О недопущении ящура и других особо опасных инфекционных болезней сельскохозяйственных животных на территории области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс аумағында ауыл және ауыл шаруашылығы малдарының басқа да қауіпті жұқпалы ауруларын болдырмау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен. Көрші Шығыс Қазақстан облысында аусыл ауруының пайда болуына, сондай-ақ облыс аумағына Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан және Қырғызстан, Өзбекстан республикаларынан ет өнімдерін тиісті малдәрігерлік құжаттарсыз жасырын түрде әкелу жағдайларының жиілеуіне байланысты облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Облыс аумағы аусыл ауруы қауіп төндіріп тұрған аймақ деп жариялансын.
Тармақ 2
2. Облыстың ауыл шаруашылығы департаменті (Т. Ұзақов), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы (Н. Айтуғанов) малды жұқпалы аурудан сақтаудың малдәрігерлік - алдын-алу кешенді шараларын жүргізсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдері: - селолық (поселкелік) округтер әкімдерін, меншіктің барлық түріндегі ауылшаруашылық құрамалар басшыларын өз аумақтарын аусылдан және басқа да қауіпті жұқпалы мал ауруларынан сақтауды қамтамасыз етуге міндеттенсін; - ауылшаруашылық малдарды, құстарды және мал өнімдерін малдәрігерлік заңда көзделген тиісті құжатсыз облыс аумағына әкелуге және әкетуге, малды бір орыннан екінші орынға көшіруге тыйым салсын.
Тармақ 4
4. Жамбыл және Алакөл аудандарының әкімдері көрші облыстармен шекарада бақылау посттарын орнатсын.
Тармақ 5
5. Облыстың ішкі істер басқармасы (Т. Құлыбаев) табиғат қорғау және малдәрігерлік полицияның жеке құрамынан қызметкерлердің қажетті санын бөлсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А.Кәрімоллинге жүктелсін.