О создании Совета по связям с религиозными объединениями при акиме Акмолинкой области Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесін құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 11.08.2003 № а-8/212 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6 мамыр 2000 жылғы №683 «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімі шешім қабылдайды:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесінің кұрамы, оған консультативтік-кеңестік міндеттер жүктеле отырып бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақмола облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесі туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері осындай Кеңестер құрып, олардың Ережелерін бекітсін, жұмыс жоспарларында өз аумақтарындағы діннің уағыздалу жағдайын зерттеу, қолданылып жүрген заңдардағы дінге сену еркіндігі мен діни бірлестіктер туралы қағидаларды жүзеге асыруды қарастырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ж. Жалмағанбетоваға жүктелсін.
Басқа 5. Ақмола облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің ҚҰРАМЫ
Ақмола облысы әкімінің
2 қазан 2000 жылғы №598
шешіміне №1 қосымша
Ақмола облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің ҚҰРАМЫ
Жалмағанбетова С.Ж. - облыс әкімінің орынбасары, Кеңестің төрайымы
Төлеғұл Ғ.Т. - облыстық ақпарат және коғамдық келісім басқармасы бастығының м.а. , Кеңес төрағасының орынбасары
Кеңес мүшелері
Айтмұханбетов А.А. - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры
Ахметжанов Д.А. - ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау және мәдениет бөлімінің бас маманы, кеңес хатшысы
Байменов Р.О. - Көкшетау қаласындағы орталық мешіттің имамы
Баймағамбетов А.Б. - Ақмола облысы бойынша Қазақстан халықтары шағын ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі
Баяділов Б. - облыстық телерадиокомпания төрағасының орынбасары
Бекмағанбетов F.M. - Көкшетау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары
Бөденеев К.Д. - ҰҚК департаменті бастығының орынбасары
Зуб В.М. - еңбек ардагері, зейнеткер
Исабаев Б.И. - еңбек ардагері, зейнеткер
Қажыбаев Т.С. - жазушы, журналист
Качанкин В.И. - Көкшетау қаласындағы орыс шіркеуінің Архистратиг Михайл приходының настоятелі
Квечинский З.И. - Әулие Антони атындағы рим-католиг шіркеуінің әулиеәкейі
Митчинова Н.И. - «Әділет» жоғары құқықтық мектебінің саясаттану оқытушысы
Басқа 6. Ақмола облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Ақмола облысы әкімінің
2 қазан 2000 жылғы №598
шешіміне №2 қосымша
Ақмола облысы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес (әрі қарай - Кеңес) консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс әкімінің шешімдерін, және басқа да нормативтік-құқықтық актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз жұмысын облыстық мемлекеттік органдармен, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктермен, сонымен қатар республикалық ұйымдармен бірлесе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Кеңес шешімі ұсыныстық сипатқа ие болады.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаттары, міндеттері және атқаратын жұмыстары
2. Кеңестің мақсаттары, міндеттері және атқаратын жұмыстары
Тармақ 5
5. Кеңестің мақсаты облыстағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша тұрғындардың дінге сену еркіндігін, рухани келісімді нығайтуды және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар дайындау.
Тармақ 6
6. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) облыста діннің даму жағдайын қорытындылау, сараптау және жан-жақты дәйекті түрде зертеу;
Тармақша 2
2) облыста дінге сену еркіндігі туралы заңдардың сақталуы және діннің даму жағдайы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ақпарат беріп отыру;
Тармақша 3
3) діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудандық Кеңестердің жұмыстарын үйлестіру;
Тармақша 4
4) облыста тіркелген діни бірлестіктер туралы ақпараттық банк деректерін құрастыру;
Тармақша 5
5) діни бірлестіктер арасындағы өзара келісім мен сыйластықты нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес консультативтік көмек көрсетіп отыру.
