Об установлении зон санитарной охраны Смирновского централизованного водозабора подземных вод в Карабалыкском районе Күшін жойған
Басқа 0
Қарабалық ауданындағы жер асты сулары Смирнов орталықтандырылған су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданындағы жер асты сулары Смирнов орталықтандырылған су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_______________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Қарабалық ауданындағы жер асты сулары Смирнов
орталықтандырылған су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің
2013 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 571 қаулысына
қосымша
Қарабалық ауданындағы жер асты сулары Смирнов
орталықтандырылған су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері
І-белдеу
ІІ-белдеу
ІІІ-белдеу
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
№ 13, № 14, № 15 ұңғымалар
Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 50 метр
2,355 гектар
Ұзындығы – 398 метр
Барынша ені – 416 метр
16,557 гектар
Ұзындығы – 3125 метр
Барынша ені – 3974 метр
1242 гектар
№ 4 ұңғыма
Радиусі – 50 метр
0,785 гектар
Радиусі – 150 метр
7,065 гектар
Радиусі – 748 метр
175,684 гектар
Ескерту: "Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы жер асты сулары Смирнов орталықтандырылған су тартудың санитарлық қорғау аймағының негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші - Қарабалық ауданы әкімдігінің "Жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны).