Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Литовской Республики о сотрудничестве и взаимной помощи в таможенных делах Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметінің арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995
жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күші бар Жарлығының 16-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2000 жылғы 11 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметінің арасындағы Кеден
істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы
Үкіметінің арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық
және өзара көмек туралы
Келісім*
* (2001 жылғы 12 сәуірден бастап күшіне енді - ҚР халықаралық
шарттары бюллетені, 2002 ж., N 2, 18-құжат)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Литва Республикасының Үкiметi,
кеден заңдарын Z952368_ бұзу екi мемлекеттің экономикалық, салықтық және әлеуметтiк мүдделерiне, сондай-ақ сауда-саттықтағы заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiнiн негiзге ала отырып;
есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымы қоғам мен азаматтардың денсаулығына қауiп төндiретiндiгiн назарға ала отырып;
тауарлардың импорты немесе экспорты кезiнде өндiрiлiп алынатын кеден баждарын, салықтарды және басқа да алымдарды дәлме-дәл есептеуді қамтамасыз етудің, сондай-ақ тыйым салу, шектеу және бақылау шарттарын тиянақты орындаудың маңыздылығын ескере отырып;
кеден заңдарын бұзуды болдырмау және кеден баждары мен салықтарды дұрыс өндiрiп алуды қамтамасыз ету жөнiндегi күш-жiгер жұмсау екi елдiң кеден қызметтерi арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесiнде анағұрлым тиiмдi болады деп есептей отырып;
БҰҰ-ның 1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы бiрыңғай конвенциясының Z980257_ , БҰҰ-ның 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенциясының Z980249_ және кейiнiрек өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген БҰҰ-ның 1988 жылғы Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясының Z980246_ ережелерiн назарға ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
Бап 1. 1-бап
Терминдердiң анықтамасы
1-бап
Терминдердiң анықтамасы
Осы Келiсiмнің мақсаттарына орай:
Тармақша 1
1) "кеден заңдары" - тауарларды, жолаушылардың қол жүгі мен жол жүгiн, халықаралық пошта жөнелтiлiмдерiн, валюталық және басқа да құндылықтарды, кеден баждарын, алымдарын және басқа да төлемдердi өндiрiп алудың, кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктер берудің, тыйым салулар мен шектеулердi белгiлеудiң, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнің кедендiк шекаралары арқылы тауарлар айналысына бақылау жасаудың тәртiбiн реттейтiн Тараптардың нормативтiк құқықтық актiлер жиынтығын бiлдiредi;
Тармақша 2
2) "бұзу" - кеден заңдарын кез келген бұзуды, сондай-ақ осы заңдарды бұзатындай кез келген әрекеттi білдiредi;
Тармақша 3
3) "кеден қызметтерi" - Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетiн, Литва Республикасында - Литва Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Кеден департаментiн білдiредi;
Тармақша 4
4) "бақыланатын жеткiзiлiм" - есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарының рұқсатымен және бақылауымен есiрткi және психотроптық заттардың партияларын Тараптар мемлекеттерiнiң аумағынан әкетiлуiне, транзиттiк өтуiне немесе онда әкелiнуiне жол беру әдiсi.
Бап 2. 2-бап
Келiсiмнiң қолданылу аясы
2-бап
Келiсiмнiң қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Тараптар өз кеден қызметтерi арқылы және осы Келiсiмнiң шарттарына сәйкес,
Тармақша а
а) тауарлар айналысын жеңілдету және жылдамдату;
Тармақша б
б) кеден заңдарын тиiсiнше сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша в
в) кеден заңдарын бұзудан сақтандыру, оларды тергеу мен жолын кесу мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асырады және бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiм шеңберiнде жәрдем көрсету сұрау салынған Тараптың аумағында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес және сұрау салынған кеден қызметiнiң құзыретi мен мүмкiндiктерi шегінде жүзеге асырылады. Кеден қызметтерi қажет болған жағдайда сұрау салынған Тараптың аумағында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа да құзыреттi органдардың жәрдем беруiн ұйымдастыруы мүмкiн. Қылмыстарды тергеу саласында өзара көмек берудi реттейтiн ережелер бұзылатын болса, осы Келiсiм қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Осы Келiсiм төленбеген кеден баждарын, салықтарды немесе кез келген басқа да алымдарды өтеу мақсатында қолданылмайды.
