Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия, учета, хранения и уничтожения дипломатических и служебных паспортов Республики Казахстан и перечня должностных лиц Республики Казахстан, которым выдаются дипломатические и служебные паспорта Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27-1) тармақшасына және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидалары;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесі бекітілсін.
Алты ай ішінде тексеру жүргізіліп, осы тармақта көрсетілген тізбеге кірмейтін адамдарға бұрын берілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары алынсын.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 763-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 460 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 9, 182-құжат).
Тармақ 3
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою ҚАҒИДАЛАРЫ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 13 қаңтардағы
№ 722 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою ҚАҒИДАЛАРЫ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік
паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жоюдың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан
Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы
Қазақстан Республикасының Заңына және "Жеке басты куәландыратын
құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес әзірленді әрі Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты - өзіне
жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан шыққан, одан тыс жерлерде тұрған кезде және Қазақстан Республикасына келген кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты - өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан шыққан және келген, одан тыс жерлерде тұрған кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын және оның иесінің ресми мәртебесін растайтын құжат.
Тармақша 3
3) уәкілетті адам - паспорт иесі немесе іссапарға жіберуші орган паспортты ресімдеу мен алу жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асыруға уәкілеттік берген осы органның қызметкері;
Тармақша 4
4) іссапарға жіберуші орган - өз қызметкерін шетелдік іссапарға жіберетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы немесе ұйымы;
Тармақша 5
5) жауапты қызметкер - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) паспортты ресімдеу жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асыратын қызметкері;
Тармақша 6
6) өтінімхат – мемлекеттік орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның не аппарат басшының (белгіленген тәртіппен өзіне аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамның) қолы қойылған іссапарға жіберуші органның фирмалық бланкідегі хаты;
Тармақша 7
7) иесі — өзіне дипломатиялық және қызметтік паспорт ресімделген адам.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе қызметтік
паспортын (бұдан әрі - паспорт) шетелге жеке сапарлар үшін пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Паспорт Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады және тегін ресімделеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әлемнің барлық мемлекеттеріне шығу үшін жарамды болып саналады.
Тармақ 5
5. Паспортты Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін, Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес Министрлік береді.
Тізбеде көрсетілмеген адамдарға Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің беруіне жол беріледі.
Тармақ 6
6. Паспорт бес жыл мерзімге беріледі.
Тармақ 7
7. Паспорттардың бланкілері Министрліктің өтінімдері бойынша жасалатын қатаң есептілік құжаттары болып табылады.
Тармақ 8
8. Паспорттарды ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, тапсыруды, алып
қоюды, есепке алуды, сақтауды және жоюды Министрлік жүзеге асырады.
Тармақ 2. 2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою тәртібі
2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою тәртібі
Тармақ 9
9. Паспортты ресімдеу үшін іссапарға жіберуші орган уәкілетті адам арқылы Министрлікке мынадай құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімхат;
Тармақша 2
2) іссапарға жіберуші органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;
Тармақша 3
3) паспорт беруге толтырылған өтініш (бұдан әрі — өтініш);
Тармақша 4
4) 3,5 х 4,5 мөлшеріндегі түрлі-түсті екі фотосурет. Фотосурет азаматтың құжатты ресімдеу сәтіндегі жасына сәйкес болуы, жарық фонда тікелей алдынан түсірілген болуы тиіс, әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 70-80%-ға жуығын алуы тиіс. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі.
Тармақ 10
10. Құжаттарды қабылдаған кезде Министрліктің жауапты қызметкері өтініште көрсетілген деректердің жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерімен сәйкестігі тұрғысынан салыстырып тексереді.
Тармақ 11
11. Басқа паспорт болған кезде паспорттарды ресімдеуге:
Тармақша 1
1) шет мемлекетке кіру үшін кедергі болатындай шетелдік виза болған;
Тармақша 2
2) қысқа мерзімде бірнеше мемлекеттің визаларын алу қажет болған;
3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің, оның орынбасарларының немесе Министрліктің аппарат басшысының жазбаша нұсқауы болған жағдайларда жол беріледі.
Тармақ 12
12. Паспортты ресімдеу мерзімі осы Қағидалардың 9-тармағында
көрсетілген құжаттар түскен сәттен бастап 5 жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.
Тармақ 13
13. Паспортты уәкілетті адамға беру Қазақстан Республикасы
азаматының жеке куәлігін немесе паспортын көрсеткен кезде паспорттарды беру журналына қол қойғызу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Министрліктің мұрағатынан паспорттарды беру уәкілетті адам
арқылы ұсынылған, іссапарға жіберуші органның осы Қағидаларға
1-қосымшада көзделген іссапарға жіберу туралы деректер көрсетілген жазбаша өтініші мен іссапарға жіберуші органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың немесе қызметкердің шетелдік іссапарға жіберілетінін растайтын өзге құжаттың көшірмесі негізінде жүзеге асырылады. Уәкілетті адам паспортты алғаннан кейін оны дереу иесіне береді.
