал кейбiр бағдарламалар оларды пайдаланудағы жаңа Ережелердi қайта қарауды талап етедi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының 2030-жылға дейiнгi Стратегиялық бағытын арқарай дамыту туралы" 2000 жылдың 17 ақпандағы N 344 Жарлығын орындау және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламалық шараларын iске асыру туралы" Қазақстан Үкiметiнiң 2000 жылдың 7 наурызындағы N 367 қаулысын және "Қазақстан Республикасында Ережелердi бекiту бағдарламаларын әзiрлеу туралы" 2000 жылдың 25 мамырындағы N 789 қаулысының басты экономикалық, әлеуметтiк және басқалай жұмыс салаларында пайдалану мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттер, Орал қаласы және аудан әкiмдерi әлеуметтiк және экономикалық дамытудың аумақтық және мақсатты бағдарламасын белгiленген мерзiмге сәйкес әзiрлесiн және бекiтуге тапсырсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстық басқармаларға, комитеттерге, департаменттерге және басқа да ұйымдар мен ведомстволарға тиiстi министрлiктер мен ведомостылардың сұрауы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспарына енгiзiлген бағдарламаларды әзiрлеу үшiн нақты мәлiметтер мен ұсыныстар беруге белсене қатысу ұсынылсын (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Аймақтық бағдарламаларды құрастыруға әдiстемелiк басшылық жасау, оны iске асыру жөнiнде таңдалып алынған басымдықтар мен стратегияны келiсу, сондай-ақ осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық экономика басқармасына (Едiгин) жүктелсiн.
Басқа 4. Облысты әлеуметтiк-экономикалық дамытудың әзiрлеуге жататын аумақтық және мақсатты бағдарламаларының ТIЗІМI
Облыс әкімінің 2000 жылғы 7 қыркүйектегі N 166 шешіміне N 1 қосымша Облысты әлеуметтiк-экономикалық дамытудың әзiрлеуге жататын аумақтық және мақсатты бағдарламаларының ТIЗІМI №/№ Бағдарламалардың атауы Орындалу мерзімі Әзірлеушілер Облыс әкімі аппаратында бақылауға жауапты 1. Облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың индикативтік жоспары шілде жыл сайын Облыстық экономика басқармасы Экономикалық реформалар бөлімі 2. Облысты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған стратегиялық жоспары наурыз 2001 жыл Облыстық экономика басқармасы Экономикалық реформалар бөлімі 3. 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған облыстың өндірістік күштерін дамыту және орналастыру сызбасы. тамыз 2000 жыл Облыстық экономика басқармасы Экономикалық реформалар бөлімі Өнеркәсіп 4. Импорт ауыстыру бағдарламасы тамыз- қыркүйек 2000 жыл Облыстық экономика басқармасы Өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімі 5. 2000-2003 жылдарға арналған машина жасау кешенін дамыту бағдарламасы желтоқсан 2000 жыл Облыстық экономика басқармасы, облыстық, ауыл шаруашылығы департаменті Өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімі 6. 2001-2003 жылдарға арналған облыстың женіл өнеркәсібін қалпына келтіру және дамыту бағдарламасы 2001 жыл қаңтар Облыстық экономика басқармасы Өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімі Шағын кәсіпкерлік 7. 2001-2002 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың аймақтық бағдарламасы 2001 жыл желтоқсан Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөне дамыту департаменті Өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімі Ауыл шаруашылығы 8. 2001-2003 жылдарға арналған селода ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау пункттері желісін дамыту бағдарламасы 2000 жыл қыркүйек Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті, облыстық тұтынушылар қоғамдары одағы Агроөнеркәсіптік кешен бөлімі 9. Орал қаласының төңірегіндегі аймақта сүт өндірісін дамыту бағдарламасы 2000 жыл тамыз - қыркүйек Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті Агроөнеркәсіптік кешен бөлімі Инвестициялық сала 10. Қарашығанақ газ конденсат кен орны өнімдерін бөлу жөніндегі түпкілікті келісімге сәйкес шетелдік аударымдар есебінен облыстың әлеуметтік саласы мен инфрақұрылымын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы. 2000 жыл тамыз - қыркүйек Облыстық инфрақұрылым және құрылыс басқармасы Отын-энергетикалық кешен, көлік және инфрақұрылым бөлімі Инфақұрылым 11. Облысты газдандыруды дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы 2000 жыл қазан Облыстық тұрғын үй- коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы, облыстық инфрақұрылым және құрылыс басқармасы Отын-энергетикалық кешен, көлік және инфрақұрылым бөлімі 12. Облысты электрлендіруді дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы 2000 жыл қараша Облыстық тұрғын үй- коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы, облыстық инфрақұрылым және құрылыс басқармасы, Батыс Қазақстан «РЭК» АҚ Отын-энергетикалық кешен, көлік және инфрақұрылым бөлімі 