Бап 3. 3-бап
Ынтымақтастық пен өзара көмек берудің түрлері
3-бап
Ынтымақтастық пен өзара көмек берудің түрлері
Тармақ 1
1. Кеден қызметтерi осы Келiсiмнiң 6, 7, 8-баптарына сәйкес өзiнiң
бастамасымен немесе сұрау салу бойынша барлық қажеттi ақпаратты бiр-бiрiне
беретiн болады.
Тармақ 2
2. Кеден қызметтерi:
Тармақша а
а) қызметтерiне қатысты тәжiрибе алмасады және кеден заңдарын бұзуды
болдырмаудың жаңа құралдары мен әдiстері туралы ақпарат алмасып тұрады;
Тармақша б
б) кеден заңдары, кеден заңдарындағы өзгерiстер мен толықтырулар,
бақылау iсiнде қолданылып жүрген техникалық құралдар, оларды пайдалану
әдiстерi туралы бiр-бiрiн хабардар етiп тұрады, сондай-ақ өзара мүдделiлiк
бiлдiрілетiн басқа да мәселелердi талқылайтын болады.
Бап 4. 4-бап
Тұлғаларды, тауарларды
және көлiк құралдарын бақылау
4-бап
Тұлғаларды, тауарларды
және көлiк құралдарын бақылау
Тармақ 1
1. Бiр Тараптың кеден қызметi өзiнiң бастамасы бойынша немесе екiншi
Тараптың кеден қызметiнiң сұрау салуы бойынша:
Тармақша а
а) екiншi Тараптың аумағында қолданылып жүрген кеден заңдарын бұзғандығы белгiлi болған немесе бұзуы мүмкiн күдiктi тұлғалардың жүрiп-тұруына, әсiресе олардың өзiнiң аумағына келуiне және одан кетуiне;
Тармақша б
б) Тараптардың бiрiнiң кеден қызметi екiншi Тараптың кеден қызметiне сол мемлекеттің аумағында заңсыз айналымға түстi деп хабарланған тауарлар мен төлем құралдарының айналысына;
Тармақша в
в) екiншi Тараптың аумағында қолданылып жүрген кеден заңдарын бұзу мақсатында пайдаланатындығы белгiлi болған немесе осындай күдік тудыратын кез келген көлік құралдарына;
Тармақша г
г) екiншi Тараптың аумағына елеулi түрде заңсыз өткiзiлетiн заттар бола алатын тауарлардың қоймасы ретiнде пайдаланылып жүрген орындарға арнайы бақылау жүргiзедi.
Бап 5. 5-бап
Бақыланатын жеткiзiлiм
5-бап
Бақыланатын жеткiзiлiм
Тармақ 1
1. Егер бұл Тараптардың ұлттық заңдарына қайшы келмесе, кеден қызметтерi өзара келiсiм мен уағдаластық бойынша есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына тартылған тұлғаларды анықтау мақсатында халықаралық деңгейде осы заттарға "бақыланатын жеткiзiлiм" әдiсiн қолдана алады.
Тармақ 2
2. Қол жеткiзiлген уағдаластықтарға сәйкес бақыланатын жеткiзiлiм жүзеге асырылатын заңсыз өткiзiлген партиялар қос кеден қызметтерiнiң өзара келiсiмiмен ұсталынуы немесе одан әрi тасымалдануы үшiн заңсыз өткiзiлген есiрткi және психотроптық заттар сол қалпында, алып тастаумен, толық немесе iшiнара алмастырумен қалдырылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Бақыланатын жеткiзiлiмдердi пайдалану туралы шешiмдер әрбiр жекелеген жағдайда қабылданады және қажет болған жағдайда кеден қызметтерi қол жеткiзген қаржылық уағдаластықтарды ескеруi мүмкiн.
