Об уполномоченном органе по проведению открытых тендеров на оказание услуг пассажирским транспортом на маршрутах Күшін жойған
Басқа 0
Маршруттарда жолаушылар көлігімен қызметтер көрсетуге ашық тендер өткізу жөніндегі уәкілетті орган туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 28.02.2003 № 50 шешімімен.
Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің 1996 жылғы 12 тамыздағы № 6197 қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Облыс ішіндегі, облыстар арасындағы және калааралық жалпы пайдаланудағы маршруттарда жолаушылар көлігімен қызметтер көрсетуге ашық тендерлер ұйымдастырушы болып Қостанай ифрақұрылым және құрылыс департаменті, төмендегідей функциялар беріле отырып, белгіленсін:
Тармақша 1
1)облыс ішіндегі және облыстар арасындағы маршруттар бойынша жалпы пайдаланудағы жолаушылар тасымалы көліктерінің маршруттық схемаларын бекіту;
Тармақша 2
2)маршруттық пакеттерін құру және тендерлік негізде оларды тасымалдаушылар арасында ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан орналасуын ұйымдастыру.
Тармақ 2
2. Инфрақұрылым және құрылыс департаменті (В.Ф. Кочин) баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі Казақстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің 1996 жылғы 12 тамыздағы № 6197 қаулысымен бекітілген маршруттарда жолаушылар көлігімен қызметтер корсетуге ашық тендерлер ұйымдастыру жөніндегі үлгілі ережені басшылыкқа ала отырып, тендерлік комиссия құрсын және ашық тендерлер өткізсін.