О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2013 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1524 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде: 34-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "34-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасын, түсіндірме жазбаны және оған қажетті басқа да құжаттарды осы Регламенттің 50-тармағының талаптарын ескере отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі. Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал онымен келіспеген жағдайда, қабылдамау себептерінің дәлелденген негіздемесін орналастырады."; 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "38. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулылардың жобалары сараптамалық қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипатта болады және қаулының жобасы қабылданғанға дейін оған міндетті қосымша болып табылады."; 50-тармақта: 2) тармақшада: бірінші бөлігінің тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі."; 2) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларымен келіспеген жағдайда, жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелденген негіздемесін келтіруге тиіс;"; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "4) егер қаулының жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, жобаға Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі;"; 79-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) егер Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының көшірмелері;"; 91-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "91. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңдардың жобалары сараптамалық қорытындылар алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберіледі, олар ұсынымдық сипатта болады және заң жобалары қабылданғанға дейін оларға міндетті қосымшалар болып табылады."; 91-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен сараптамалық қорытындылар түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал олармен келіспеген жағдайда, қабылдамау себептерінің дәлелденген негіздемесін орналастырады."; 95-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "9) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заң жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі. Әзірлеуші сараптамалық қорытындымен (қорытындылармен) келіспеген жағдайда сараптамалық қорытынды қабылдамау себептерінің жазбаша дәлелденген негіздемесін келтіруге тиіс;"; Қазақстан Республикасы Үкiметінiң Регламентіне 5-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 907 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1089 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1090 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 5
5. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 6
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 7
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Заңының жобасына АНЫҚТАМА ПАРАҚ
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2013 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1524 қа­улы­сы­на 1-қо­сым­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің Ре­гла­мен­тіне 5-қо­сым­ша Қазақстан Республикасы Заңының жобасына АНЫҚТАМА ПАРАҚ 1 Заң жо­ба­сы­ның ба­ста­ма­шы­сы (ор­ган­ның то­лық ата­уы) 2 Заң жо­ба­сын дай­ын­дау жө­нін­де­гі жұ­мыс то­бы­ның құ­ра­мы 3 Заң жо­ба­сы бой­ын­ша бас ко­ми­тет 4 Заң жо­ба­сы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пар­ла­мен­т­ін­де тір­кел­ген кү­ні 5 *Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пар­ла­мен­ті тұ­рақ­ты ко­ми­тет­те­рі­нің заң жо­ба­сы бой­ын­ша қо­ры­тын­ды­ла­ры 6 *Заң жо­ба­сы­ның ғы­лы­ми са­рап­та­ма­сы *Ғы­лы­ми са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­ның қа­был­дан­ған және қа­был­дан­ба­ған ес­кер­ту­ле­рі *Ғы­лы­ми са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­ның ес­кер­ту­ле­рін қа­был­да­мау се­беп­те­рі­нің негіз­де­ме­сі 7 *Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның, же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің ак­кре­дит­тел­ген бір­ле­стікте­рі­нің са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды­ла­ры *Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның, же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің ак­кре­дит­тел­ген бір­ле­стікте­рі са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды­ла­ры­ның қа­был­дан­ған және қа­был­дан­ба­ған ес­кер­ту­ле­рі *Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның, же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің ак­кре­дит­тел­ген бір­ле­стікте­рі са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды­ла­ры­ның ес­кер­ту­ле­рін қа­был­да­мау се­беп­те­рі­нің негіз­де­ме­сі 8 *Заң жо­ба­сын пы­сық­тау про­це­сін­де ен­гі­зі­ле­тін өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар 9 Заң жо­ба­сы бой­ын­ша ба­ян­да­ма жа­сау кім­ге тап­сы­рыл­ды 10 Ба­ла­ма жо­ба­лар­дың бар-жо­ғы 11 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті­нің заң жо­ба­сын бі­рін­ші оқы­лым­да қа­ра­ған кү­ні және оның нәти­же­ле­рі 12 Заң жо­ба­сын пы­сық­тау және оны екін­ші оқы­лым­ға дай­ын­дау тап­сы­ры­л­ған бас ко­ми­тет (ко­мис­сия), бас­қа ор­ган 13 Заң жо­ба­сын ха­лық­тық тал­қы­ла­у­ға шы­ға­ру және оның мер­зі­мі 14 Ко­ми­тет­тің заң жо­ба­сы бой­ын­ша қо­ры­тындысы (екін­ші оқы­лым­ның ал­дын­да) 15 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті­нің заң жо­ба­сын екін­ші оқы­лым­да қа­ра­ған кү­ні және оның нәти­же­ле­рі 16 Заң­ның кү­шіне ене­тін уа­қы­ты 17 Өзге де бел­гі­лер *Ескертпе: ақпараттың көлемі едәуір болған жағдайда Анықтама параққа жеке қосымшамен ресімдеуге жол беріледі.
Басқа 2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2013 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1524 қа­улы­сы­на 2-қо­сым­ша