Об установлении дополнительных мер по оказанию материальной помощи участникам, инвалидам Великой Отечественной войны Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне материалдық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар белгілеу туралы
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20 бабына, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне материалдық көмек көрсету бойынша қалалық бюджет қаражаты есебінен ай сайын ақшалай төлем түрінде 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша шаралар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Материалдық көмек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті Степногорск аудандық бөлімшесі ұсынған тізімдердің негізінде көрсетілсін.
Тармақ 3
3. Материалдық көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Степногорск қаласы
әкімінің міндетін атқарушы
Ә.Күмпекеев