Тармақ 15
15. Паспортты ауыстыруды осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген құжаттар ұсынылғаннан кейін Министрліктің жауапты қызметкері жүргізеді.
Паспортты тапсыру уәкілетті адамның оны Министрлікке ұсынуы жолымен жүргізіледі.
Паспорт:
Тармақша 1
1) онда "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген деректер болмаған;
Тармақша 2
2) оның қолданылу мерзімі өткен;
Тармақша 3
3) Заңның 7-бабының 1-тармағының 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген деректерді не құжаттың қорғау дәрежесін сәйкестендіру мүмкін болмаған;
Тармақша 4
4) жоғалған, уәкілетті адам Министрлікке паспорттың жоғалғаны туралы тиісті өтініш берген күннен бастап (табылған паспорт Министрлікке тапсырылады және жойылуға жатады);
Тармақша 5
5) иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келмеген;
Тармақша 6
6) жынысын өзгерткен жағдайларда жарамсыз болып танылады.
Жарамсыз паспорттар ауыстыруға жатады.
Тармақ 16
16. Паспортты алып қоюды Министрлік жүргізеді. Осы Қағидалардың
15-тармағында көзделген жағдайларда Министрлік паспортты талап етеді.
Паспорт иесіне паспортты мұрағатқа тапсыру қажеттігі туралы ауызша немесе жазбаша хабарлау жолымен талап етіледі. Уәкілетті адам немесе іссапарға жіберуші орган паспортты он күн мерзім ішінде тапсырмаған жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне паспортты жарамсыз деп тану туралы ақпарат жібереді. Министрліктің жазбаша өтініші негізінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі паспортты мемлекеттік шекарадан өту кезінде алып қояды, одан кейін паспорт Министрлікке жолданады.
Тармақ 17
17. Азаматтар шетелдік сапардан оралғаннан кейін, паспорт иесі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасынан тыс жерге қайта шықпайтын болса, ол он күн мерзімде Министрліктің мұрағатына тапсырылуы тиіс. Паспортты тапсыру негізсіз кідіртілген жағдайда Министрлік оны жарамсыз деп таниды.
Тармақ 18
18. Паспорттарды есепке алуды Министрліктің материалдық-жауапты адамы деректерді (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, ұлты, жұмыс орны, лауазымы, шығатын елі, паспорт нөмірі, паспорт түрі, паспорттың тұрған жері, берілген күні, қайта тіркелуі) электрондық базаға енгізу жолымен жүргізеді, бұдан кейін паспорт әліпби тәртібімен Министрліктің мұрағатына орналастырылады.
Тармақ 19
19. Паспорт шетелде жоғалған жағдайда оның иесі бұл туралы болу мемлекетінің құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының жақын жердегі шетелдегі мекемесіне, ал егер жоғалу, ұрлану Қазақстан Республикасының аумағында орын алса - Министрлікке және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына дереу мәлімдейді.
Жоғалған, ұрланған паспорттың орнына жаңа паспорт беру жоғалғаны, ұрланғаны туралы ақпарат тексерілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі белгілеген тәртіпте жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Паспорттарды сақтау Министрліктің мұрағатында жүргізіледі.
Паспортпен бірге паспортты есепке алу карточкасы сақталады, ол паспорт берілген кезде мұрағатта қалады.
Тармақ 21
21. Паспорт:
Тармақша 1
1) оның жарамдылық мерзімі өткен;
Тармақша 2
2) оны ресімдеу кезінде техникалық қателіктер жіберілген;
Тармақша 3
3) ол жарамсыз деп танылған жағдайларда жойылуға жатады.
Паспортты жою туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады. Ережесі мен құрамы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен бекітілетін комиссия мүшелері актіге қол қояды.
Басқа 1
Қазақстан Республикасының
дипломатиялық және қызметтік
паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою, есепке алу,
сақтау және жою қағидаларына
1-ҚОСЫМША
Іссапарға жіберуші ұйымның бланкісінде
паспортты (дипломатиялық, қызметтік) ресімдеу үшін
№
20_____ ж. "___"_________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
... (ел) шығу үшін паспорт (дипломатиялық, қызметтік) ресімдеуді/беруді сұраймыз:
Т.А.Ә. - лауазымы
Шығуы жылы/күні/айы,... күн (жыл) мерзімге жоспарланған
Маршруты:
Баратын қалалар:
Сапардың мақсаты:
Шығуының негізі:... (ұйымның атауы) шақыруы бойынша
Сапарды:... (ұйымның атауы) қаржыландырады
Қосымша:
Тармақша 1
1) іссапарға жіберуші органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың немесе өзге құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) паспорт беруге толтырылған өтініш;
Тармақша 3
3) 3,5 х 4,5 мөлшеріндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспортының көшірмесі
Ұйымның басшысы Қолы Т.А.Ә._________________/
Мөрдің орны
Орындаушы: Т.А.Ә.