13. Облыста жылумен жабдықтауды жақсартудың 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы 2000 жыл желтоқсан Облыстық тұрғын үй- коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы Отын-энергетикалық кешен, көлік және инфрақұрылым бөлімі 14. Облыста телевиденияны дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы 2000 жыл қыркүйек Батыс Қазақстан облыстық радио-телехабар тарату орталығы Отын-энергетикалық кешен, көлік және инфрақұрылым бөлімі Әлеуметтік сала 15. Жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасы қаңтар жыл сайын Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі, экономикалық реформалар бөлімі 16. Облыста тұрмысы төмен азаматтарға шағын несие берудің 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы 2000 жыл тамыз-қыркүйек Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаменті Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі Денсаулық сақтау Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын қорғаудың кешенді бағдарламасы, оған мынадай кіші бағдарламалар енгізілген: - дәрігерлік-экологиялық - емдеу мекемелерінде иммунизацияның асептиктер мен антисептиктер жағдайы - ана мен отбасыны жоспарлау қауіпсіздігі - балалар тағамы - ана мен баланы қорғау - өткір және диарейлі аурулардың алдын алу және емдеу - салауатты өмір салтын қалыптастыру - дәрігерлік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру - селода денсаулық сақтауды реформалау - денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесін жаңғырту және қазіргі заманғы жабдықтарды енгізу - дәрімен қамтамасыз ету - нашақорлықты емдеу және дәрігерлік алдын алу тамыз жыл сайын Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 18. Спид-тің алдын алудын және күресудің 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы 2000 жыл қазан Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі Білім беру 19. 2001-2005 жылдарға арналған «Білім беру» бағдарламасы 2000 жыл тамыз-қыркүйек Облыстық білім басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 20. Облыста орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 2000 жыл желтоқсан Облыстық білім басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі Мәдениет 21. Селода мәдени-демалыс жұмыстарын сақтау және дамыту жөнінде кезек күттірмейтін шаралар турады 2001-2005 жылдарға арналған бағдарлама 2000 жыл қараша Облыстық мәдениет басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 22. Облыста туризм мен спортты дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасы 2000 жыл қыркүйек Облыстық туризм және спорт басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 23. Облыста мемлекеттік және басқа ұлттар тілдерін дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы 2000 жыл қазан Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 24. 2001 -2002 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облыстық жастар бағдарламасы 2000 жыл қыркүйек Облыстық мәдениет басқармасы, облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық білім басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі Құқық тәртібі 25. 2001-2005 жылдарға арналған қылмыспен күрестің облыстық бағдарламасы 2000 жыл желтоқсан Облыстық ішкі істер басқармасы Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі 26. 2001-2005 жылдар кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресу жөніндегі облыстық бағдарлама 2000 жыл желтоқсан Облыстық ішкі істер басқармасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің облыстық басқармасы. Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі 27. Облыста жасы толмағандар арасында құқықтық бұзушылықтың алдын алудын кешенді бағдарламасы 2000 жыл желтоқсан Облыстық білім басқармасы, облыстық ішкі істер басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі Экология 28. 2001-2003 жылдарға арналған «Экология» бағдарламасы 2000 жыл қыркүйек Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы Агроөнекәсіптік кешен бөлімі 29. 2001-2003 жылдарға арналған көгалдандыру бағдарламасы 2000 жыл қыркүйек Облыстық орман шаруашылығы басқармасы Агроөнекәсіптік кешен бөлімі
Басқа 5. Министерліктер мен ведомстволардың сұрау салуы бойынша негізгі мәліметтер мен ұсыныстарды көрсететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-қимыл Жоспарына енгізілген бағдарламалар ТІЗІМІ
