Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества в Шалкарском районе Күшін жойған
Басқа 0
Шалқар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 және 39-3 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шалқар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 3
Шалқар аудандық мәслихатының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 127 шешімімен бекітілді
Шалқар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Шалқар ауданында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 және 39-3 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзiрлендi және ауданның маңызы бар қала, ауылдық округтері тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Шалқар ауданының аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтерінiң аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi-бөлек жиын), жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда келесідей ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару - халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет;
Тармақша 2
2) жергiлiктi қоғамдастық - шекараларында жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс iстейтiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тұратын тұрғындардың (жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң) жиынтығы;
Тармақша 3
3) жергiлiктi маңызы бар мәселелер - реттелуi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тұрғындарының басым бөлiгiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қызметiнiң мәселелерi.
Бөлім 2. 2. Жергілікті қоғамдастық жиынның өкілеттіліктері
2. Жергілікті қоғамдастық жиынның өкілеттіліктері
Тармақ 4
4. Бөлек жиынға қатысушылар күн тәртiбiне енгiзiлген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды:
Тармақша 1
1) аудан мәслихатына, ауданның және ауылдық округтердің әкiмдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2
2) әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша олардың есептерін тыңдау және талқылау;
Тармақша 3
3) аудан мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы мәслихаттың есептерін тыңдау және талқылау;
Тармақша 4
4) жергілікті қоғамдастық жиыны айқындаған жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша өткізіледі.
Бөлім 3. 3. Бөлек жиынын өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынын өткізу тәртібі
Тармақ 5
5. Бөлек жиын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтiң әкiмдерiмен шақырылады.
Тиiстi аудан әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.
Тармақ 6
6. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
Тармақ 7
7. Ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi аудандық маңызы бар қаланың және ауылдық округтiң әкiмiмен ұйымдастырылады.
Тармақ 8
8. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi ауылдың, көшенің, көп пәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.
Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң кандидатуралары жасы 18-ден асқан, әрекет қабілеттігі бар, сотталмаған, әкімшілік–аумақтық бөлініс шекарасының аумағындағы тұрғылықты тіркелген азаматтардың әр 100 адамнан 1 адам құрамында бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.
Тармақ 12
12. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.
Тармақ 13
13. Жергілікті қоғамдастық жиыны оған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі. Жергілікті қоғамдастық жиындары өкілдердің қатысуымен өткізілген жағдайда, жергілікті қоғамдастық жиыны оған ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында сайланған өкілдердің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Бөлім 4. 4. Жергілікті қоғамдастық жиынынның шешімі
4. Жергілікті қоғамдастық жиынынның шешімі
Тармақ 14
14. Жергілікті қоғамдастық жиынының шешімі, егер оған жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Аудандық маңызы бар қала және уылдық округ әкімдері жергілікті қоғамдастық жиынының шешімімен келіспейтінін білдіруге құқылы, бұл осындай келіспеушілікті туғызған мәселелерді қайтадан талқылау арқылы шешіледі.
Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкімдері келіспеушілігін туғызған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан мәслихатының отырысында оны алдын ала талқылағаннан кейін шешеді.
Тармақ 15
15. Жергілікті қоғамдастық жиынында қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратылады.
Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиыны шешімінің қорытындылары бойынша аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкімдері шешім қабылдайды.
Бөлім 5. 5. Қорытынды ереже
5. Қорытынды ереже
Тармақ 16
16. Бөлек жиын өткізу барысында жергілікті қоғамдастықтың мүшелері қоғамдық тәртіпті сақтаулары қажет.