Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін: уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар; ұзақ мерзімде жұмыс жасамаған азаматтар; отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар; бұрын жұмыс істемеген тұлғалар.
Тармақ 2
2. Көксу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 04 маусымдағы "Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" N 236 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 18 маусымда N 2-14-131 нөмірімен енгізілген, аудандық "Нұрлы Көксу" газетінде 2012 жылғы 22 маусымда N 25 (134) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.