Об утверждении Перечня должностей работников, осуществляющих техническое обслуживание и обеспечивающих функционирование государственных органов и их аппаратов и не являющихся государственными служащими Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Техникалық қызмет көрсететiн және мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарының жұмысын қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.12.1999 № 2021 қаулысымен. "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2731 өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Техникалық қызмет көрсететiн және мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарының жұмысын қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер лауазымдарының қоса берiлiп отырған Тiзбесi бекiтiлсiн.
Басқа 1. Техникалық қызмет көрсететiн және мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер лауазымдарының ТIЗБЕСI
­Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 мамырдағы N 623 қаулысымен бекiтiлген Техникалық қызмет көрсететiн және мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлер лауазымдарының ТIЗБЕСI Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмiнiң бастығы Кеңсе, архив, кiтапхана, машбюро, көшiру-көбейту бюросы, экспедиция, шаруашылық, қойма, кабинет, лаборатория, қабылдау бөлмесiнiң меңгерушiлерi Мемлекеттiк органдар аппараттарына қызмет көрсететiн бөлiмшелерде жұмыс iстейтiн, меморгандар аппараттарының қызметi туралы есептiлiк пен қаржы құжаттарын жүргiзетiн және әзiрлейтiн қызметшiлер Хатшылар Күзет және қамтамасыз ету қызметшiлерi Архив пен кiтапхана қызметшiлерi Көбейту және машинкаға басу қызметi, кеңсе, азаматтарды қабылдау бөлмесiнiң қызметшiлерi Машинкамен жазу, көбейту, адрес және анықтама бюроларының қызметшiлерi Құжаттарды тiркеу, ақпарат, редакциялау қызметшiлерi Почта корреспонденциясы, тамақ, қойма және шаруашылық қызметтiң қызметшiлерi Инспектор (кеңседе, қабылдау бөлмесiнде, экспедицияда, лабораторияларда, әкiмшiлiк-шаруашылық қызмет бөлiмдерiнде жұмыс iстейтiн қызметкерлер) Экспедитор Кассир Комендант Статистик Стенографист Хатшы машинка басушы Машинка басушы Диктофон тобының машинка басушысы Iс жүргiзушi Курьер Фотосуретке түсiрушi Нұсқаушы Тiркеушi Паспортшы Оператор