О мерах по рациональному использованию земель, повышению плодородия почв, охране земельных ресурсов области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі шаралары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен. "Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 16 ақпандағы N 253 Қаулысына сәйкес, ауыл шаруашылығы айналымына егістікке жарамды жерлерді барынша қатыстыру мақсатында, облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет (Н.А. Таубаев), облыстық мемлекеттік жер инспекциясы (Ғ.А. Қарқынбаев), облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (Т.Ұ. Ұзақов), аудандар мен қалалар әкімдері: - 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін шартты жер үлестерін заттық дербестендіруді аяқтасын; - Алматы мемлекеттік "Жер.МҒӨО" ("Гос.НПЦзем") кәсіпорынымен бірге егістік жерлерді тізімге алуына, оның пайдалануына тексеру жүргізсін. Облыстың жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі аймақтық және облыстық бағдарламаларын дайындасын және облыстық бағдарламаларын дайындасын және 2000 жылдың желтоқсан айына дейін облыс Әкімінің бекітуіне ұсынсын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалар әкімдері, облыстық мемлекеттік жер инспекциясы: - жерлері өңделмеген әрбір жерді пайдаланушылардың жеке мәселелерін қарау; 📌 Ескерту. 3 абзац алынып тасталды - Алматы облысы Әкімінің 2000 жылғы 20 қыркүйектегі N 9-274 шешімімен . - жер пайдалану құқығына мемлекеттiк актiге сәйкес бөлiнген жерлердi басқа жеке және заңды тұлғаларға жалға және субарендаға беру тәсiлiне шек қою мiндеттелсiн.
Тармақ 3
3. Аудан, қала, селолық (поселкелiк) округтер әкiмдерiнiң дербес жауапкершiлiгiне, ауыл шаруашылығының дәндi-дақылдарын өсiру үшiн суармалы жерлердiң әр гектарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Аудан, қала әкiмдерi, облыстың ауыл шаруашылығы департаментi, облыстық жер ресурстарын басқару комитетi, облыстық мемлекеттiк жер инспекциясы осы шешiмнiң орындалуы туралы тоқсан сайын баяндап тұрсын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмдi орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары А.К. Кәрiмоллинге жүктелсiн.