О требованиях, предъявляемых к банкам-кастодианам, оказывающим услуги по хранению и учету пенсионных активов накопительных пенсионных фондов Күшін жойған
Басқа 0
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін сақтау және есеп жүргізу жөнінде қызмет көрсететін кастодиан-банктерге қойылатын талаптар туралы
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнiң сақталысын және салымшылардың (зейнетақы төлемдерiн алушылардың) құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы заңының 26-бабының 5-тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 15) тармақшасының негiзiнде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Халықаралық есеп айырысу-депозитарлық жүйелерiне ("Еurосlеаr" және "Сlеаrstеам International тұрпатты) рұқсат етудiң мынадай түрлерiнiң бiрi бар болған кезде кастодиан-банктiң:
Тармақша 1
1) тiкелей рұқсат;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтер көрсететiн және аталған жүйелерге тiкелей рұқсаты бар шетелдiк ұйыммен кастодиандық шарт жасасу арқылы;
Тармақша 3
3) "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ы арқылы жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн сақтау және есеп жүргiзу жөнiнде қызмет көрсетуге құқылы екендiгі белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгі белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерi ("Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның кастодиан-банкi ретiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоса) өздерiнiң қызметiн осы Қаулыға ол күшiне енгiзiлгеннен бастап үш ай iшiнде сәйкес келтiруге мiндеттелсiн.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның және кастодиан-банктердiң назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 3
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.