Об утверждении Правил лицензирования деятельности по технической защите государственных секретов Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2007 № 505 (ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметті лицензиялаудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметті лицензиялаудың Ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 желтоқсандағы N 1842 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметті лицензиялаудың Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді және ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, жасауды, монтаждауды, оңдауды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметті, ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, жасауды, монтаждауды, оңдауды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, лицензиялауды мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрі - Лицензиар) жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.03.21. N 287 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Тармақ 4
4. Лицензия басты болып табылады.
Тармақ 5
5. Лицензияны басқа тұлғаға беруге тыйым салынады.
Тарау 2. 2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары
2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары
Тармақ 6
6. Мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау жөніндегі қызметтің нақты түрін жүзеге асыруға лицензия, біліктілік деңгейі белгіленген талаптарға сәйкес келетін, жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі - Лицензиат) беріледі.
Тармақ 7
7. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
Тармақша 2
2) Лицензиаттың осы Ереженің 8-тарауының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
Тармақша 3
3) лицензиялық алымның енгізілгендігін растайтын құжат.
Тармақ 8
8. Лицензия алу үшін ұсынылған барлық құжат Лицензиарда тіркеледі.
Тармақ 9
9. Лицензиат лицензия алу үшін Лицензиарға ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің шынайылығы мен толықтығы үшін жауап береді.
Тармақ 10
10. Лицензиялық алымның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тарау 3. 3. Сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу
3. Сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу
Тармақ 11
11. Өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін сараптама комиссиясы құрылады. Сараптама комиссиясының жұмыс тәртібі мен сандық құрамын Лицензиар айқындайды.
Тармақ 12
12. Сараптама қорытындысында өтініш берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметтің таңдап алынған түрінде жұмысты жүзеге асыру мүмкіндігіне баға беріледі.
Тарау 4. 4. Лицензияны беруден бас тарту
4. Лицензияны беруден бас тарту
Тармақ 13
13. Егер:
Тармақша 1
1) субъектілердің осы санаттары үшін белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыруға заңнамалық кесімдерде тыйым салынған болса;
Тармақша 2
2) осы Ереженің 7-тармағында көзделген құжаттар түгел ұсынылмаса. Өтініш беруші аталған кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздерде қаралады;
Тармақша 3
3) сараптама комиссиясы өтініш берушінің өтініш жасалған қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіні туралы қорытынды шығарса;
Тармақша 4
4) өтініш беруші кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды төлемесе;
Тармақша 5
5) өтініш берушіге қатысты қызметтің осы түрімен айналысуына тыйым салатын сот шешімі болса лицензия берілмейді.
Тармақ 14
14. Лицензияны беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі.
Тарау 5. 5. Лицензия беру
5. Лицензия беру
Тармақ 15
15. Лицензиялар барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап бір айлық мерзімнен кешіктірілмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, егер заңнамалық кесімдерде өзге мерзім белгіленбесе - 10 күндік мерзімнен кешіктірілмей беріледі.
Тармақ 16
16. Лицензиялар қорғалу дәрежесі, ұсынушы үшін бағалы қағаздар деңгейіндегі қорғаудың тиісті дәрежесі бар бланкілерде ресімделеді.
Тармақ 17
17. Лицензия жоғалған жағдайда Лицензиат телнұсқасын алуға құқылы. Лицензиар он күн ішінде Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензияның төлнұсқасын беруді жүргізеді. Бұл ретте Лицензиат жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым төлейді.
Тарау 6. 6. Лицензия күшінің жойылуы
6. Лицензия күшінің жойылуы
Тармақ 18
18. Лицензия:
Тармақша 1
1) лицензия кері қайтарылып алынған;
Тармақша 2
2) азаматтың кәсіпкерлік қызметі тоқтатылған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда өз күшін жояды.
Тармақ 19
19. Лицензия күшін жоюға байланысты дауларды сот шешеді.
Тарау 7. 7. Лицензияны кері қайтарып алу және оның күшін тоқтата тұру.
7. Лицензияны кері қайтарып алу және оның күшін тоқтата тұру.
Тармақ 20
20. Егер заңнамалық кесімдерде өзгеше көзделмесе, лицензия:
Тармақша 1
1) Лицензиат лицензия алу кезінде қасақана жалған ақпарат ұсынған;
Тармақша 2
2) сот Лицензиатқа оны жүзеге асыруға лицензия берілген қызмет түрімен айналысуға тыйым салған;
Тармақша 3
3) Лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған;
Тармақша 4
4) Лицензиар лицензия үшін тоқтата тұрған себептер жойылмаған жағдайларда сот тәртібімен кері қайтарылуы мүмкін.
Тармақ 21
21. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерін көрсетіп лицензияның күшін алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 22
22. Лицензиат лицензия күшін тоқтата тұру туралы шешімге сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
Тармақ 23
23. Олар бойынша лицензияның күші тоқтатылған себептер жойылғаннан кейін лицензия қайта күшіне енеді.
Тармақ 24
24. Лицензияның күшін тоқтата тұру, қайта күшіне енгізу немесе кері қайтарып алу туралы шешімді Лицензиар қабылдайды. Лицензиар лицензияның күшін тоқтата тұру, қайта күшіне енгізу немесе кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 күндік мерзімде бұл туралы Лицензиатқа жазбаша нысанда хабарлайды. Лицензиат аталған хабарды алған күннен бастап лицензияның күші тоқтата тұрылады, күшін жояды немесе қайта күшіне енеді.
Тарау 8. 8. Біліктілік талаптары
8. Біліктілік талаптары
Тармақ 25
25. Біліктілік талаптарына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) өтініш берілген қызмет түрлері бойынша ақпаратты қорғаумен айналысатын білікті ғылыми және инженерлік-техникалық персоналдың болуы;
Тармақша 2
2) ұйымда өтініш берілген қызмет түрін қамтамасыз ету үшін қажетті өндірістік, сынау және бақылау-өлшегіш жабдықтарының болуы;
Тармақша 3
3) өтініш берілген қызмет түрі үшін пайдаланылатын өлшегіш приборлары мен жабдықтарды метрологиялық салыстырып тексерудің метрология жөніндегі уәкілетті орган берген куәлікпен расталуы;
Тармақша 4
4) өтініш берілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті шарттардың болуын, сондай-ақ өтініш беруші ұйым басшысының немесе ол лицензияланатын қызметті басқаруға уәкілеттік берген адамдардың кәсіби жарамдылығын растайтын сараптама материалдары;
Тармақша 5
5) егер, өтініш берілген қызметті жүзеге асыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты болған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдаланумен жұмыстарды жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті берген рұқсаттың болуы;
Тармақша 6
6) көрсетілген мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды орындау процесінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау (қажет болған жағдайда).
Тарау 9. 9. Есепке алу және бақылау
9. Есепке алу және бақылау
Тармақ 26
26. Лицензиар берілген, күші тоқтата тұрылған және кері қайтарылып алынған лицензиялардың тізілімін жүргізеді, ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, жасауды, монтаждауды, оңдауды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғаумен байланысты жұмыстарды орындайтын Лицензиаттардың лицензиялық шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Тарау 10. 10. Жауапкершілік
10. Жауапкершілік
Тармақ 27
27. Лицензияны беруден негізсіз бас тартқаны, өтініштерді қарау мерзімдерін бұзғаны, лицензияның күшін негізсіз тоқтата тұрған үшін Лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген тәртіппен жауап береді.
Тармақ 28
28. Лицензиат қызметті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін заңнамалық кесімдерде белгіленген жауапкершілікке тартылады.