Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Авангардского сельского округа района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы
Авангард ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев
ауданы мәслихатының
2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-17
шешіміне қосымша
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы
Авангард ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің саны
(адам)
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Полтавка ауылының тұрғындары үшін
47
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Достық ауылының тұрғындары үшін
21
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Рощино ауылының тұрғындары үшін
9
Басқа 5
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының 2013 жылғы
23 желтоқсандағы
№ 21-17 шешімімен
бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округі ауылдары тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округі ауылдарының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиын Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округінің әкімі шақырады.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Вести», «Мағжан жұлдызы» газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.