О мерах по поощрению граждан, участвующих в охране общественного порядка, способствовавших предупреждению и пресечению преступлений Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қылмыстардың алдын алу және жолын кесуге ықпалын тигізетін қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысушы азаматтарды ынталандыру жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 29.11.2004 № 51 шешімімен. Азаматтарды құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға белсенді түрде қатысуға тарту мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қылмыстардың алдын алу және жолын кесуге ықпалын тигізетін қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысушы азаматтарды ынталандыру мәселелерін қарау жөніндегі облыстық комиссия мына құрамда құрылсын: Наурызбеков Марат Әбдібекұлы - облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасы Моор Юрий Андреевич - ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Мацупа Людмила Владимировна - облыстық мәслихаттың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Скарбовийчук Вера Пантелеевна - Қостанай облысы қаржы департаменті директорының орынбасары
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстардың алдын алу мен жолын кесуге белсенді түрде қатысып жүрген азаматтарды ақшалай сыйақымен ынталандыру жөніндегі ішкі істер органдарының ұсыныстарыи қарау комиссияның негізгі міндетті болып табылатыны белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қалалар және аудандар әкімдеріне мыналар тапсырылсын:
Тармақша 1
1) қылмыстардың алдын алу және жолын кесуге ықпалын тигізетін қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысқан азаматтарды ынталандыру мәселелерін қарау жөнінен осындай комиссиялар құру;
Тармақша 2
2) қалалар, аудандар бюджеттерін құрастырғанда ішкі істер органдары шығыстарының құрамында ынталандыруды төлеуге арналған қаражатты қарастыру.
Тармақ 4
4. Қостанай облысының қаржы департаменті (М.А. Щеглова) облыстық бюджетте ішкі істер органдары шығыстарының құрамында ынталандыруды төлеуге арналған қаражатты жеке бағдарлама ретінде қарастырсын.