Телефон:
Басқа 2. АКТ
Қазақстан Республикасының
дипломатиялық және қызметтік
паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру,
тапсыру, алып қою, есепке алу,
сақтау және жою қағидаларына
2-ҚОСЫМША
Дипломатиялық/қызметтік паспортты жою актісі
"Бекітемін"
_______________________
паспортты беруге жауапты
құрылымдық бөлімшенің
басшысы
________________ Т.А.Ә.
20 ___ ж. "____"________
Қатаң есептіліктегі бүлінген бланкілерді жою туралы
АКТ
Біз, төменде қол қоюшылар
Тармақ 1
1. ___________________________,
(лауазымы) Т.А.Ә.
Тармақ 2
2. ___________________________,
(лауазымы) Т.А.Ә.
Тармақ 3
3. ___________________________
(лауазымы) Т.А.Ә.
№ ____ паспорттардың бланкілері жойылғаны туралы осы актіні жасадық.
Қосымша: жойылған паспорттар бланкілерінің көшірмелері.
_____________________________
қолы, Т.А.Ә.
_____________________________
қолы, Т.А.Ә.
_____________________________
қолы, Т.А.Ә.
Орынд.: Тегі, аты
Басқа 3. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 13 қаңтардағы
№ 722 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесі
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Алып тасталды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелері.
Тармақ 2-1
2-1. Қазақстан Республикасының экс-Президенттері.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы.
Тармақ 10-1
10-1. Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары.
Тармақ 12-1
12-1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары.
Тармақ 12-2
12-2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы.
Тармақ 13-1
13-1. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңесінің бастығы.
Тармақ 13-2
13-2. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері.
Тармақ 13-3
13-3. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері.
Тармақ 14
14. Алып тасталды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілдері, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары.
Тармақ 18-1
18-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы және оның орынбасарлары.
Тармақ 19
Тармақ 20
20. Астананың, республикалық маңызы бар қаланың және облыстардың әкімдері.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары.
Тармақ 21-1
21-1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі.
Тармақ 24
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының сыртқы байланыстар мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің басшысы.
Тармақ 26
26. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі.
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері (жұбайы/зайыбы, балалары).
Тармақ 27-1
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасынан жіберілетін халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері (жұбайы/зайыбы, балалары).
Тармақ 29
29. Әскери атташелер, олардың көмекшілері және олардың отбасы мүшелері (жұбайы/зайыбы, балалары).
Тармақ 29-1
29-1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері, олардың көмекшілері және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, балалары).
Тармақ 30
30. Ұзақ мерзімді шетелдік іссапарға немесе халықаралық ұйымға Қазақстан Республикасынан жіберілетін қызметкер ретінде жұмысқа баратын Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты иесімен бірге шыққан жағдайда, оның асырауындағы адамдар.
Тармақ 31
31. Біріккен Ұлттар Ұйымының әскери байқаушылары және штаб офицерлері ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік операцияларына қатысушылар;
Тармақ 32
32. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Астана» халықаралық қаржы орталығының бірінші басшылары;
Тармақ 33. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты берілетін адамдардың тізбесі
33. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің президенті.
Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты берілетін адамдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес дипломатиялық паспорт алуға құқығы жоқ мемлекеттік саяси қызметшілер.
Тармақ 3
3. Дипломатиялық паспорт алуға құқығы бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес «А» корпусының лауазымындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер.
Тармақ 4
4. Дипломатиялық паспорт алуға құқығы бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінің А және В санаттарының, «Б» корпусының С-1, С-2, С-3 санаттарының лауазымындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер.
Тармақ 4-1
4-1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару тәртібімен тағайындалған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлері.
Тармақ 5
5. Аумақтық органдардың қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық тергеп-тексеру қызметінің офицер атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы бар және (немесе) құқық қорғау қызметін жүзеге асырып жүрген қызметкерлері.
Тармақ 5-1
5-1. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға қатысатын әскери қызметшілер.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскерлері, олардың отбасы мүшелері.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер атқарушы органдарының бірінші басшылары.
Тармақ 7-1
7-1. Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірінші басшысы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарының бірінші басшылары және «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өңірлік директорлары.
Тармақ 7-2
7-2. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне кіретін спорт федерацияларының бірінші басшылары.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының халықаралық ұшып өтуін қамтамасыз ету үшін тартылатын қазақстандық авиакомпаниялардың ұшқыш-техникалық персоналы.
Тармақ 9
9. Осы тізбенің 7-тармағында көрсетілген ұйымдардың шет мемлекеттердегі өкілдіктеріндегі қызметкерлер мен олардың жұбайы/зайыбы, балалары, сондай-ақ олардың асырауындағы адамдар.
Тармақ 10
10. Ұзақ мерзімді шетелдік іссапарға немесе халықаралық ұйымға Қазақстан Республикасынан жіберілетін қызметкер ретінде жұмысқа баратын Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты иесімен бірге шыққан жағдайда, оның асырауындағы адамдар.