Об утверждении Правил применения тахографов при осуществлении международных автомобильных перевозок в Республике Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі тахографтарды қолданудың ережелерін бекіту туралы
Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдау қауiпсiздiгiн арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тахографтарды қолданудың ережелерi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Көлiктiк бақылау комитетi (Е.Ш.Қалқабаев) Ережелердi мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiк және коммуникациялар вице-Министрi Ә.Қ.Құсайыновқа жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 5. Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тахографтарды қолданудың ережелерi
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар
министрiнiң
2000 жылғы 3 қарашадағы
N 437-І бұйрығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тахографтарды қолданудың ережелерi
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелерi
1. Жалпы ережелерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тахографтарды қолданудың осы ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Европалық келiсiмге (бұдан әрi - ЕКК) сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасында тiркелген автокөлiк құралдарында тахографтарды қолданудың жалпы тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Ережелерде мынадай негiзгi түсiнiктер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) тахограф - автокөлiк құралының жүрген жолы мен қозғалыс жылдамдығы, жүргiзушiнiң еңбек және демалыс уақыты туралы мәлiметтердi арнайы диаграмды дискiлер бұдан әрi диаграмды дискiлер немесе тiркеу парақтарында автоматты немесе жартылай автоматты режимде үздiксiз тiркеу мақсатында автокөлiк құралдарына орнатылуға арналған бақылау құрылғысы;
Тармақша 2
2) диаграмды дискi - бақылау құрылғысына енгiзiлетiн және тiркелуге жататын ақпаратты үздiксiз жазу мен сақтауға арналған дискi;
Тармақша 3
3) түгендеу - мемлекеттiк метрологиялық бақылау жүргiзу;
Тармақша 4
4) халықаралық автомобиль тасымалдары - ең кемiнде бiр шекараны кесiп өтетiн кез келген автомобиль тасымалдары;
Тармақша 5
5) автокөлiк құралдары - автобус, жүк автомобильдерi, сондай-ақ тiркемелер мен жартылай тiркемелердi қоса алғандағы автокөлiк құралдарының кез келген құрамын қоса алғандағы автомобиль көлiгiнiң жылжымалы құрамы;
Тармақша 6
6) тасымалдаушы - меншiк құқында немесе басқа да құқықтық негiздерде бiр немесе бiрнеше автокөлiк құралдарын иеленушi және жолаушылар, жолаушы жүгi мен жүктердi тасымалдау бойынша қызмет көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 7
7) жүргiзушi - автокөлiк құралын басқаратын немесе автокөлiк құралында қажет болған кезде оны басқару үшiн орналасқан тұлға;
Тармақша 8
8) басқарудың күнделiктi ұзақтығы - күнделiктi демалыстың кез келген екi кезеңi немесе күнделiктi және апталық демалыс кезеңдерi арасындағы басқару ұзақтығы;
Тармақша 9
9) апта - дүйсенбiнiң 00.00 сағатынан жексенбiнiң 24.00 сағатына дейiнгi уақыт мерзiмi;
Тармақша 10
10) демалыс - жүргiзушi өз уақытын еркiн пайдалана алатын, ұзақтығы бiр сағаттан кем емес, кез келген үздiксiз кезең;
Тармақша 11
11) доңғалақтардың шиналарының тиiмдi шеңберi - сынақтың қалыпты жағдайларында автокөлiк құралының бiрнеше жетекшi доңғалақтарының жүрiп өткен қашықтығының орташа мәнi.
Тармақ 2. 2. Қолдану аумағы
2. Қолдану аумағы
Тармақ 3
3. ЕКК-ге қатысушы мемлекеттiң аумағында тiркелген автокөлiк құралдары Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асырған кезде, мемлекеттердiң құзыреттi органдары керiсiнше келiспеген жағдайда, тахографтармен жабдықтауға тиiстi.
