Об организации оперативного и всестороннего информирования населения области через средства массовой информации по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера Күшін жойған
Басқа 0
Облыс халқын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелеріне бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жан-жақты, жедел хабардар етуді ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды, орындалу мерзімінің аяқталуына байланысты – Ақтөбе облысының Әділет департаментінің 24.04.2007 № 4-19/4895 хаты.
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5-шілдедегі Заңының 3, 5, 13 баптарына сәйкес, сондай ақ «Тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық сауықтыру туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 8-шілдедегі Заңының 4, 16 баптарын басшылыққа ала отырып, облыс халқын алда болуы ықтимал табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан хабардар ету, материалдық және адам шығынына жол бермеу мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы мүмкін кәсіпорын, ұйым, мекемелерге, меншік нысанына қарамастан, бұқаралық ақпарат құралдарымен шартқа отырып, жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма (С. В. Крутько) тиесілі мекемелер мен ұйымдардың тізімін жасасын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.