Бап 6. 6-бап
Тауарлардың заңсыз айналымына қарсы күрес
6-бап
Тауарлардың заңсыз айналымына қарсы күрес
Тармақ 1
1. Кеден қызметтерi өздерiнiң бастамасымен немесе сұрау салу бойынша Тараптардың бiрiнiң аумағында төмендегi салаларда қолданылып жүрген кеден заңдарын бұзған немесе бұзуы мүмкiн анықталған iс-әрекеттер туралы барлық қажетті ақпаратты бiр-бiрiне кідiрiссiз беретiн болады, олар:
Тармақша а
а) қарудың, оқ-дәрiнiң, жарылғыш, улағыш заттардың және қопарғыш құрылғылардың айналысы;
Тармақша б
б) Тараптардың, бiрi үшiн елеулi тарихи, мәдени немесе археологиялық құндылығы бар байырғы және өнер заттарының айналысы;
Тармақша в
в) қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына қауiп төндiретiн улы заттардың, сондай-ақ басқа да тауарлардың тасымалы;
Тармақша г
г) Кеден қызметтерi алмасатын, Тараптар аумақтарында қолданылып жүрген тiзбелерге сәйкес тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын айрықша маңызы бар тауарлардың және стратегиялық тауарлардың айналысы.
Бап 7. 7-бап
Ақпараттар беру
7-бап
Ақпараттар беру
Тармақ 1
1. Кеден қызметтері өздерінің бастамасымен немесе сұрау салу бойынша:
Тармақша а
а) кеден баждарын, салықтарды және басқа да алымдарды кеден қызметтерiнiң дұрыс өндiрiп алуын, атап айтқанда, тауарлардың кедендiк құнын белгiлеу, олардың тарифтiк топтастырылуын анықтау үшiн қажеттi ақпаратты берудi;
Тармақша б
б) әкелу, әкету транзиттiк өту жөнiнде тыйым салулар мен шектеулердi сақтауды немесе кеден баждарынан, салықтардан және басқа да алымдардан босатуды;
Тармақша в
в) Тараптардың бiрi немесе Тараптардың екеуi де жасасқан басқа да келiсiмдерге қолданылмайтын тауарлардың шығу тегiнiң ұлттық ережелерiн дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшiн көмек бере алатын барлық ақпаратты бiр-бiрiне беретiн болады.
Тармақ 2
2. Сұрау салынған кеден қызметiнде сұрау салынған ақпарат болмаған жағдайда ол сұрау салынған Тараптың аумағында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес осындай ақпаратты алу үшiн шаралар қолданады.
Тармақ 3
3. Әрбiр кеден қызметi екiншi кеден қызметiнiң сұрау салуы бойынша:
Тармақша а
а) сұрау салушы Тараптың аумағына әкелiнген тауарлар сұрау салынған Тараптың аумағынан заңды түрде әкетiлдi ме;
Тармақша б
б) сұрау салушы Тараптың аумағынан әкетiлген тауарлар сұрау салынған Тараптың аумағына заңды түрде әкелiндi ме және осы тауарлар қандай кеден рәсiмiнен (егер ол орын алса) өткiзілді деген ақпараттарды бередi.
Тармақ 4
4. Әрбiр кеден қызметi өзiнiң бастамасымен немесе сұрау салу бойынша екiншi Тараптың кеден қызметiне оның аумағында қолданылып жүрген кеден заңдарын бұзуға байланысты қолданылуы мүмкiн, атап айтқанда:
Тармақша а
а) екiншi Тараптың аумағында қолданылып жүрген кеден заңдарын
бұзғандығы белгілi болған немесе бұзуы мүмкiн күдiктi жеке және заңды
тұлғаларға;
б) елеулi түрдегi заңсыз айналыстағы заттар ретiнде белгілi болған
немесе осындай күдiк тудыратын тауарларға;
в) екiншi Тараптың аумағында қолданылып жүрген кеден заңдарын бұзу
мақсатында пайдаланатындығы белгiлi болған немесе осындай күдiк тудыратын
көлiк құралдарына;
г) кеден заңдарын бұзудың жаңа жолдары мен тәсілдерiне қатысты барлық
ақпаратты бередi.
