О пункте пропуска "Кольжат" Қолданыста
Басқа 0
"Қалжат" өткізу пункті туралы
Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық қатынастарды және мәдени байланыстарды одан әрі дамыту, басқа мемлекеттерден жүк-жолаушылар ағынын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасындағы өткізу пункттері туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 қазандағы N 906 қаулысына:
1-тармақта:
жетінші абзац алынып тасталынсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Алматы облысының "Қалжат"өткізу пунктіне";
екінші бөлім алынып тасталсын;
2-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын:
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 62 қаулысымен.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 62 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті "Қалжат" өткізу пунктінің аяқталған құрылыс объектілерінің тиісті құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті заңнамада P000255_ белгіленген тәртіппен "Қалжат" өткізу пунктінің іс-жүзінде орындалған құрылыс жұмыстары бойынша кредиторлық берешектерді қабылдап алу-беруді жүргізуді және 124,5 млн. теңгеден аспайтын сомада кредиторлық берешектерді кезең-кезеңімен өтеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен "Қалжат" өткізу пункті мәртебесінің өзгергендігі туралы ақпаратты мүдделі шетел мемлекеттері өкілдіктерінің назарына жеткізсін.
Тармақ 5
5. "Қалжат" шекара асуын іске қосу кешенінің құрылысын аяқтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 маусымдағы N 969 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.