Облыс әкімінің 2000 жылғы 7 қыркүйектегі N 166 шешіміне N 2 қосымша Министерліктер мен ведомстволардың сұрау салуы бойынша негізгі мәліметтер мен ұсыныстарды көрсететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-қимыл Жоспарына енгізілген бағдарламалар ТІЗІМІ №/№ Бағдарламалардың атауы Әзірлеушілер 1. Шұғыл шешімдерді қабылдауды қамтамасыз ету үшін статистикалық жүйені жетілдіру бағдарламасы. Облыстық статистика басқармасы, Ұлттық банктің филиалы (келісім бойынша), облыстық қаржы басқармасы, облыстық салық комитеті. 2. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа өту бағдарламасы. Ұлттық банктің филиалы 3. 2000-2002 жылдарға арналған сақтандыруды дамыту бағдарламасы Ұлттық банктің филиалы, Батыс Қазақстан сақтандыру компаниясы, “Көмек” сақтандыру компаниясы, Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы. 4. Салық инспекторларының біліктілігін арттыру бағдарламасы Облыстық салық комитеті 5. Кеден қызметін реформалау жөніндегі іс-қимыл жоспары Облыстық кеден басқармасы 6. Мұнай өнімдері айналымын мемлекеттік реттеуді күшейту жөніндегі бағдарлама Облыстық салық комитеті 7. Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін арттырудың бағдарламасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы, Облыстық қаржы басқармасы, Облыстық салық Облыстық экономика Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті 8. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын дамытудың бағдарламасы Ұлттық банк филиалы, Облыстық қаржы басқармасы 9. Қазақстан Республикасына 2001-2002 жылдар кезеңіне тікелей инвестиция тартудың бағдарламасы “Казинвест”, өкілдігі, Ұлттық банктың филиалы, Облыстық қаржы басқармасы, Облыстық экономика басқармасы, Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті 10. 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік инвестиция бағдарламасы Облыстық экономика басқармасы 11. «Сапа» бағдарламасы Облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттер, Облыстық “Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы” мемлекеттік кәсіпорны 12. Қазақстан Республикасында бірыңғай физикалық өлшелінің эталондық базасын дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы Облыстық “Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы” мемлекеттік кәсіпорны, облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттер 13. Қазақстан Республикасында стандарттаудың және сертификаттаудың ұлттық жүйесін дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы Облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттер, Облыстық “Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы” мемлекеттік кәсіпорын 14. Қазақстан Республикасының химия және мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы Облыстық экономика басқармасы, Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті 15. Өнеркәсіптің электронды және электротехникалық саласын дамыту бағдарламасы Облыстық экономика басқармасы 16. Ауыл шаруашылығы малдарын туберкулезден және бруцеллезден сауықтыру жөніндегі бағдарлама Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 17. 2001-2005 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамыз ету Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті 18. Қазақстан Республикасын инновациялық жағынан дамыту бағдарламасы Облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттер 19. "Химия және мұнай-химия өнекәсібінде отандық шикізат базасы негізінде технологиялық байланысты дамыту” бағдарламасы Облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттер 20. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы қауіпсіздік бағдарламасы Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық ішкі істер бағдарламасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті (келісім бойынша) 21. Қазақстан Республикасының минерал-шикізат базасын озық дамытуды қамтамасыз ететін жер қойнауын геологиялық зерттеу бағдарламасы Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы 22. Қалдықтарды басқарудың мемлекеттік бағдарламасы Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы 23. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі 11 агенттігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметін дамытудың және жетілдірудің бағдарламасы Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы 24. Тарихи-мәдени мұралар ескерткіштерін сақтау жөніндегі бірінші кезектегі шаралар бағдарламасы Облыстық мәдениет басқармасы 25. 2000-2002 жылдарға арналған әлеуметтік маңызды әдебиеттерді шығарудың ұлттық бағдарламасы Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыстық мәдениет басқармасы 26. Шетелдерде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы Облыстық мәдениет басқармасы, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыстық көші-қон және демография басқармасы 27. Қазақстан халықтары Ассамблеясы қызметінің бағдарламасы Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы 28. Почта – жинақтау жүйесін дамыту бағдарламасы Облыстық почта байланысы басқармасы. Облыстық қаржы басқармасы. Ұлттық банктің облыстық филиалы (келісім бойынша), «Халықаралық банк» АҚ филиалы (келісім бойынша) 29. Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы (екінші кезең) Облыстық әділет басқармасы