Бап 8. 8-бап
Құжаттарды беру
8-бап
Құжаттарды беру
Тармақ 1
1. Әрбiр кеден қызметi өзiнiң бастамасымен немесе сұрау салу бойынша екiншi Тараптың аумағында қолданылып жүрген кеден заңдарын бұзуға әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы мүмкiн дайындалып жатқан немесе жасалған iс-әрекеттерге қатысты барлық қолда бар ақпарат баяндалатын актiлердi, куәгерлiк айғақтарды немесе құжаттардың куәландырылған көшiрмелерiн екiншi Тараптың кеден қызметiне бередi.
Осы Келiсiмде көзделген құжаттардың орнына тап осы мақсаттар үшiн электрондық тасымалдау құралдарына жазылған кез келген ақпарат берiлуi мүмкiн. Бiр мезгiлде осы материалдарды түсiндiру немесе пайдалану үшiн қажеттi барлық iлеспе ақпарат берiлуi тиiс.
Куәландырылған көшiрмелердi беру жеткіліксiз болған жағдайларда ғана iстер мен құжаттардың түпнұсқаларына сұрау салынуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Екiншi кеден қызметінен алынған iстер мен құжаттардың түпнұсқалары алғашқы мүмкiндiк туған сәтте қайтарылуы тиiс.
Бап 9. 9-бап
Тергеулер
9-бап
Тергеулер
Тармақ 1
1. Сұрау салынған кеден қызметі сұрау салуды алғаннан кейiн сұрау салушы Тараптың кеден заңдарына қайшы келетiн немесе қайшы келуi мүмкiн iс-әрекеттерге қатысты ресми тергеу жүргiзедi. Осындай тергеу қорытындылары сұрау салушы кеден қызметiне табыс етіледi.
Тармақ 2
2. Мұндай тергеулер сұрау салынған Тараптың ұлттық заңдарына сәйкес жүргiзіледi. Сұрау салынған кеден қызметi өзiнiң жеке атынан іс-әрекет жасап, тергеу жүргізедi.
Тармақ 3
3. Тараптардың бiрiнiң кеден қызметінiң лауазымды тұлғалары екiншi Тараптың кеден қызметiнiң келiсiмiмен жекелеген жағдайларда сұрау салушы Тараптың аумағында қолданылып жүрген кеден заңдарын бұзуды тергеуге қатыса алады.
Бап 10. 10-бап
Лауазымды тұлғалардың қатысу тәртiбi
10-бап
Лауазымды тұлғалардың қатысу тәртiбi
Осы Келiсiмде көзделгенiндей жағдайларда, Тараптардың бiрiнiң кеден қызметінің лауазымды тұлғалары екiншi Тараптың аумағында болатын кезінде олардың ресми өкiлеттіктерiн растайтын құжаттары өздерімен бірге болуы тиiс. Олар қызмет үлгiсiнде киiнбеуi тиiс және қарусыз жүредi.
Бап 11. 11-бап
Сарапшылар
11-бап
Сарапшылар
Кеден заңдарын бұзуды қарауға байланысты Тараптардың бiрiнiң сот немесе әкiмшiлiк органдарының сұрау салуы бойынша екiншi Тараптың кеден қызметi өздерiнiң қызметкерлерiнiң осындай сот немесе әкiмшiлiк талқылауларға сарапшылар ретiнде қатысуына уәкiлеттiк бере алады. Мұндай қызметкерлер өздерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн атқаруы кезiнде анықтаған фактiлерi жөнiнде айғақтама бередi. Сот немесе әкiмшілiк талқылауларға қатысу туралы сұрау салуда қызметкердiң қандай iс бойынша және кiм ретінде қатысуы тиiс екенi көрсетiлуi керек.