Тармақ 4
4. ЕКК-ге қатыспаушы мемлекеттің аумағында тiркелген автокөлiк құралдары Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асырған кезде осы автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнің еңбек және демалыс режимiнің күнделiктi тiркеу парақтарын толтыруға рұқсат берiледi.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының аумағына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын, тахографпен немесе жүргiзушiлерi еңбек және демалыс режимiнің күнделiктi тiркеу парақтарын толтырмаған автокөлiк құралдарына кiруге тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Ереженiң күшi мыналарға тарамайды:
Тармақша 1
1) жүктердi тасымалдауға арналған, тiркемелер мен жартылай тiркемелердің салмағын қоса алғандағы рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3,5 тоннадан аспайтын автокөлiк құралдары;
Тармақша 2
2) жолаушыларды тасымалдауға арналған және өз құрылысы мен жабдықталуына байланысты, жүргiзушiмен қоса алғанда тоғыз адамды тасымалдай алатын және осы мақсатқа арналған автокөлiк құралдары;
Тармақша 3
3) ұзындығы 50 км-ден аспайтын тұрақты желiлерде жолаушыларды тасымалдауға арналған автокөлiк құралдары;
Тармақша 4
4) рұқсат етiлген ең жоғары жылдамдығы 30 км-ден аспайтын автокөлiк құралдары;
Тармақша 5
5) қарулы күштер, азаматтық қорғаныс органдары, өрт сөндiру қызметi мен қоғамдық тәртiптi демеу күштерінің автокөлік құралдары;
Тармақша 6
6) канализация, су тасқынынан қорғау қызметтерi, су, газ және электрмен қамтамасыз ету, жолдарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу үшiн, қалдықтарды жинау мен жою үшiн, телеграф пен телефон қызметтерiмен, пошталық жөнелтiлулердi тасымалдау үшiн, радио және теледидарлық таратқыштар мен қабылдағыштарды анықтау үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдары;
Тармақша 7
7) төтенше жағдайлар мен құтқару операциялары кезiнде пайдаланылатын автокөлiк құралдары;
Тармақша 8
8) медициналық мақсаттарда пайдаланылатын арнайы автокөлiк құралдары;
Тармақша 9
9) цирктiк немесе жәрмеңкелiк жабдықтарды тасымалдайтын автокөлiк құралдары;
Тармақша 10
10) арнайы апатты автокөлiк құралдары;
Тармақша 11
11) техниканы жетiлдiру, жөндеу немесе қызмет көрсету мақсатында жол сынақтарынан өтiп жатқан және пайдалануға жiберiлмеген, жаңа немесе қайта жабдықталған автокөлiк құралдары;
Тармақша 12
12) жүктердi коммерциялық емес тасымалдау үшiн пайдаланатын жеке пайдаланудағы автокөлiк құралдары;
Тармақша 13
13) фермаларда сүттi жинау және сүт ыдыстары мен малды азықтандыру үшiн арналған сүт тағамдарын фермаға қайта әкелу үшiн пайдаланатын автокөлiк құралдары.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасында автокөлiк құралдарында қолданылатын тахографтар Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Европалық келiсiмiнiң (ЕКК) талаптарына сәйкес болуға тиiстi және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында тахографтарды қолдануға рұқсат беретiн өлшеу құралы тұрпатын бекiту туралы сертификат, сондай-ақ, олардың мемлекеттiк метрологиялық тексеруден (түгендеуден) өткен немесе түгендеу белгiсi туралы күшi бар куәлiкке ие болуы тиiс.
Тармақ 8
8. Шетелдiк автокөлiк құралдарында қолданылатын тахографтар, олар Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдарды жүзеге асырған уақытта ЕКК-нiң талаптарына сәйкес болуы тиiс.
Тармақ 3. 3. Жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимi
3. Жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимi
Тармақ 9
9. Автокөлiк құралын басқарудың күнделiктi ұзақтығы 9 сағаттан аспауы тиiс. Ол кез келген аптаның iшiнде 10 сағатқа дейiн екi рет көбейтiлуi мүмкiн (1-қосымша).
Тармақ 10
10. Автокөлiк құралын басқарудың жалпы ұзақтығы кез келген екi аптаның iшiнде 90 сағаттан аспауы тиiс.
Тармақ 11
11. Автокөлiк құралын үздiксiз төрт жарым сағат басқарғаннан кейiн, егер демалыс уақыты келмесе, жүргiзушi 45 минуттан артық үзiлiс жасауы тиiс.
Тармақ 12
12. Бұл үзiлiс қосындысы 45 минут болатындай етiп кезеңнiң iшiнде үлестiрілген, әр қайсысының ұзақтығы 15 минуттан кем емес үзiлiспен ауыстырылуы мүмкiн.
Тармақ 13
13. Осы үзiлiстердiң iшiнде жүргiзушi басқа ешқандай жұмыс iстемеуi тиiс.
Тармақ 14
14. Үзiлiстер күнделiктi демалыс кезеңдерi ретiнде қаралмайды.
