О приостановлении охоты на диких копытных животных Күшін жойған
Басқа 0
Тұяқты жабайы жануарларды аулауды тоқтату туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 08.12.2003 № 261 қаулысымен.
Соңғы екi жылда браконьерлiкпен, жыртқыш аңдарды атып алумен күресу, аша тұяқты жабайы аңдар мен киiктi аулауға тыйым салу Орал өңiрiнде жануарлар дүниесiн өсiруге және сақтауға мүмкiндiк жасады.
Есеп бойынша облыста елiк пен қабан санының өскендiгi байқалады, бiрақ ол аң аулайтын алқаптың табиғи өлшемiнен айтарлықтай төмен.
Дейтұрғанмен браконьерлiкпен және жыртқыштықпен атып алуға қарсы күрестiң жеткiлiксiз жүргiзiлуiнiң салдарынан бұлан мен киiктiң саны кемiп барады.
Облыстық орман және биоқорлар басқармасының ұсынысын ескерiп және Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiру және пайдалану туралы" 1993 жылғы 21 қазандағы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы N 2578 Заңдарына сәйкес облыс аумағында тұяқты табиғи жануарлар мен киiктердiң өсуi мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында 2003 жылға дейiн (қосқанда) тұяқты табиғи жануарлардың барлық түрлерiн атуға мораторий белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық орман және биоқорлар басқармасы, облыстық аумақтық жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау жөнiндегi басқарма, облыстық iшкi iстер басқармасы бұлан, елiк, қабан және киiктердi браконьерлерден қорғау жөнiндегi жұмыстарды күшейсiн, облыста жануарлар мен өсiмдiктердi қорғауға аңшылар қоғамы мүшелерiн кеңiнен тарта отырып, бiрiккен патрулдiк кезекшiлiктер мен рейдтер ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Аудандардың және Орал қаласының, селолық округтердiң әкiмдерi қасқырлар мен шие бөрiлердi ату және аулау жөнiндегi жұмыстарды жалғастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының басқармасына браконьерлiкпен күресуге қаржы бөлудi қарастыру, жануарлардың есебiн алу, биотехникалық шаралар мен жыртқыш аңдарды атуды жүргiзу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ж.М. Әкiмовке жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Шешiм бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тармақ 7
7. Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 31 мамырдағы N 120 шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.