О выдаче компаниям по управлению пенсионными активами лицензий на осуществление деятельности по управлению портфелем ценных бумаг Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компанияларға бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру туралы
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компанияның Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 12 маусымдағы N 7 қаулысымен  бекiтiлген Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау қағидалары 5-тармағының 1), 6), 7), 11), 15), 16), 19), 21) тармақшаларында аталған құжаттарды Ұлттық комиссияға ұсыну керек екендiгi белгiленсiн. Егер аталған Қағидалардың 5-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген құжаттар Ұлттық комиссияға бұрын ұсынылған болса, оларды қайтадан ұсыну талап етiлмейдi.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға ниет бiлдiрген зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi осы Қаулыны (ол күшiне енгізілгеннен кейін) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің назарына жеткізсін.