Тармақ 15
15. Әрбiр 24 сағат iшiнде жүргiзушi ұзақтығы 11 сағаттан кем емес күнделiктi демалысқа ие болуы тиiс. Келесi аптаның соңына дейiн оған өтем ретiнде демалыс берiлетiн жағдайда, бұл демалыс бiр аптаның iшiнде 9 сағатқа дейiн үш рет қысқартылуы мүмкiн. Демалыс ұзақтығы қысқартылмаған күндерi, ол 24 сағат iшiнде екi немесе үш жеке кезеңге бөлiнуi мүмкiн, бұл жағдайда бөлiктердiң бiреуi қатарынан 8 сағаттан кем болмау тиiс.
Тармақ 16
16. Егер әрбiр 30 сағат iшiнде автокөлiк құралын ең кемiнде екi жүргiзушi басқарса, онда әрбiр жүргiзушi ұзақтығы қатарынан 8 сағаттан кем емес демалысқа ие болуы тиiс.
Тармақ 17
17. Күнделiктi демалыс кезеңi, егер автокөлiк құралында жататын орын және автокөлiк құралы тұрақта тұрған жағдайда пайдаланылады.
Тармақ 18
18. Жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауда жүргiзушi бағыт учаскесiнде паромда немесе темiр жолмен тасымалданатын автокөлiк құралын жолдап отырса, оның күнделiктi демалысы бiр реттен артық үзiлуге тиiстi емес.
Тармақ 19
19. Әрбiр жұмыс аптасының iшiнде жүргiзушi ұзақтығы 45 сағат болатын апталық демалысқа ие болуы тиiс. Егер демалыс автокөлiк құралының не жүргiзушiнiң жазылған жерiнде қолданылса, ол 36 сағатқа дейiн қысқартылуы мүмкiн, егер ол басқа жерде қолданылса, 24 сағатқа дейiн қысқартылуы мүмкiн. Демалыс ұзақтығының кез келген қысқартылуы үш аптаның iшiнде тиiсiнше уақыт беру арқылы өтелуi тиiс.
Тармақ 20
20. Егер басқару жалпы ұзақтығы басқарудың алты күнделiктi кезеңiне сәйкес болған жағдайда, апталық демалыс автокөлiк құралын басқарудың алты күнделiктi кезеңiнен кейiнгi алтыншы күннiң соңына дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
Тармақ 21
21. Реттелген желiлерден басқа, халықаралық жолаушы тасымалдарында автокөлiк құралдарын басқарудың он екi күнделiктi кезеңiнен кейiн тиiсiнше он екiншi күннiң соңына дейiн апталық демалыс кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
Тармақ 22
22. Күнделiктi және апталық демалысты қысқартқаны үшiн өтем ретiнде пайдаланылатын кез келген демалыс ұзақтығы 8 сағаттан кем емес басқа демалыс кезеңiне қосылуы тиiс және автокөлiк құралының тұрақтағы орны немесе жүргiзушiнiң жазылған жерiнде жүргiзушiнiң сұрауы бойынша берiлуi мүмкiн.
Тармақ 23
23. Жол жүру қауiпсiздiгiне қауiп төндiрмеу және қолайлы тұрақ орнына қол жеткiзу үшiн, жүргiзушi автокөлiк құралында орналасқан адамдардың, автокөлiк құралының немесе онда орналасқан жүктiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, қажеттi мөлшерде ЕКК-нiң ережелерiнен аластауы мүмкiн. Жүргiзушi ережелерден аластаудың сипаты мен себептерiн тiркеу парақтары мен диаграмды дискiде көрсетуi тиiс.
Тармақ 4. 4. Тахографтарды орнату мен пайдалануға қойылатын талаптар
4. Тахографтарды орнату мен пайдалануға қойылатын талаптар
Тармақ 24
24. Көлiк құралдарында тахографтарды орнату осы бақылау құрылғыларын орнату жөнiндегi талаптарды реттейтiн нормативтi құжаттарға сәйкес жасалады.
Тармақ 25
25. Тахограф, жүргiзушi өз орнынан спидометр, жол есептегiш пен сағаттың көрсетулерiне бақылау жасай алатындай етiп автокөлiк құралында орнатылуы тиiс. Тахограф, жетекшi элементтермен қоса, кездейсоқ сынудан қорғалуы тиiс.
