О составе комиссии по аккредитации Күшін жойған
Басқа 0
Аккредитациялау жөнiндегi комиссия құрамы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2003 жылғы 10 қантардағы N 4 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi "Миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел азаматтарын және азаматтығы жоқтарды аккредитациялау тәртiбi туралы Ереженi бекiту жөнiнде" № 1362 Қаулысына сәйкес және заңдылықтардың бұзылуын жою туралы Оңтүстiк Қазақстан облысы прокуратурасының 2000 жылғы 31 қазандағы № 7-246-2000 (кiрiс № 3794, 02.11.2000ж.) ұсынысын орындау үшiн:
Тармақ 1
1. Оңтүстiк Қазақстан облысында миссионерлiк қызметпен айналысатын
шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтарды аккредитациялау жөнiндегi
комиссия құрамы бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Оңтүстiк Қазақстан облысында миссионерлiк қызметпен айналысуға
берiлетiн рұқсат бланкiсiнiң үлгiсi бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қала және аудан әкiмдерi бiр ай мерзiмi iшiнде облыстың тиiстi
аумақтарында миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел азаматтарын және
азаматтығы жоқтарды аккредитациялауды және қайта тiркеуден өткiзудi
қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
Д.Мыңбайға жүктелсiн.
Басқа 5. Оңтүстiк Қазақстан облысында миссионерлiк
қызметпен айналысатын азаматтарды және азаматтығы
жоқтарды аккредитациялау жөнiндегi комиссия
ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң
2000 жылғы 4 желтоқсандағы
N 430 шешiмiне
N 1 қосымша
Оңтүстiк Қазақстан облысында миссионерлiк
қызметпен айналысатын азаматтарды және азаматтығы
жоқтарды аккредитациялау жөнiндегi комиссия
ҚҰРАМЫ
📌 Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 139 шешімімен.
Дүйсебеков Бақтыбай Елiкұлы
- Облыс әкiмi аппараты дiни
бiрлестiктермен байланыс
жөнiндегi бөлiмiнiң меңгерушiсi,
комиссия төрағасы
Халымбетова Маржан Мекенбайқызы
- Облыс әкiмi аппараты дiни
бiрлестiктермен байланыс
жөнiндегi бөлiмiнiң бас маманы,
комиссия хатшысы
Ибраев Қ.
- Оңтүстiк Қазақстан облысы iшкi
iстер Бас басқармасы көшi-қон
полициясы басқармасының
бастығы (келiсiмi бойынша)
Басқа 6
Облыс әкiмiнiң
2000 жылғы 4 желтоқсандағы
N 430 шешiмiне
N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Республика Казахстан
Оңтүстік Қазақстан Южно-Казахстанская областная
облыс әкімшілігі администрация
Оңтүстік Қазақстан облысында миссионерлік
қызметпен айналысуға
РҰҚСАТ №______
РАЗРЕШЕНИЕ №______
на занятие миссионерской деятельностью
в Южно-Казахстанской области
______________________________________________________________________
(миссионерлік аты, жөні, тегі) (фамилия, имя, отчество миссионера)
______________________________________________________________________
(тұтынатын діні, қай діни бірлестікке жатады) (вероисповедание,
______________________________________________________________________
принадлежность к религиозному объединению)
______________________________________________________________________
(рұқсаттың күші жүретін аумақ)(территория, на которой действительно
разрешение)
Осы рұқсаттың _______________________ дейін күші бар
(күші жүретін мерзімі)
Данное разрешение действительно
до__________________________________________
(срок действия)
Ескерту: Осы рұқсаттың күші жүретін мерзімі аяқталысымен миссионер оның
мерзімі заң арқылы белгіленген тәртіппен ұзартуға міндетті немесе
облыс аумағында кетуі тиіс, олай болмаған жағдайда ол заң арқылы
белгіленген тәртіп бойынша облыс аумағынан шығарылып жіберді.
Примечание: По окончании срока действия настоящего разрешения миссионер
обязан продлить его срок действия, в установленном
законодательством порядке, или покинуть пределы области, в
противном случае он будет выдворен из территории области в
установленном законодательством порядке.
"___"____________200__г.
/Берілген уақыты/ /Дата выдачи/
Облыс әкімі
Аким области Б.Сапарбаев
Шымкент қаласы
город Шымкент