Об оказании социальной помощи Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған XXVІІІ сессиясының 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 249 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 желтоқсанда № 2478 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр мүгедек балаға тоқсан сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
Тармақ 2
2. Келесі жағдайлар белгіленсін:
Тармақша 1
1) үйде оқытылатын мүгедек балаларға шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және мүгедек балаларға қатысты ата-анасының ата-ана құқығынан айырылған балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
Тармақша 2
2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
Тармақша 3
3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 3
3. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ж.Б. Ысқақов) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. "Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (А.Қ. Апақашева) жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шегінде міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарына сәйкес, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қаржыландыру бойынша мәселесі шешілсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұқтаров).
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
2013 жылғы 4 желтоқсан