Тармақ 26
26. Тахограф, орнату кезiнде тексерiлгеннен кейiн, автокөлiк құралында құрылғының жанында немесе құрылғының өзiнде орнатылғаны туралы тақтайша орнатылуы тиiс. Құрылғының мәлiметтерiн өзгерту қажет болған жағдайда, әрбiр тексеруден кейiн, бұрынғы тақтайшаның орнына жаңа тақтайша орнатылады.
Тармақ 27
27. Әрбiр тахограф заңнамада белгiленген тәртiппен тексеруге жатады. Тексерудiң нәтижесi ретiнде тахографтың қолдануға жарамдылығы не жарамсыздығы болып табылады. Тахографты тексерудің оң нәтижесi оның тексеруден өткенi туралы куәлiк немесе тексеру белгiсiмен куәландырылады. Тахографты тексеру туралы куәлiк белгiленген мерзiм iшiнде сақталып, бақылау органдарының талабы бойынша ұсынылады.
Тармақ 28
28. Тахографтарды тексеру өндiрiстен шыққан кезде немесе жөндеу, импорт ретiнде әкелiнген және пайдалану барысында жүзеге асырылады. Тахографтарды тексеруге ұсыну заңнамамен белгiленген ретпен жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Автокөлiк құралдарында орнатылған тахографтарды мерзiмдi тексерулер екi жылдың ішінде бiр реттен кем емес жасалуы тиiс. Олар көлiк құралдарының техникалық байқауымен бiрге өткiзiлуi мүмкiн және келесi тексерулердi қосады:
Тармақша 1
1) бақылау құрылғысы жұмысының дұрыстығы;
Тармақша 2
2) бақылау құрылғысында тұрпатының ресми бекiтiлу таңбасының бар болуы;
Тармақша 3
3) орнатылу немесе тексеру туралы тақтайшаның бар болуы;
Тармақша 4
4) доңғалақтардың тиiмдi шеңберінің нақты мәнi;
Тармақша 5
5) бақылау құрылғысы мен басқа да бөлiктердегi пломбысының тұтастығы.
Тармақ 30
30. Пайдалану барысында тахографтардың өлшейтiн нақты параметрлердің ең үлкен рұқсат етілген параметрлерден ауытқуын тексеру мақсатындағы инспекция жылына бiр реттен кем емес өткiзiлуге тиiстi. Бұл сынақ кезiнде орнату мәлiметтерi бар тақтайшалардың ауыстырылуы жасалуы тиiс.
Ескерту: 30-тармақ өзгертілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 308-І бұйрығымен .
Тармақ 31
31. Диаграмды дискiлер (2-қосымша) бақылау құрылғысының қалыпты жұмысын қиындатпайтын, ал онда жиналған жазбалар өшiрiлмейтiн және жеңiл оқылатындай болуға тиiстi.
Тармақ 32
32. Диаграмды дискiлер өзiнiң көлемi мен оған түсiрiлген жазбаларды дымқылдық пен температураның қалыпты жағдайларында бiр жылдан кем емес уақыт ішінде сақтауға тиiс.
Тармақ 33
33. Жұмыс күнiнiң басында әрбiр жүргiзушi алдын-ала диаграмды
дискiнiң орта бөлiгiне қолмен келесiнi жазуға тиiстi:
Тармақша 1
1) * - фамилиясы, аты-жөнi;
Тармақша 2
2) * - жөнелту пунктiсi;
Тармақша 3
3) Dаt. - дискiнi орнату датасы (сызықтың
Тармақша үстiнде
үстiнде);
Тармақша 4
4) NO - автокөлiк құралының тiркелу
нөмiрi;
Тармақша 5
5) * - жорықты есептегiштің бастапқы
көрсеткiшi;
Тәулiктiк жұмысты аяқтағаннан кейiн диаграмды дискiнi бақылау
құрылғысынан алып келесi жазбалармен толықтыру керек.
Тармақша 6
6) * - келу пунктiсi;
Тармақша 7
7) Dаt. - дискіні алу датасы (сызықтың
Тармақша астында
астында);
Тармақша 8
8) * - жорықты есептегiштің соңғы
көрсеткiшi;
Тармақша 9
9) NO - жол жүру кезiндегi жорықты
есептеу.
________________________________
РҚАО-ның ескертуі: * Бейне белгілерді қағаздағы мәтіннен қарауыңызды сұраймыз.
