Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Аксуского района Күшін жойған
Басқа 0
Ақсу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы N 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ақсу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, әлеуметтік-мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
мәслихат хатшысы
С. Серпербаев
КЕЛІСІЛДІ:
Ақсу ауданының
әкімі
2013 жылғы 21 желтоқсан
Далбағаев Әділбек Егеубекұлы
Басқа 4
2013 жылғы 21 желтоқсандағы
Ақсу аудандық мәслихатының
"Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
Қағидаларын бекіту туралы"
N 26-166 шешіміне қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы N 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімнің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Алматы облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 4
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 5
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Тармақша 6
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
Тармақша 7
7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын Ақсу ауданының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
Тармақша 8
8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 9
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 10
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
Тармақ 4
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбесі:
Тармақша 1
1) 15 ақпан – Ауғаныстаннан кеңес әскерін шығарған күні;
Тармақша 2
2) 26 сәуір - Чернобыль апатының күні;
Тармақша 3
3) 9 мамыр – Жеңіс күні;
Тармақша 4
4) 1 қазан – Қарттар күні;
Тармақша 5
5) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы мүгедектерінің күні.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек атаулы күндер мен мерекелік күндерге, біржолы, табыстарын есепке алмай көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек алушылардың санатының тізбесі және шекті мөлшерлері:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 27 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
Тармақша 2
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар – 13,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
Тармақша 3
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар - 13,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
Тармақша 4
4) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары - 13,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
Тармақша 5
5) жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге - 13,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
Тармақша 6
6) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейін мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдар - 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
Тармақша 7
7) көп балалы отбасылар - 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
Тармақша 8
8) өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға, оның ішінде жетім балаға (жетім балаларға), бала (балалар) - 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
Тармақша 9
9) аз қамтамасыз етілген азаматтар - 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
Тармақша 10
10) әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын азаматтар (онкологиялық аурулармен ауыратындарға, АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) және туберкулезбен ауыратындарға) - 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
Тармақша 11
11) әлеуметтік көмекке тағайындау үшін өтініш білдірген жастар (студенттер) отбасының жанбасына шаққандағы табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейі өткен тоқсаннан аспағанда. Қажетті мамандықтар тізбесіне сәйкес, табыстарын санамағанда облыстық бюджет қаражаты есебінен білім мекемелерінде жоғары, арнайы-орта білім алатын, оқуды жалғастырып жатқан жастарға (студенттерге) шығысты өтеуге, нақты шығындарын төлеу үшін - 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
Тармақша 12
12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде отбасына табыстарын есепке алмай, біржолы - 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыс көзін есептемегенде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне төленетін коммуналдық қызмет шығындарына, көмір шығындарына, байланыс қызметіне (абоненттік төлем) 3 айлық көрсеткіш мөлшерінде бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін азаматтар уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне бір ай мерзімде өтініш білдіруі керек.
Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіздеме болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
Тармақша 2
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
Тармақша 3
3) облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде әлеуметтік көмек алушылардың санатының тізбесін басшылыққа алады.
Тармақ 9
9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Алматы облысының жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
Тармақ 10
10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 11
11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйым не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
Тармақша 2
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" N 504 қаулысының 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді (бұдан әрі - Үлгілік қағида);
Тармақша 4
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
Тармақша 5
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжатты және/немесе актіні.
Тармақ 13
13. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 14
14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтың әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
Тармақ 15
15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағиданың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округтың әкіміне жібереді.
Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
Тармақ 17
17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 18
18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 19
19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
Тармақ 20
20. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағиданың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 21
21. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 22
22. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
Тармақ 23
23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
Тармақша 1
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 2
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
Тармақша 3
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру жергілікті бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.
Тармақ 25
25. Әлеуметтік көмекті төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың банктік шотына ақша қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін
негіздемелер
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін
негіздемелер
Тармақ 26
26. Әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
Тармақша 4
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 27
27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
Тарау 5. 5. Қорытынды ереже
5. Қорытынды ереже
Тармақ 28
28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Тармақ 29
29. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.