О привлечении кредита для восстановления пассажирского терминала в аэропорту города Алматы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының әуежайындағы жолаушылар терминалын қалпына келтiру үшiн кредит тарту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 5 маусымдағы N 362 шешімімен. "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 40 бабына және "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласының Әкiмiне Алматы қаласының әуежайындағы жолаушылар терминалын қалпына келтiру үшiн кредит тарту туралы екi жыл мерзiмге 15,0 (он бес) млн.АҚШ доллары сомасында кредит тартуға рұқсат етiлсiн.
Тармақ 2
2. Алматы қаласының Әкiмi 2001 жылға арналған Алматы қаласының бюджетiнде кредит бойынша пайызды төлеу және өтем төлеу үшiн 905000 АҚШ доллары көлемiндегi ақша қаражатын iздестiрсiн.
Тармақ 3
3. Несиенi және кредиттi пайдаланғандығы үшiн пайызды өтеу кестесi бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және өндiрiстi дамыту мәселесi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсiн (А.И. Шелипанов).
Басқа 5
II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2000 жылғы 6 желтоқсандағы кезектен тыс VII-сессиясының шешiмiне қосымша Алматы қаласындағы әуежай жолаушылар терминалын қалпына келтiруге бөлiнген несиенi және несиенi пайдаланғаны үшiн пайыздарды өтеу КЕСТЕСI 📌 Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған X сессиясының 2001 жылғы 25 мамырдағы шешімімен.