Тармақ 34
34. Бiр жұмыс күнi ішiндегi автомобильдi ауыстыру кезiнде диаграмды дискiнің сыртқы жағының орта бөлiгi қолмен толтырылады:
Тармақша 1
1) * - автомобильдi ауыстыру уақыты;
Тармақша 2
2) NO - жаңа автомобильдiң тiркеу нөмiрi;
Тармақша 3
3) * - жорықты есептегiштiң бастапқы
көрсеткiшi;
Осылай толтырылған диаграмды дискi басқа автомобильдiң бақылау
құрылғысына көшiрiледi. Жорық аяқталған соң дискiнi келесi жазумен
толтыру керек:
Тармақша 4
4) * - жорықты есептегiштiң соңғы
көрсеткiшi;
Тармақша 5
5) КМ - жол жүру кезiндегi жорық.
Жалпы қосқанда дискi үш автомобильге дейiн ауыстыру туралы жазуды қамтамасыз етедi.
________________________________
Тармақ 35
35. Нысанына тәуелсiз дискiлердегi жазбалардың ең төмен мүмкiн ұзақтығы 24 сағат болуға тиiс.
Тармақ 5. 5. Тахографтарды қолдану кезiндегi жүргiзушiлердiң мiндеттерi
5. Тахографтарды қолдану кезiндегi жүргiзушiлердiң мiндеттерi
Тармақ 36
36. Автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерi:
Тармақша 1
1) тахографтардың дұрыс пайдалануын, оның уақтылы қосылуын және тахографтың тұтқаларының жұмыстың сәйкесiнше режимдерiне ауыстырылуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) диаграмды дискiлердiң уақытылы орнатылуын, ауыстырылуын және тиiстi толтырылуын, сондай-ақ оның сақталуын қамтамасыз етуге тиiстi. Лас немесе зақымдалған диаграмды дискiлердi пайдалануға жарамайды. Бұған қатысты диаграмды дискiлер сенiмдi сақталуға тиiстi. Жазбалары бар диаграмды дискiнiң зақымдалуы болған жағдайда жүргiзушi зақымдалған дискiнi оны ауыстыру үшiн пайдаланылатын қосымша дискіге қосуға тиiстi;
Тармақша 3
3) диаграмды дискiнi оны қабылдап алған күннен бастап жүргiзушi автокөлiк құралын басқарған әр күн сайын пайдалануға;
Тармақша 4
4) тахограф iстен шыққан кезде, еңбек және демалыс режимiнiң жазбасын диаграмды дискiнiң сыртқы жағында оған түсiрiлген графикалық белгілердi пайдалана отырып жүргiзу керек және қысқа уақытта ақауларды жою шараларын қабылдау керек. Жүргiзушi автокөлiк құралынан тысқары болып, бақылау құрылғысын пайдалана алмаса, олар өздерiнiң диаграмды дискiлерiне iс-әрекеттерi мен демалысы туралы мәлiметтердi қолмен енгiзуге тиiстi;
Тармақша 5
5) көлiктiк бақылау жүргiзу өкiлеттiгiне ие мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне ағымды апта мен алдыңғы аптаның соңғы күнiнiң толтырылған диаграмды дискiлерiн, өлшеу құралдарының тұрпатын бекiту туралы сертификат, сондай-ақ тахографтың тексерiстен өткенi туралы куәлiктi ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 6. 6. Тахографты пайдалана отырып автомобиль көлiгiмен тасымалдарды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың мiндеттерi
6. Тахографты пайдалана отырып автомобиль көлiгiмен тасымалдарды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың мiндеттерi
Тармақ 37
37. Тасымалдаушы:
Тармақша 1
1) пайдалану ұзақтығы мен бүлiну немесе бақылау органдары алып қойған жағдайда ауыстыру мүмкiндiгiн ескере отырып, автокөлiк құралдары жабдықталған тахографтарда пайдалану үшiн жарамды белгiленген үлгiдегi диаграмды дискiлердiң қажеттi мөлшерiн жүргiзушiлерге беруi;
Тармақша 2
2) әрбiр жүргiзушiнiң толтырылған диаграмды дискiлерiн соңғы жазбадан соң 12 айдан кем емес мерзiм iшiнде, ал тахографтарды тексеру туралы куәлiктердi - оларды берген мерзiмнен бастап 3 жыл iшiнде сақтауға;
Тармақша 3
3) қолдарында бар толтырылған диаграмды дискiлердi пайдалана отырып, жүргiзушiлердiң автокөлiк құралдарын басқарудың уақыт нормаларын, басқа жұмыс пен демалыс кезеңдерiн қадағалауды үнемi бақылау, диаграмды дискiлердегi мәлiметтердi талдау және, бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, оларды жою шараларын қабылдауға;
Тармақша 4
4) осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетiлген құжаттарды көлiктiк бақылау жүргiзу өкiлеттiгiне ие мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 7. 7. Тахографты пайдалануды бақылау
7. Тахографты пайдалануды бақылау
Тармақ 38
38. Бақылауға жататындар:
Тармақша 1
1) тахографтардың бар болуы, дұрыстығы мен 7, 8 тармақтарға сәйкестігі, сондай-ақ жүргізушінің осы Ереженің 36-тармағында көрсетілген, оны пайдалану шарттарын қадағалау;
Тармақша 2
2) жүргізушi автокөлiк құралын басқарған ағымдағы апта мен алдыңғы аптаның соңғы күні бойынша диаграмды дискiлерге толтырылған жазбалар қозғалыстың жылдамдық режимдерiн, еңбек және демалыс режимдерін қадағалау;
Тармақша 3
3) тахографтағы белгiнiң бедерлемесiнің жағдайы, ауыстыру параметрлері тақтайшасының бар болуы.
