Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарлардың пайдалану Қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Қ. М. Әлімовке жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 4
Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 27 қарашадағы № 3407
қаулысымен бекітілген
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидалары
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 246-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 22) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) жануарлар – ауыл шаруашылығы және үй жануарлары;
Тармақша 2
2) иесіз жануарлар – иелері бар, және уақытша олардың иелігінен (қамқорлығынан) шыққан, иелері жоқ немесе иелері белгісіз, сонымен қатар иесі оларға меншік құқығынан бас тартқан жануарлары;
Тармақша 3
3) жануардың иесі – меншігінде немесе өзгеше иелігінде жануары бар жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – қала әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, қалалық коммуналдық меншігін басқаруға уәкілетті мемлекеттік атқарушы орган.
Бөлім 2. 2. Иесіз жануарларды пайдалану
2. Иесіз жануарларды пайдалану
Тармақ 2
2. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруы міндетті.
Егер меншік иесі немесе оның тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстап алған тұлға ұсталған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы меншік иесін іздестіру шараларын қабылдау үшін iшкi iстер органдарына немесе жергілікті атқарушы органдарға жазбаша түрде мәлімдеуі тиіс.
Тармақ 3
3. Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезеңінде жануарларды ұстаушы адам оларды өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдыруы немесе оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкiн. Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi бойынша оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар адамды iздеп табуды және оларға жануарларды берудi жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жануарларды ұстап алған адам және олар бағуы және пайдалануына берiлген адам жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны шегінде жауапты болады.
Тармақ 5
5. Жануарларды меншiк иесiне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және жануарлады бағып, пайдаланып келген адам сол меншiк иесiнен жануарларды пайдаланудан алынған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы.
Тармақ 6
6. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын ұстап алған адам олардың меншiк иесiнен Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 245 бабының 6 тармағына сәйкес сыйақы алуға құқылы.
Бөлім 3. 3. Қараусыз жануарларға мемлекеттік меншік құқығының пайда болуы
3. Қараусыз жануарларға мемлекеттік меншік құқығының пайда болуы
Тармақ 7
7. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» қаулысымен белгiленген тәртіп бойынша пайдаланылады.
Тармақ 8
8. Жануарлар мемлекет меншiгiне көшкеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген ретте сол жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн жағдайлар болған кезде – ол аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органдарымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттармен, ал келiсiмге келмеген кезде - сот арқылы оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.
Тармақ 9
9. Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде - екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi.
Бөлім 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Қараусыз жануарларды есепке алу, сақтау, бағалау және сатуды ұйымдастыруға байланысты шығындар Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес жергілікті бюджет қаржысынан жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Қараусыз жануарларды сатудан түскен қаражаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бес жұмыс күні ішінде жергілікті бюджетке аударылады.
Тармақ 12
12. Қараусыз жануарларды коммуналдық меншікке қабылдау үшін негіз болған актінің сотпен күші жойылған жағдайда, уәкілетті орган қараусыз жануарды бұрынғы иесіне қайтарады.