О создании территориальных органов Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес және жергiлiктi жерлерде еңбек туралы заңнаманың сақталуын бақылауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының мемлекеттiк еңбек инспекцияларының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау жөнiндегi өкiлдiктерiнің (бұдан әрi - Аумақтық органдар) базасында жалпы штат саны 520 бiрлiк лимитiмен мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының өкiлдерiне облыстық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары мүлігінің бiр бөлiгiн Аумақтық органдарға беру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) Аумақтық органдар туралы ереженi бекiтсiн және оларды мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) екi айлық мерзiмде "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 102-бабын iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн;
Тармақша 3
3) бiр айлық мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнің бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстаренгiзсiн;
Тармақша 4
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.21 N 985 қаулысымен.
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.09 N 214 қаулысымен.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.07.21 N 985; 2001.02.09. N 214 қаулысымен.
Тармақ 5
5. "Еңбек қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 22 қаңтардағы N 1915-ХII қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 17 желтоқсандағы N 1270 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., 49, N 593-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.