Об установлении минимального значения коэффициента текущей ликвидности для банков второго уровня Күшін жойған
Басқа 0
Екінші деңгейдегі банктерге арналған ағымдағы өтімділік коэффициентінің ең аз мәнін белгілеу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің клиенттер алдындағы міндеттемелерінің уақытылы орындалуын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтімділік деңгейіне қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекітілген Пруденциялдық нормативтер туралы ереженің 4-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Екінші деңгейдегі банктерге арналған ағымдағы өтімділік коэффициентінің ең аз мәні 0,3 мөлшерде бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Банктерді қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу
шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.