Об утверждении положения о специальной комиссии Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысының нормативтік ережелеріне сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Арнайы комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғани Қалыбайұлы Сәдібековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 358 қаулысымен бекітілген Арнайы комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Арнайы комиссия туралы ереже (бұдан әрі –Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган – әлеуметтік көмек көрсетуді жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – (бұдан әрі – Комиссия) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия.
Тармақ 3
3. Комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
Тармақ 4
4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 5
5. Комиссияның қызметін бақылауды аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеті Үлгілік қағидалардың 9-тармағы негізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.
Тармақ 7
7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді. Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауға тиіс.
Тармақ 10
10. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Төраға болып табылады. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган – облыстардағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссия хатшысының міндеті осы бөлімнің маманына жүктеледі.
Тармақ 12
12. Комиссия уәкілетті органнан құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі туралы шешім шығарады.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
Тармақ 15
15. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды нысанында ресімделеді және осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілетті органға беріледі. Оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде жергілікті өкілді органдар бекіткен әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.
Басқа 27
Арнайы комиссиялар туралы Ережеге қосымша Арнайы комиссияның қорытындысы 20___ж.___ ______ № Арнайы комиссия өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының) _________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) өтінішін және оған қоса берілген құжаттарын қарап, адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты төмендегідей себептер бойынша: ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ әлеуметтік көмек ұсыну ________________________________________________________________________________________ (қажеттілігі, қажеттілік жоқтығы) туралы қорытынды шығарады. Әлеуметтік көмектің мөлшері _________________________ теңге. (сомасы жазбаша) Комиссия төрағасы:__________________________________________ Комиссия мүшелері:__________________________________________ ______________________ ___________________ ______________________ ___________________ ______________________ ___________________ ______________________ ___________________ ______________________ ___________________ (қолдары) (Т.А.Ә.) Қорытынды қоса берілген құжаттармен __ данада 20__ж. «__» ___ қабылданды Құжаттарды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы _______________________________________