О создании Центра социальной адаптации для лиц, не имеющих определенного места жительства Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарын құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.02.2004 № 39 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарын құру туралы" 2000 жылдың 16 наурыздағы N 408 қаулысын орындауда белгілі тұрағы жоқтарға, медициналық және өзгеде көмек көрсету, халықтың санитарлық-эпидемиялық жағдайын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Орал қаласының әкімі В.К. Мұқатаевқа:
Тармақша 1
1) заңға сәйкесті Орал қаласында тұрағы жоқ адамдар үшін әлеуметтік бейімделу орталығын құрсын;
Тармақша 2
2) орталықты керекті қызметіне, ұйымның Ережелеріне сәйкесті, тұрағы жоқ адамдарға арналған Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғау және еңбек Министрінің 2000 жылдың 25 сәуіріндегі N 99-П бұйрығы негізінде қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) орталықты ұстау қаржысы қалалық бюджетте жыл сайын қаралып отыратын болсын.
Тармақ 2
2. Облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы (Кенжеғалиев) 2000 жылдың 15 желтоқсанына дейін белгілі тұрағы жоқ адамдарға бос тұрған пайдалануға жарамды ғимаратты Орталықтың балансына беретін болсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) 2001 жылдың облыс бюджетінде берілген ғимаратты жөндеуге, жұмсақ және қатты құралдар алуға белгілі тұрағы жоқтарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығына шығыстар қаражатын бөлуді қарасын.
Тармақ 4
4. Батыс Қазақстан облысы ішкі істер басқармасы (Рахымжанов) 2000 жылдың 15 желтоқсанына дейін тұрағы жоқ адамдарға арналған орталыққа баратын адамдарды іріктеп қарап, әзірлігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Мырзахметов) облыстық денсаулық сақтау (Қадырбеков), Батыс Қазақстан ішкі істер бөлімі басқармаларымен келісе отырып Орталыққа практикалық көмектер беріп, құжаттарын жасақтауға, тұрақты әдістемелік тағы басқалай көмектерді үнемі көрсетіп отыруы тиіс.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И. Құлшарға жүктелсін.