О запрете рубки хвойных пород деревьев Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қылқан жапырақты ағаш түрлерін шабуға тиым салу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімінің 09.08.2004 № 8 шешімімен. Соңғы жылдары облыс аумағында шағын өрттер мен ағаштарды жаппай шабудың салдарынан ағаш егістерінен елеулі бөлігі жойылды. Сонымен қатар, қысқы кезеңде қурай бастаған ағаштарды турғындардың санитарлық мақсатты бүркенін шабуға, құрап қалған ағаштарды отынға жинауға байланысты орманды қорған заңы өрескел бұзылуда. Өзендер жайыламаларындағы, темір жол магистралы мен автокөлік жолдары бойындағы ағаш егістерінде өсіп жатқан ағаштар, шоқ талдар мен бұта тектес ағаштар, сондай-ақ «Тірі табиғат ескерткіштері» мәртебесі берілген жабысқақ қандыағаштар шоғырлары балталануда. Әсіресе, жаңа жыл қарсанында қылқанды жапырақты ағаш түрлері: қарағай, шыршалардың «жаңажылдық шыршаға» аяусыз шабылуы мен ұлықсатсыз жойылуын айта кеткен жөн. Осылардың барлығы орманы сирек облысымыз аумағында, жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан ормандандыру жұмыстарының күрт төмендеуі жағдайында болып тұрған көрністер. Әлемде жаңа жылдық шараларды өткізуде әртүрлі әтірлі иістермен суарылған жасанды шыршалар кенінен пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысымен және Үкіметінен қолдау көрсетілген ағаш егістіктерін сақтауға арналған Қазақстан Республикасы Табиғи қорлар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бастамасын мақұлдай отырып, жоғарыда баяндалған мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасының «Жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңының 44 бабына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін облыс аумағында аймақ тұрғындардың жаңа жылдық шаралардыөткізуге пайдаланылатын қылқан жапырақты ағаш түрлерін шабуға тиым салынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық аумақтық орман және биоқорлар басқармасына және оның бөлімшелеріне (А. Тұрғалиев), Ақтөбе орман алқаптарын қорғау дистанциясына (Б. Тампенов), «Мақсат» мемлекеттік казналық мекемесіне (Қ. Жекеев): - қылқан жапырақты ағаш көшеттерді тек сая бақтық аумақтарды, қала және елді мекенжайларды жасыл желектендіруге, объектілер мен құрлыстарды көгалдандыруға пайдалану; - қарамағындағы орман қорларына түгендеу жүргізу және қорғауды күшейту ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қоршаған ортаны қорғау (А. Иманбеков), жануарлар мен өсімдіктер әлемін мемлекеттік бақылау (М. Аязбаев), орман және биоқорлар (А. Тұрғалиев) аумақтық басқармаларына, облыстық ішкі істер басқармасына (С. Есімов), Батыс-Қазақстан көліктегі ішкі істер басқармасына (Қ. Жұмабаев) 2000, 2001, 2002 жылдардың жаңа жыл алдындағы желтоқсанның 10-нан 31 дейінгі аралықтарында облыс орман алқаптарын бақылау мен қорғауды күшейту ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Ақтөбе облыстық телерадио компаниясына (Е. Қалиев), облыстық газеттері «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» (М. Дубров) осы акцияны кең түрде насихаттау жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.