Тармақ 7
7. Кеңестер өздеріне жүктелген міндеттерге және заңда белгіленген тәртіптерге сәйкес төмендегі жұмыстарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) облыс аумағында құрылған діни бірлестіктер мен шет ел миссонелерінің жұмыстарын зерттеп, олар туралы деректердің банкін құрастырады.
Тармақша 2
2) ақпараттық-үгіт іс-шараларын жүргізеді;
Тармақша 3
3) азаматтардың дінге сену еркіндігі құқықтарын қамтамасыз ету бойынша облыстағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша консультативтік жұмыстар жүргізеді;
Тармақша 4
4) басқа облыстардың осындай ұйымдарымен байланыстар орнатып оларды қолдап отырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша өзіне жүктелген басқа да жұмыстармен айналысады.
Тарау 3. 3. Кеңес жұмыстарын ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
3. Кеңес жұмыстарын ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
Тармақ 8
8. Кеңесті облыс әкімі орынбасарларының бірі басқарады.
Тармақ 9
9. Кеңес мәжілістері үш айда бір реттен кем өткізілмейді. Кеңестің кезектен тыс мәжілісі оның төрағасы өз еркімен немесе Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бірінің талабы бойынша шақырылады.
Тармақ 10
10. Кеңес мәжілісі оған кеңес мүшелерінің екіден үш бөлігі қатысқан жағдайда ғана заңды деп саналады. Кеңес шешімі жиналысқа қатысқан Кеңес мүшелерінің көп дауысымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші роль атқарады.
Тармақ 11
11. Мәселелерді қарастырып, мәжілісті дайындау және Кеңес жұмысына сараптама жасау үшін жұмыс тобы құрылады, оны Кеңес мүшелерінің бірі басқарады.
Тармақ 12
12. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша төмендегі құқықтарға ие болады:
Тармақша 1
1) Кеңестің міндеттеріне жататын мәселелер бойынша облыстық басқармалар мен ведомстволардың, діни ұйымдардың ақпараттарын қолдану;
Тармақша 2
2) заңда белгіленген тәртіптер бойынша құжаттар әзірлеуге ғылыми ұйымдарды, тәуелсіз сараптаушылар мен мамандарды қатыстыр).
Тармақша 3
3) Кеңес міндеттеріне катысты мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 4
4) Кеңес міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша түсініктер беру;
Тармақша 5
5) заңдарға сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Тарау 4. 4. Кеңестің жұмыстарын қамтамасыз ету
4. Кеңестің жұмыстарын қамтамасыз ету
Тармақ 13
13. Кеңестің құрамын облыс әкімі бекітеді.
Тармақ 14
14. Кеңестің жұмысын оның төрағасы басқарды. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттері төрағаның орынбасарына жүктеледі.
Тармақ 15
15. Кеңес алдыңғы қатарлы конфессиялардың басшыларынан, дін танушы ғалымдардан, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерінен, қоғамдық өкілдерден құралады. Кеңес мүшелері қоғамдық жұмысты тегін атқарады.
Тармақ 16
16. Кеңестің ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстарын Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Кеңес хатшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін заңда белгіленген тәртіптер бойынша:
Тармақша 1
1) ұйымдастыру, ақпараттық сараптау, әдістемелік және баска да жұмыстардың қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Кеңес қарауына жұмыс тәртібі бойынша Кеңес мәжілісінде қабылданған және оның төрағасымен бекітілген жұмыстарды ұсынып отырады;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжілісінің күн тәртібін құрастырады;
Тармақша 4
4) Кеңес мәжілісінің жұмысын дайындайды, Кеңес мүшелерінің бірлесіп жұмыс істеуін ұйымдастырады, іс қағаздарын жүргізеді;
Тармақша 5
5) басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңестің жұмысын тоқтату тәртібі
5. Кеңестің жұмысын тоқтату тәртібі
Тармақ 18
18. Кеңес өз жұмысын облыс әкімінің шешімімен тоқтатады.