Об утверждении Правил рассмотрения заявления на установление сроков и обязательного количества выхода продуктов переработки, образующихся в результате операций по переработке товаров на/вне таможенной территории Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің мерзімдері мен міндетті түсім санын белгілеуге арналған өтініштерді қарау Ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2005 № 124 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына, "Кейбiр кедендiк режимдерге орналастыруға жататын не жекелеген кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 8 сәуiрдегi N 538 қаулысына сәйкес Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Мыналар бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнің мерзiмдерi мен мiндеттi түсiм санын белгiлеуге арналған өтiнiштердi қарау Ережелерi (бұдан әрi - Ереже) (1-қосымша).
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен міндеттi түсiм санын белгiлеуге арналған өтiнiш нысаны (бұдан әрi - Өтiнiш) (2-қосымша).
Тармақ 2
2. Мұнай және газ, ауыр өнеркәсiп, өңдеушi өнеркәсiп және импортты алмастыру департаменттерiне:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен міндеттi түсiм санын белгiлеуге арналған құжаттарды қарау;
Тармақша 2
2) Сауда департаментiне ай сайын Өтiнiшке орай (Ереженiң 1-9-тармақтары) мәлiметтердi көрсете отырып, шешiмдердiң шығыс нөмiрiн, орындаушының тегiн және телефонын көрсетумен берiлген шешiмдер туралы ақпаратты берiп отыру жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Сауда департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртiппен Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өтуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен міндеттi түсiм санын белгiлеу туралы берiлген шешiмдердің тiзiлiмдерiн жүргізсін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің Кеден комитетiне ай сайын Өтiнiшке орай (Ереженiң 1-9-тармақтары) мәлiметтердi, шешiмдердiң шығыс нөмiрiн, орындаушының тегiн және телефонын көрсетумен берiлген шешiмдер туралы ақпаратты берiп отырсын;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiне қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзімдерi мен мiндеттi түсiм санын белгiлеу туралы шешiмдерге қол қоюға құқығы бар уәкiлеттi тұлғалардың қолының үлгiлерiн берсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықты бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрi Қ.А. Бозымбаевқа жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс
министрлiгінiң Кеден
комитетiмен келiсiлдi
11. 10. 2000 ж.
Басқа 14. Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөнiндегі операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен мiндеттi түсiм санын белгілеуге арналған өтiнiштердi қарау ережесi
Қазақстан Республикасы
Энергетика, индустрия
және сауда министрлiгiнiң
2000 жылғы 6 қарашадағы
N 370 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөнiндегі операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен мiндеттi түсiм санын белгілеуге арналған өтiнiштердi қарау ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына , "Кейбiр кедендiк режимдерге орналастыруға жататын немесе жекелеген кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 сәуiрдегi N 538 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Кейбiр кедендiк режимдерге орналастыруға жататын немесе жекелеген кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен мiндеттi түсiм санын (бұдан әрi - тауарларды) "Кейбiр кедендiк режимдерге орналастыруға жататын немесе жекелеген кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 сәуiрдегi N 538 қаулысымен бекiтiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеуге тауарларды әкелудi немесе әкетудi жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне мынадай құжаттарды ұсынуға мiндеттi:
Тармақша 1
1) белгiленген нысан бойынша жазбаша өтiнiш;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк:
заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
жеке тұлғалар үшiн - жеке кәсiпкер ретiндегi (патент) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
Тармақша 3
3) тауарлардың тек қайта өңдеу мақсаттары және мiндеттi қайтарылу шартымен салыстыру үшiн түпнұсқасы әкетiлетiндiгiн (әкелiнетiндiгiн) куәлендiретiн қайта өңдеуге арналған шарттың (келiсiм-шарттың) көшiрмесi;
Тармақша 4
4) отандық тұлғалардың көрсеткiштерiмен салыстырғандағы алынатын өндiрiс көлемi, тауардың саны және түсiм нормасы көрсетiлуiмен қайта өңдеу режимiнiң техникалық-экономикалық негiздемесi;
Тармақша 5
5) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заңына сәйкес мiндеттi лицензиялауға жататын, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес лицензияланатын қызмет түрлерiмен айналысу құқығына арналған лицензия.
"2" және "5" - тармақшаларда көрсетiлген құжаттар өтiнiш берушiнiң бiрiншi басшысының қолымен және мөрiмен расталған ксерокстық көшiрмелерде берiледi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Салалық департаменттерi тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен мiндеттi түсiм санын белгiлеу кезiнде:
Тармақша 1
1) осы Ереженiң 3-тармағында ұсынылған құжаттарды зерттейдi;
Тармақша 2
2) қайта өңдеу өнiмдерiнiң түсiм нормасын белгiлейдi;
Тармақша 3
3) тауарлардың дәл түсiмiн алу мүмкiн болмаған кезде аралықтағы түсiм нормасын белгiлейдi;
Тармақша 4
4) түсiм нормасына сәйкес қайта өңдеу өнiмдерiнiң саны есебiнiң дұрыстығын белгiлейдi;
Тармақша 5
5) қайта өңдеуге арналған технологиялық қажеттi мерзiмдер негiзiнде қайта өңдеудiң мерзiмдерiн анықтайды.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен мiндеттi түсiм санын белгiлеу туралы шешiм тиiсiнше үлгiде ресiмделген барлық құжаттар ұсынылған жағдайда Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бланкісінде хат түрінде ресімделеді.
Тармақ 6
6. Құжаттарды қарау мерзімі өтінішпен бірге құжаттардың толық жинағы алынған күннен бастап 10 күнтізбелік күнді құрайды.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс
министрлiгінiң Кеден
комитетiмен келiсiлдi
11. 10. 2000 ж.
Басқа 31. Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен мiндеттi түсiм санын белгiлеуге арналған
ӨТIНIШ
Қазақстан Республикасы
Энергетика, индустрия
және сауда министрлiгiнiң
2000 жылғы 6 қарашадағы
N 370 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар нәтижесiнде пайда болатын қайта өңдеу өнiмдерiнiң мерзiмдерi мен мiндеттi түсiм санын белгiлеуге арналған
ӨТIНIШ
Тармақ 1
1. Өтiнiш берушi - ұйым, оның мекен-жайы, телефоны
Тармақ 2
2. Тауардың атауы
Тармақ 3
3. Тауардың коды, оның сипаттамасы
Тармақ 4
4. Тауардың саны
Тармақ 5
5. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң атауы
Тармақ 6
6. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң коды, олардың сипаттамасы
Тармақ 7
7. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң саны
Тармақ 8
8. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң түсiм нормасы
Тармақ 9
9. Керi әкелудiң (әкетудiң) мерзiмдерi
Тармақ 10
10. Өтiнiш берушiнiң қолы (басшы, бас бухгалтер)
Мөрі Күні