О порядке выдачи организациям, осуществляющим инвестиционное управление пенсионными активами накопительных пенсионных фондов, и накопительным пенсионным фондам, самостоятельно осуществляющим деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами лицензий на осуществление брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру туралы Ескерту: Қаулының атауы өзгертілді, кіріспесі жаңа редакцияда жазылды және мәтін бойынша: "Компания", "Компанияның", "Компанияларға", "Компания" деген сөздер тиісінше "Ұйым/Қор", "Ұйымның/Қордың", "Ұйымдарға/Қорларға", "Ұйым/Қор", "Ұлттық комиссия", "Ұлттық комиссияға" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылды, "ол", "оның" деген сөздер "/олар", "/олардың" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі  Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 132 қаулысымен . Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" Заңының және Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңының негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Осы Қаулыда қолданылған ұғымдардың мыналарды бiлдiретiндiктерi белгiленсiн:
Тармақша 1
1) Ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 1-1
1-1) "Қор" - зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры;
Тармақша 2
2) "Лицензия" - бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия;
Тармақша 3
3) "бiрiншi басшы" - Ұйымның/Қордың алқалы атқарушы органының басшысы немесе Ұйымның/Қордың атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға. Ескерту: 1-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 132 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Ұйымдарға/Қорларға тек қана клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз (бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу құқығынсыз) екiншi санатты Лицензия беретiндiгi белгiленсiн. Бұл ретте Ұйымға/Қорға берiлген Лицензияның күшi ол/олар бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асырғанда тек мыналарға ғана қатысты қолданылады:
Тармақша 1
1) Ұйымның/Қордың өз активтерiне;
Тармақша 2
2) Ұйымның/Қордың инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерiне. Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 132 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Ұйымға/Қорға Лицензия тек оның/олардың штатында қолданылып жүрген бiрiншi санатты бiлiктiлiк куәлiктерiн (бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) иеленген кемiнде үш қызметкердiң болу шартымен ғана  берiлетiндiгі белгіленсiн. Бұл ретте:
Тармақша 1
1) Ұйымның/Қордың бiрiншi басшысы не оның/олардың Ұйымның/Қордың бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметiне жетекшiлiк жасайтын орынбасары;
Тармақша 2
2) Ұйымның/Қордың бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметiн жүзеге асыруына байланысты функцияларын орындау жүктелетiн құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы;
Тармақша 3
3) Ұйымның/Қордың жоғарыда аталған құрылымдық бөлiмшесiнiң тiкелей бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау жөнiндегi жұмыстарды орындайтын қызметкерi аталған бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленулерi керек. Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 132 қаулысымен .
Тармақ 4
4. Лицензия алу үшiн Ұйым/Қор Ұлттық комиссияға:
Тармақша 1
1) бiрыңғай өтiнiш;
Тармақша 2
2) Ұйымның/Қордың лицензиялық алымды төлегендiгi туралы, оның/олардың түскендiгі жөнiнде салық органының белгiсi қойылған төлем құжатының көшiрмесiн;
Тармақша 3
3) лауазымдардың атауларын және оларды атқарып отырған тұлғалардың аты-жөндерiн, сондай-ақ осы тұлғаларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың күндерi мен нөмiрлерiн көрсетумен Ұйымның/Қордың штаттық кестесiн;
Тармақша 4
4) осы Қаулының 3-тармағының шарттарына сәйкес талап етiлетiн бiлiктiлiк куәлiктерiнiң көшiрмелерiн;
Тармақша 5
5) осы Қаулының 3-тармағының шарттарына сәйкес талап етiлетiн бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленген тұлғалардың еңбек кiтапшаларының (олар бар болған кезде) көшiрмелерiн немесе оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың үзiндi-көшiрмелерiн не осындай тұлғалармен жасасқан жеке еңбек шарттарының көшiрмелерiн;
Тармақша 6
6) тiгілген, нөмiрленген және Ұйымның/Қордың бiрiншi басшысының немесе оның/олардың мiндетiн атқарушы тұлғаның қолымен және Ұйым/Қор мөрiнiң таңбасымен куәландырылған: бағалы қағаздармен мәмілелер жасау және өзге де ықтимал нормалардан басқа Ұйымның/Қордың бағалы қағаздармен жасалған және орындалған мәмiлелерге есеп жүргiзу тәртiбiн ашатын Ұйымның/Қордың бағалы қағаздармен жасаған мәмiлелердiң орындалысына бақылау жасау қағидаларын; Ұйымның/Қордың қызметкерлерiне оның/олардың бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау кезiнде пайдаланатын бағдарламалық - техникалық құралдарға рұқсат ету қағидаларын; Ұйымның/Қордың бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға қатысатын қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын ұсыну керек. Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 132 қаулысымен .
Тармақ 5
5. Ұйым/Қор бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде оған қойылатын мынадай талаптар белгiленсiн:
Тармақша 1
1) Ұйымның/Қордың ұйымдық құрылымында Ұйымның/Қордың бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметiн жүзеге асыруына байланысты функцияларды орындау жүктелетiн жеке құрылымдық бөлiмшесiнiң бар болуы;
Тармақша 2
2) жоғарыда аталған бөлiмшенiң қызметкерлерiне Ұйымның/Қордың басқа құрылымдық бөлiмшелерiндегi лауазымдарды қоса атқаруға тыйым салу;
Тармақша 3
3) жоғарыда аталған бөлiмшенiң қызметкерлерiне Ұйымның/Қордың басқа құрылымдық бөлiмшелерiндегі қызметкерлердiң функцияларын және мiндеттерiн жүктеуге тыйым салу;
Тармақша 4
4) жоғарыда аталған бөлiмшенiң қызметкерлерiнiң құқықтарын және өкiлеттiктерiн Ұйымның/Қордың басқа құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне өткiзiп беруге (табыстауға) тыйым салу.
Тармақ 6
6. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 132 қаулысымен .
Тармақ 7
7. Реттелу тәртiбi осы Қаулыда айқындалмаған мәселелердiң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 04 наурыздағы N 293 қаулысымен бекiтiлген Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi лицензиялау туралы ережеге сәйкес шешiлуге жататындығы белгiленсiн.
Тармақ 8
8. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 9
9. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруды бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметпен қоса атқаратын Ұйымдар/Қорлар өз қызметiн (осы Ұйымдардың/Қорлардың аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыру тәртiбiн реттейтiн нормативтiк кесiмдердi қоса) осы Қаулыға ол/олар күшiне енгiзiлген күнiнен бастап алпыс күн iшiнде сәйкес келтiруге мiндеттелсiн.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол/олар күшіне енгізілгеннен кейін) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.