Бап 12. 12-бап
Ақпаратты және құжаттарды пайдалану
12-бап
Ақпаратты және құжаттарды пайдалану
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмге сәйкес алынған ақпараттар, құжаттар және басқа да мәлiметтер құпия болып табылады және осы Келiсiмде көрсетілген мақсаттар үшiн, ғана пайдаланылады. Олар осы құжаттарды берген кеден қызметiнiң жазбаша келiсiмiмен ғана берiлуi немесе кез келген басқа да мақсаттарға пайдаланылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағындағы ережелер есiрткi және психотроптық заттарға қатысты заң бұзушылық туралы ақпаратқа қолданылмайды. Мұндай ақпарат есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күреспен тiкелей айналысатын басқа да мемлекеттiк ведомстволарға берiлуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Осы Келiсiмге сәйкес Тараптардың бiрiнiң кеден қызметiне берiлген сұрау салуларға, ақпараттарға, сараптамалық актiлерге және басқа да мәлiметтерге оларды алған Тарап өзiнiң заңдарына сәйкес Тараптың осындай құжаттары мен мәлiметтерiне қолданылатыны сияқты жария етуден қорғалудың тап сондай дәрежесiн бередi.
Тармақ 4
4. Кеден қызметтерi осы Келiсiмнiң мақсаттарына сәйкес және оның көлемiнде осы Келiсiм негiзiнде берiлген ақпараттар мен құжаттарды өз хаттамаларында, актiлерiнде, куәгерлiк айғақтардың жазбаларында, сондай-ақ сот пен әкiмшiлiк талқылау барысында дәлелдемелер ретiнде пайдалана алады.
Тармақ 5
5. Мұндай ақпараттарды және құжаттарды сот органдарында дәлелдемелер ретiнде пайдалану Тараптар мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес белгiленедi.
Бап 13. 13-бап
Жәрдем көрсету жөнiндегі мiндеттемелерге
қосылмайтын жағдайлар
13-бап
Жәрдем көрсету жөнiндегі мiндеттемелерге
қосылмайтын жағдайлар
Тармақ 1
1. Егер сұрау салынған Тараптардың бірінің кеден қызметі сұрау салуды орындау осы Тараптың егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртiбiне немесе кез келген басқа да маңызды мүдделерiне нұқсан келтiруi немесе осы Тараптың мемлекеттiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiби құпияларын бұзуы мүмкiн деп есептесе, ол осы Келiсiмде көзделген жәрдемдесуден толық немесе iшiнара бас тарта алады не белгілi бiр шарттар мен талаптар сақталған жағдайда жәрдем көрсетедi.
Тармақ 2
2. Жәрдем беруден бас тартқан жағдайда, себептерi көрсетiлген бас
тарту туралы шешiм жазбаша нысанда сұрау салушы кеден қызметiне кiдiрiссiз
хабарланады.
3. Кеден қызметi өзi жасай алмайтын көмек түрін сұраған жағдайда бұл
фактiнi өзiнiң сұрау салуында атап көрсетедi.
Мұндай сұрау салуды орындау сұрау салынған кеден қызметінің
қарауына берiледi.
Бап 14. 14-бап
Хабарлау
14-бап
Хабарлау
Тармақ 1
1. Тараптардың бiрiнiң кеден қызметiнiң сұрау салуы бойынша екiншi Тараптың кеден қызметi кеден заңдарын орындау үшiн осы Тараптың мемлекетi аумағында тұратын немесе құрылған мүдделi жеке немесе заңды тұлғаларға әкiмшiлiк органдары қабылдаған iс-шаралар мен шешiмдердi реттейтiн құжаттар туралы хабарлайды.
Тармақ 2
2. Хабарлау сұрау салынған Тараптың аумағында қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Сондай-ақ сұрау салынған Тараптың ұлттық
заңдарына қайшы келмейді деп есептелінетін жағдайда, хабарлау сұрау салуда
ескертілген ерекше нысанмен немесе әдіспен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Бап 15. 15-бап
Көмек туралы сұрау салулардың нысаны мен мазмұны
15-бап
Көмек туралы сұрау салулардың нысаны мен мазмұны
1. Осы Келiсiм негiзiнде жасалған сұрау салулар жазбаша нысанда
берiлуi тиiс. Сұрау салуды жүзеге асыруға қажеттi құжаттар сұрау салуға
қоса берілуі тиiс. Төтенше жағдай кезiнде ауызша сұрау салу қабылдануы
мүмкiн. Ол жазбаша нысанда кiдiрiссiз расталуы тиiс.
