Об организации оплачиваемых общественных работ на предприятиях и в организациях города Петропавловска
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации оплачиваемых общественных работ на предприятиях и в организациях города Петропавловска
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2422
- Қабылданған күні
- 25.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2014 76308_143884.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SA002461
- ЭКБ идентификаторы
- 76308
- Редакция идентификаторы
- 76308_143884
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:20
0 Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын іске асыру бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған 2014 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері бекітілсін.
2 2. Қоса беріліп отырған жұмыссыздардың еңбекақы төлемінің мөлшері бекітілсін.
3 3. «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 451-002-100 «Жұмыспен қамту бағдарламасы. Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы бойынша осы мақсаттарға жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Қоғамдық қызметкерлердің еңбекақы төлемі «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы есебінен жүргізсін.
5 5. Бекітілген ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдеріне сәйкес мәлімделген және бекітілген қажеттілік санында қоғамдық жұмыстарға ұсыныс пен сұраныс анықталсын.
6 6. Қоғамдық жұмыстардың шарттары бес күн ұзақтығымен, екі демалыс күнімен қалыпты жұмыс аптасы белгіленеді. Еңбек жағдайларын ескере, еңбек шартымен көзделген жұмыс уақытының икемді режимі белгіленуі мүмкін.
7 7. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 1) уақытша қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз азаматтарды жіберуді қамтамасыз етсін, бекітілген тізбеге сәйкес;
2 2) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарт жасасын.
8 8. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
9 9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Коммунхоз Петропавловск»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры М. Қалиев
24 желтоқсан 2013 жыл
«Қазақ соқырлар қоғамы»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е. Аманжолов
24 желтоқсан 2013 жыл
«Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаменті
Петропавл қаласының әділет
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы Б. Ахметова
24 желтоқсан 2013 жыл
«Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының
Әділет департаменті»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Сейдімбек
24 желтоқсан 2013 жыл
«Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Сот актілерін орындау комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы
Сот актілерін орындау департаменті»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Р. Базылов
24 желтоқсан 2013 жыл
«Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ж. Ілияс
24 желтоқсан 2013 жыл
«Қазақстан Республикасы
Жоғарғы соты жанындағы соттардың
қызметін қамтамасыз ету
департаментінің (Қазақстан
Республикасы жоғарғы соты
аппаратының) Солтүстік Қазақстан
облыстық сотының кеңсесі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Ақтанов
24 желтоқсан 2013 жыл
«Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрлігі
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
және лицензиялау департаменті»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Мұқажанов
24 желтоқсан 2013 жыл
«Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Салық комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Салық департаментінің Петропавл қаласы
бойынша Салық басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Мұхамеджанов
24 желтоқсан 2013 жыл
Солтүстік Қазақстан облысы
Денсаулық сақтау басқармасы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
«Облыстық наркологиялық орталық»
шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының
бас дәрігері Б. Ыбыраев
24 желтоқсан 2013 жыл
«Солтүстік Қазақстан облысы
мемлекеттік еңбек инспекциясы
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы А. Сейфуллин
24 желтоқсан 2013 жыл
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
«Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Д. Ғабдуллин
24 желтоқсан 2013 жыл
«Солтүстік Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Петропавл қаласының ішкі істер
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Қ. Айтбаев
24 желтоқсан 2013 жыл
12 Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 2422 қаулысымен бекітілді
Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері
№ р/р
Кәсіпорын,
ұйым атауы
Жұмыс орындарының саны
Қоғамдық жұмыс түрі
Жұмыс көлемі
Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы (ай)
Қаржыландыру көзі
1
«Коммунхоз Петропавловск» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
330 адам
Қала аумағын жинауға көмек көрсету;
аумақтарды көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету;
мұзды қалашықтарды тұрғызуда қосымша жұмыстарды орындауға көмек көрсету;
691 952 200
шаршы метр
86200
шаршы метр
66300 мұзды блоктар
12
Петропавл қаласының бюджеті
2
«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті» мемлекеттік мекемесі
1 адам
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету
2000 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
3
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Сот актілерін орындау бойынша департаменті»
мемлекеттік мекемесі
10 адам
Халыққа қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында мәліметтер дерекқорын жасауға көмек көрсету, құжаттарды өңдеуге көмек көрсету
30000 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
4
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» мемлекеттік мекемесі
10 адам
АХАЖ бойынша мұрағаттық құжаттармен, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша, заңды тұлғаларды тіркеу бойынша жұмыстарға көмек көрсету, құжаттарды өңдеуге және сақтауға даярлауға көмек көрсету
11000 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
5
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Солтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі
7 адам
Халыққа қызмет көрсетудің сапасын және жеделділігін жақсарту мақсатында мәліметтер дерекқорын, ағымдағы құжаттаманы құруға көмек көрсету
100000 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
6
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі
8 адам
Петропавл қаласы бойынша есептелген және төленбеген салық сомасы туралы хабарлама тапсыру
Терминал бойынша салық есептілігі нысанын жіберуде салық төлеушілерге көмек ксөрсету
Мұрағатқа тапсыру үшін салық төлеушілер істерін қалыптастыру, салық төлеушілердің экономикалық істері бойынша құжаттарды сөгу
100 000 дана
20 000 дана
10 000 дана
12
Петропавл қаласының бюджеті
7
«Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Петропавл қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі
22 адам
Халыққа қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында мәліметтер дерекқорын жасауға көмек көрсету; салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеу қажеттігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын өткізу, іргелес орналасқан аумақтарды санитарлық тазалау және жинау мәселелері жөнінде әңгімелесулер жүргізу
16000 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
8
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі
6 адам
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету;
анықтамаларды жіберу және жеткізу;
анықтамалар беру бөлігінде қала халқына сапалы жедел қызмет көрсету бойынша қағаз дерекқорын қалыптастыру
72 000 бірлік құжат
12
Петропавл қаласының бюджеті
9
«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі
9 адам
Әскерге шақырылатындардың, әскерге шақырылғандардың, әскери міндеттілердің, техникалардың деректер қорын қалыптастыруға көмек көрсету; шақыру қағаздарын тарату және тапсыру; жеке істерді ресімдеу және құжаттарды тігу
32000 іс
4500 шақыртуды беру, 30000 іс тігу
12
Петропавл қаласының бюджеті
10
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Петропавл қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
7 адам
АХАЖ бойынша мұрағаттық құжаттармен, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша, заңды тұлғаларды тіркеу бойынша жұмыстарға көмек көрсету; құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету
7700 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
11
Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық наркологиялық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттің кәсіпорнының
бас дәрігері
1 адам
Қаланың оқу орындарында есірткі инъекциялары мен алкогольді тұтынушы жастар арасында алдын алу жұмыстарына көмек көрсету
Тұрғындармен дәрістер, әңгімелесулер өткізу барысында маманға көмек 3200 адамды қамтумен
12
Петропавл қаласының бюджеті
12
«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі
2 адам
Әлеуметтік оңалту бойынша мүгедектермен жұмыс
2000 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
13
«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
5 адам
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға, ксерокөшірме жасауға, материалдарды жіберуге және жеткізуге көмек көрсету;
қала аумағында халықпен қоғамдық науқандар ұйымдастыруға және жүргізуге көмек көрсету
15000 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
14
«Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі
1 адам
Хаттамалық тапсырмалар бойынша баспа материалдарын дайындау, ақпарат жинау, электрондық қорды қалыптастыру;
Кіріс және шығыс хат-хабарын тіркеу және бақылау;
жұмыс мәселелері жөнінде қоңырау шалуға қатысу
2000 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
15
«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
6 адам
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету;
материалдарды тарату және жеткізу
8000 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
16
«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
3 адам
Әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санатының мәліметтер дерекқорын жүргізу жөніндегі техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету;
құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету;
күніне 20 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
17
«Петропавл қаласының жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Иесіз мүлік ретінде жер учаскелерін тексеруге және таңдауға акт жасауға, оларды есепке қоюға көмек;
мұрағаттық құжаттарды өңдеуге көмек
2000 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
18
«Петропавл қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
1 адам
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға, материалдарды таратуға және жеткізуге көмек көрсету, объект құрылысының сапасын бақылау және мониторингін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс объектілеріне бару;
мәжілістер мен кеңестерге дайындалуға көмектесу
2000 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
19
«Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Жылжымайтын мүлік объектілеріне түгендеу жүргізу;
құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға, таратуға және жеткізуге көмек көрсету
1500 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
20
«Петропавл қаласының жұмыспен дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
1 адам
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету;
материалдарды тарату және жеткізу;
қоғамдық науқандар ұйымдастыруға және өткізуге көмек
1000 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
21
«Петропавл қаласының жұмыспен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі
1 адам
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету;
материалдарды тарату және жеткізу;
қоғамдық науқандар ұйымдастыруға және өткізуге көмек
2000 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
22
«Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1 адам
Заң құжаттарын өңдеуге және басшы тапсырмаларын орындауға көмек
1000 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
23
«СҚО еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1 адам
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету
1500 іс
12
Петропавл қаласының бюджеті
Қорытынды
437 адам
13 Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 2422
қаулысымен
бекітілді
Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздар еңбекақы төлемінің мөлшері
№
р/р
Жұмыс түрлері
Бір жұмыссызға еңбекақы төлемінің мөлшері
Жұмыс тәртібі
Бес күндік жұмыс аптасы
1
Физикалық жүктеме және ашық ауамен байланысты жұмыстар (қаланы абаттандыру, тазалау, жөндеу және құрылыс жұмыстары)
2,2 ең төменгі еңбекақы
жұмыс күні - 8 сағат
2
Ғимарат ішінде орындалатын және физикалық жүктемемен байланыссыз жұмыстар
1,2 ең төменгі еңбекақы
жұмыс күні - 8 сағат