Тармақ 39
39. Халықаралық автамобиль тасымалдарын жүзеге асыратын автокөлiк құралдары жүргiзушлерiнің ЕКК-нiң талаптарын, сондай-ақ осы Ереженi бұзушылықтарын анықтаған кезде көлiктік бақылау жүргізу өкілеттiгіне ие мемлекеттік органдардың қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шаралар қолданады.
Тармақ 8. 8. Тахографтарды пайдалану ережелерiн бұзғаны үшiн жүргізушiлер мен тасымалдаушылардың жауапкершілiгi
8. Тахографтарды пайдалану ережелерiн бұзғаны үшiн жүргізушiлер мен тасымалдаушылардың жауапкершілiгi
Тармақ 40
40. Жүргiзушiлер мен тасымалдаушылар тахографтарды пайдалану ережелерін бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамаларымен сәйкес жауап тартады.
Басқа 111. ЕКК-мен реттелген жүргізушілердің еңбек және демалыс режімдерінің кестесі
Қазақстан Республикасында
халықаралық автомобиль
тасымалдарын жүзеге асыру
кезінде тахографтарды қолдану
Ережелеріне
1-қосымша
ЕКК-мен реттелген жүргізушілердің еңбек және демалыс режімдерінің кестесі
____________________________________________________________________ * *
Жүргізу. Режим үздіксіз үзіліс. Тәулік Апта Күнде. Апталық
шілердің басқару. тің ең ішінде. ішін. лікті демалыс
саны дың ең төмен гі бас. дегі дема. тың ең
жоғарғы уақыты қарудың бас. лыстың төмен
уақыты ең жо. қару. ең тө. уақыты
ғарғы дың мен уа.
уақыты ең жо. қыты
ғарғы
уақы.
ты
(Ескерту: Бейне таңбаларын қағаздағы мәтіннен қараңыз.)
____________________________________________________________________
1 жүргі. Норма. 4,5 45 9 Кез
зуші сы сағат минут сағат келген
___________________________________екі апта 11 45
15 ішіндегі сағат сағат
минут. аптасына 90 сағат __________
тан 2 күн ** **
кем 10 -аптасы. -
емес сағаттан на 3 күн шоғыр
интер. 9 сағат. ланды
вал. тан; ру же
дарға -біреуі рінде
бөлу 8 сағат. 36сағ
тан кем - кез
емес келген
болатын басқа
2 немесе жерде
3 интер. 24сағ
валмен
12 сағат.
тан
____________________________________________________________________
2 жүргі. осын. осын. осындай 90 сағат 30 сағат осын
зуші дай дай дай жұмыс
ішінде
әрбір
жүргіз.
уші үз.
діксіз
8 сағат.
тан
кем емес
демалыс.
қа ие
болуға
тиісті
____________________________________________________________________
* автомобильдің кабинасындағы жататын орынды демалыс үшін пайдалану тек тұрақта болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
** демалыс ұзақтығының нормадан қысқаруы апта соңында көбеюімен өтеледі.
Басқа 112. Диаграмды дискі
Қазақстан Республикасында
халықаралық автомобиль
тасымалдарын жүзеге асыру кезінде
тахографтарды қолдану Ережелеріне
2-қосымша
Диаграмды дискі