Об определении страны происхождения товаров, ввозимых на территорию Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тауарлардың шыққан елiн анықтау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2005 № 124 қаулысымен
Кеден-тариф саясатын, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелудi реттеудiң тарифтiк емес шараларын одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. 1995 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының аумағына заңды тұлғалар әкелетiн және осы аумақта еркiн айналысқа шығарылуға тиiстi тауарды кедендiк ресiмдеу кезiнде тауарды шығарушы елдiң құзырлы органдары беретiн тауардың шығу сертификатын мiндеттi түрде ұсыну енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Мыналар белгiленсiн:
осы қаулы 1995 жылдың 1 маусымына дейiн жасалған контрактiлер бойынша әкелiнетiн тауарларға қолданылмайды;
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден әкелiнетiн тауарларға Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Үкiмет басшылары Кеңесiнiң Тауарлардың шыққан елiн анықтау ережелерi туралы 1993 жылғы 24 қыркүйектегi шешiмiмен бекiтiлген тауарлардың шығуы туралы сертификат қолданылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi ведомстволық нормативтiк базасын осы қаулыға сәйкестендiрсiн.
📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР
Үкіметінің
20.08.1996
№ 1031 қаулысымен.