2. Сұрау салу мазмұнында мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
а) сұрау салуға мүдделi кеден қызметiнiң атауы;
б) сұрау салудың тақырыбы мен себебi;
в) сұрау салынған іс-әрекет;
г) рәсiмге қатысушылардың аты-жөні, мекен-жайы және олар туралы басқа
да деректер;
е) iстiң мән-жайының қысқаша сипаттамасы және оның заң тұрғысынан
саралануы.
3. Сұрау салулар сұрау салынатын Тараптың ресми тiлiнде немесе орыс
тiлiнде немесе сұрау салынатын кеден қызметі үшiн қолайлы басқа да тілде
жасалуы мүмкін.
4. Сұрау салу ресми талаптарға жауап бермейтiн жағдайда, түзетулер
мен толықтырулар талап етiлуi мүмкiн, мұның өзi сұрау салуды орындауда
сақтық шараларын орындауға кедергі бола алмайды.
Бап 16. 16-бап
Құпиялылық
16-бап
Құпиялылық
Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес алынған кез келген ақпаратқа,
құжаттарға немесе мәліметтерге сұрау салушы Тараптың мемлекетінде оның өз
аумағында алынған осы тақылеттес ақпаратына, құжаттарына немесе
мәліметтеріне қолданылатыны сияқты жария етуден қорғалудың тап сондай
дәрежесі беріледі.
Бап 17. 17-бап
Шығыстар
17-бап
Шығыстар
Кеден қызметтерi осы Келiсiмдi орындауға байланысты шығыстарды
өтеудiң кез келген талаптарын қабылдамайды.
Осы Келiсiмнiң 11-бабындағы ережелердi орындауға байланысты тiкелей
шығыстарды өтеудi өтiнiшi бойынша сарапшы шақырылған Тарап жүргiзетiн
болады.
Бап 18. 18-бап
Өзгерiстер мен толықтырулар енгізу
18-бап
Өзгерiстер мен толықтырулар енгізу
Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң
ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi және осы
Келiсiмнiң 21-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енедi.
Бап 19. 19-бап
Даулы мәселелердi шешу
19-бап
Даулы мәселелердi шешу
Осы Келiсiмдi орындауға байланысты Тараптардың арасында туындайтын
барлық даулы мәселелер консультациялар мен келіссөздер жолымен келісілетін
болады.
Бап 20. 20-бап
Келiсiмдi жүзеге асыру
20-бап
Келiсiмдi жүзеге асыру
1. Осы Келiсiмде көзделген ынтымақтастықты тiкелей кеден қызметтерi
жүзеге асыратын болады.
Тармақ 2
2. Кеден қызметтерi көмек көрсету, өздерiнiң орталық бөлімшелері арасында байланыстың тiкелей арналарын орнату және өздерiнің құзыреттерi шегiнде кеден қызметтерi жеке уағдаластықпен келiсуiне қарай өзара байланыстар орнатуды жүзеге асыруы үшiн жергілiктi бөлiмшелерiне уәкiлеттiк беру жөнiндегi iс-шараларды қарастыруы мүмкiн.
Бап 21. 21-бап
Күшiне енуi және қолданысын тоқтату
21-бап
Күшiне енуi және қолданысын тоқтату
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшін, қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар бойынша соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 30 күннен кейiн күшiне енедi.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi оның
қолданысын тоқтату ниеті туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама жiберген
күннен бастап 6 ай өткенге дейiн өзiнiң күшiнде қалады.
Астана қаласында, 2000 жылғы 11 мамырда әрқайсысы қазақ, литва және
орыс тілдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң құқықтық
күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiк туындаған
жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi ұстанатын болады.
Қазақстан Республикасының Литва Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін