О мерах по организации поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.02.2004 № 39 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғау қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 қаулысын орындау үшін және облыста құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға азаматтарды белсенді қатыстыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселесін қарау жөніндегі облыстық комиссия құрамы қосымшадағыға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Комиссия өзінің жұмысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 қаулысымен бекітілген қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Т.Ш. Рақымжанов қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеудің 2001 жылға арналған шығыстарын қаржыландырудың бағдарламасы туралы ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) 2001 жылғы бюджетте қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеуге арналған шығыстарды қарасын.
Тармақ 5
5. Орал қаласының және аудандардың әкімдері қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселесін қарау жөнінде тиісті комиссияларды бекітсін және қазіргі заңдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 қаулысына сәйкес қаржыландыру мәселесін шешсін.
Тармақ 6
6. Шешім 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Тармақ 7
7. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И. Құлшарға жүктелсін.
Басқа 8. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселесін қарау жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 2000 жылғы 24 қарашадағы N 207 шешіміне қосымша Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселесін қарау жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Мәлік Иманқұлұлы Құлшар - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Галинур Ғалымқызы Шамшаева - облыстық мәслихаттың хатшысы, комиссия төрағасының орынбасары
Тармақ 3
3. Ишанғали Иманбайұлы Әубәкіров - ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, комиссия мүшесі
Тармақ 4
4. Асқар Шаңгерейұлы Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Тармақ 5
5. Татьяна Александровна Даньшина - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы