Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Новомихайловского сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінде қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
Новомихайлов ауылдық округінің әкімі
Б. Уәлиев
28 қараша 2013 жыл
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
2013 жылғы 28 қарашадағы
№ 22/11 шешімімен
бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдарға) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің ауылдары шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
2013 жылғы 28 қарашадағы
№ 22/11 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің Новомихайловка ауылының тұрғындарына
3
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің Минкесер ауылының тұрғындарына
3
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің Токаревка ауылының тұрғындарына
3
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округінің Бексеит ауылының тұрғындарына
3